Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық


Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата30.11.2023
өлшемі1.37 Mb.
#485013
1   2   3
Әділұлы Айқын СӨЖ-3

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға
ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-
кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын
жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов,
Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т. б.
атсалысты. Бұлардың еңбектерінің Абай
шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні
әркелкі болса да, ақын шығармаларын
насихаттауға қалайда үлес қосқанын
мойындаған жөн.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі,
дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса
бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған
жинақтан және 1934 жылы жарық көрген
І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі
әдебиет, ғылым қайраткерлерінің
мақалаларынан байқауға болады.


Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов болды. Әуезов өзінің «Абай жолы»
эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына толық танымал әдеби
бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері
осы ғылымның мызғымас негізі боп табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын
шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл
басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге
асырылды. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтің басшылығымен және
тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану
ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Алдағы уақытта осы ғылыми басылым үнемі
негізге алынуға тиіс. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, саналуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп,
Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет