Абатова Мерует Ауданбековна Общий средний балл класса: 3,68 Общий кач зн по предметам: 63,57



бет2/8
Дата11.11.2022
өлшемі271.48 Kb.
#464542
1   2   3   4   5   6   7   8
Документ Microsoft Word (3)

Неуспевающие

0

0%
















ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТОП САҒАТЫ

Тақырыбы: «Сіз интернетке тәуелдісіз бе?» сауалнама

Дайындаған: 16 IS-IX


тобының топ жетекшісі
А.С.Ихсанова

2018-2019 оқу жылы


Тақырыбы: «Сіз интернетке тәуелдісіз бе?» сауалнама
Мақсаты: Студенттерге интернет-тәуелділік әлемдік денсаулық сақтау орындарын толғандыратын қауіптердің бірі екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: слайд.
Топ сағатының барысы:

ҒАЛАМТОРДЫҢ «ТОРЫНА ТҮСКЕН ТҰТҚЫНДАР»

немесе «интернетке - тәуелділік» ауру ма?


Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны 3,16 миллионға жетті, бұл жалпы халық санының 19,8% құрайды. Бұл туралы ICT-Marketing тәуелсіз зерттеу компаниясы анықтаған. Әрине, қуантарлық жағдай. Интернет адамзаттың ойлап тапқан ұлы құбылыстарының бірі деп айтсақ артық болмас. Қазіргі кезде интернет пайдаланушылар саны күн сайын өсіп келеді. Уақыт талабына сай ақпараттық технологияларды пайдаланған өте дұрыс. Ғаламторды өз мақсаттарында қолдануға халыққа ешкім тыйым салмақ емес, керісінше «заманауи адам» болуды барлығымыз-ақ құптаймыз. Бірақ заманыңнан қалыспау ғаламтордың «тұтқыны» болу деген сөз емес.
Осыдан біраз уақыт бұрын Парламент депутаты Майра Айсина Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке депуттаттық сауал жолдады. Онда еліміздегі компьютерлік клубтар жұмысына қадағалау енгізу керектігі жөнінде айтылған. «Компьютерлік клубтарға баратын 12-13 жастағы оқушылардың 80 пайызында физиологиялық биоритмдердің бұзылуы байқалады, олардың 10 пайызында жүйке күйзелуі, әрбір бесіншісінде бас ауруы, ұйқының қалыпсыздығы, әрбір үшіншісінде көз көруінің нашарлауы бар» деген деректер келтірген. Елімізде 698 компьютерлік клуб бар екен, олардың 51-і тәулік бойы, қалғандары күнделікті сағат 10.00-24.00 аралығында жұмыс істейді. Бұл клубтарға күніне 7500-ден аса бала барады. Бұл психиатрлар мен наркологтардың республикалық ғылыми-практикалық орталығының және балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің зерттеу жұмыстары кезінде анықталған.Депутат М.Айсина осы мәліметтерді келтіре отырып, бұл бағытта балалар денсаулығын, моральдық-этикалық дамуын қорғау мақсатында нақты шаралар қолға алынуы тиіс екенін айтады. Оның дабыл қағуы да негізді. Интернет тәуелділікті талқыламағанда компьютер өзінен электромагнитті сәулелер мен радиация бөледі, ал ол ағзаға белгілі бір дәрежеде зиянды екен. Компьютер алдында жиі отыру жүйке жүйесіндегі ауытқушылыққа, кей жағдайда инфаркт пен инсультқа соқтыратын психопатиялық кеселдерге ұрындыруы мүмкін.
Компьютер алдында күніне төрт сағаттан артық отыруға, ал жүкті және емізулі әйелдерге тіпті де онымен жұмыс істеуге болмайды. Өркениетті елдерде бұл ережелер қатаң сақталады. Онда компьютер адамның тұрмыстық, отбасылық, қаржылық, әлеуметтік жағдайларына елеулі әсер ететіні анықталған. Яғни интернетке тәуелділік ішімдікке, құмар ойындар мен есірткіге тәуелділікпен бірдей.
Интернет-тәуелділік!!!
Интернет-тәуелділік әлемдік денсаулық сақтау орындарын толғандыратын қауіптердің біріне айналды. «American Journal of Psychiatry» журналында белгілі американдық дәрігер Джеральд Блок шамадан тыс интернетке құмарту компульсивті-импульсивтік ауытқуға әкеп соқтыратыны туралы жазады.
«Егер сізге компютеріңізден ажырау қиынға соққса, егер компютерлік ойындар сізге демалу мен тамақтануды ұмыттырса, егер сіз бір минутқа «чаттан» шыға алмамай, интернетте хат алмасуды өз бетіңізбен тоқтату мүмкін болмаса, міндетті түрде психиатр маманның көмегіне жүгінген жөн.» Бұл америкалық психолог Джеральд Блоктың жасаған тұжырымдамасы. Америкалық маман компютерге тәуелділікті психиатриялық аутқудың бір түріне жатқызады.
Ақпарат адам үшін ерекше маңызды болып табылады. Компьютер мен интернет ақпарат алу, алмасу және оны өңдеудегі ең мықты құрал. Компьютер мен интернетке құмарлықтың алғашқы себептерінің бірі де осы. Анық айтсақ, көпшілік ақпарат алмасу процессінің бұзылуынан жапа шегеді.
Интернетке тәуелділік проблемасы ғаламторға деген қызығушылықтың өсуімен пайда болды. Кейбір адамдар виртуалды кеңістікке қызыққаны соншалық, олар үшін шынайы өмірден гөрі интернеттегі өмір маңыздырақ болды. Интернетке тәуелді жандар бір күнде интернетте 18 сағат өткізеді. Интернеттен бірден бас тарту осындай адамдарда қорқу және эмоционалды тұрақсыз күйге душар етеді. Психолог мамандар бұл күйді құмар ойындарға салынумен салыстырады.
Шын мәнінде интернет пайдаланушылардың ішінде кімді интернетке тәуелді, кімді қарапайым қоладнушы деп қалай анықтауға болады. Интернет қоладнушалырдың барлығы «интернет тәуелді» деп қарауға болмайды. Электронды ашық энциклопедия «Уикипедияда» «интернет тәуелділік» ұғымына мынадай анықтама берілген: Интернет тәуелділік психикалық ауытқу, үнемі интернетке қосылғысы келіп тұру және уақытында интернеттен ерікті түрде шыға алмау.
Адам мүмкін болған мезетті қалт жібермей, интернетке қосылуға тырысады. Компьютер алдына отыра салысымен өзге дүниені, жұмысты, жеке істерін жиып қойып, виртуалды әлемге кіреді. Компьютер ойындары оны нақты өмірден алыстатып, қияли дүние ортасына тарта түседі. Бұл құмарлық асқына келе тәуелділікке ұласады. Ол біртіндеп достарынан, туыстарынан алыстап, көңілі тек интернетті қалап тұрады. Егер де мұндай адамды интернеттен мәжбүрлеу арқылы ажыратса, ол өзін өте жайсыз сезініп, мазасы кетеді, қашан интернетпен табысқанша жаны жай таппайды. Оның оқуға, жұмысқа ынтасы жоғалады, онда ешқандай да негізсіз, бос ойлар, ұйқысыздық, тіпті ұйқыдан бас тарту пайда болады. Нәтижесінде интернет құмарлық адамның психикалық және физикалық саулығына кері әсерін тигізеді.
Интернет-тәуелділікке байланысты жантүршігерлік оқиғалар Оңтүстік Кореяда тіркелген. Бұл елде ұзақ уақыт бойы интернет-кафелерде отыру салдарынан он адам көз жұмған, ал бір адамды онлайн ойын үшін өлтірген. Сувенон қаласында интернетке тәуелді ата-ана интернет ойынға құмартқаны соншалық бес айлық кішкентай сәбиін тамақтандыруды ұмытып, ақырында қараусыз қалған кішкентай нәрестесі өліп қалады. Ал интернеттен күштеп ажыратқан шешесін ашуланған жас өспірім өлтіріп, аяғында өзіне қол жұмсап тыныпты. Қазіргі күні Оңтүстік Корея мемлекетінде «интернет тәуелділік» қоғам денсаулығына аса зиянды қауіптердің бірі саналады. Осы мемлкетте шамамен 210 мың балалар интернет тәуелділік ауруына шалдыққан және медициналық көмекті қажет етеді. Психологиялық аутқудың осы түріне шалдыққан балалардың 80%-ына мидың жұмысын жақсартатын дәрілерді пайдаланып, арнайы ауруханаларда ем қабылдау керек.
Көрші Қытайда интернент қолданушы 13,7% жеткіншектерді интернетке тәуелділер қатарына жатқызуға болады. Яғни, бұл 10 миллион жеткіншек ғаламтор тұтқыны деген сөз. Бүкіл әлем бойынша интернет тәуелділіктен емдейтін арнайы мамандандырылған клиникалар ашылуда. Қытайда интернет-тәуелділіктен жеткіншектерді электро шок қолданып емдейтін клиника бар екен. Өз балаларын осындай сорақы емдеу түріне апарған ата-аналар еш қымсымбайды. Элетрошокпен ем қабылдаған балалардың жандары қиналғаны соншалық, интернет деген сөзді ауызына да алмайтындай болып шығатын көрінеді. Бірақ осындай ем қабылдаған балалар кейін басқа психикалық ауытқуға ұшырамайтына кім кепіл бола алады.
Ал Австралияда ата-аналар Facebook, Twitter іспеттес әлеуметтік желілер жас жет-кіншектерді ақымақ қылады деп дабыл қағуда. Осы елдегі кибер-қауіпсіздік жөніндегі зерттеулермен айналысатын Telstra компаниясы ата-аналардың қатысуымен сауалнама жүргізді. Нәтижесінде, сауалнамаға жауап бергендердің 65% әлеуметтік желілерді пайдаланатын балалар үй шаруасына немқұрайлы қарап, оқуы нашарлап, интелектік дамуы төмендейдін айтады. Ата-аналар осының салдарынан балаларының болашағына алаңдаулы. Ал кибер-қауіпсіздік жөніндегі маман Мартин Уайльд бұл жағдай ата-аналардың балаларға дұрыс көңіл бөлмеуінен туындап отыр дейді. Сонымен қатар психолог маман Ата-аналар жеткіншектердің интернетті қалай, не мақсатпен пайдаланатынын қадағалап, интернетке жұмсайтын уақытын өздері белгілеген абзал екендігін алға тартады.
ҰҒЫМНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ.
ИНТЕРНЕТ ТӘУЕЛДІЛІК ҰҒЫМЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
Алғаш рет интернет-тәуелділік проблемасын 1995 жылы дәрігер Иван Голдберг көтерген болатын. Голдберг бұл аутқуды шартты түрде психиатриялық стандарттарға сай етуді мақсат тұтпаса да, интернет тәуелділік жайлы мынадай тұжырымда жасаған.
«Шектен тыс интернетті пайдалану негативті стресстік күйге шалдықтырады; шамадан тыс интернетті пайдалану физикалық, психологиялық, экономикалық және әлеуметткік статусқа зиын келтіреді.»
1994 жылы психиатр Кимберли Янг өз сайтында интернет тәуелділікті анықтау мақсатында тест-сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға 500 жауап алады. Сауалға жауап бергендердің көпшілігі интернетке тәуелді болып шығады. Нәтижесінде интернет тәуелділікті құмар ойындарға салынуға ұқсас келетіні анықталды.
1997—1998 жылдары интернет тәуелділік тақырына байланысты консультативті-диагностикалық қызметтер пайда болды. Ал 1998—1999 жылдары осы проблемаға арналған алғашқы монографиялық шығармалар жарық көрді.
«ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК» АУРУ МА?
Бұл сұрақ бойынша да ғалымдар екі жақты тұжырым айтады.
Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша 1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD) жақтаушылар. Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған. Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген.
Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдың-
ғылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі, тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.
Bernad Batinic, (ғалым, Гисен университеті (Германия), Психология факултеті) өз ойын былайша жеткізді: «Интернетке тәуелділік проблемасы бар. өздерін интернет пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар. Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр». Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына сенімді: «Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден алқаш бола қоймайтыны секілді.» — деп, өз ойын нақтылады.
Медицинада «интернет тәуелділікті» ресми түрде психикалық ауытқу қатарына енгізген жоқ. Көпшілік мамандар да интернет тәуелділік проблемасын психологиялық аутқу ретінде қабылдаудан бастартады, интернет тәуелділікті мойындамайды.
«Тәуелділік» ұғымы медицинада белгілі бір зат, ішімдік немесе есірткіге құмарлық ретінде қаралады. Наркотиктік тәуелділік үйреншікті затқа үнемі құмарлық таныту, өзін тоқта алмау физиологиялық және психологиялық симптомдары болады.
Бірақ қарапайым халықтың пайымынша интернет-тәуелділік бұл ауру. Бұл ауру және үлкен проблема. Алдымен санаңды улайды, кейін тәніңе де кесірі тиіеді. Уланған сана қоғамдағы ең ауыр құбылыс.
Компьютерсіз күн көре алмайтындар интернетті жұмыста ғана емес, бос уақытында да жиі пайдаланады, олар көңіл көтеретін ойындарға тым әуес, тіпті интернет арқылы анайы тірліктермен де айналысады екен. Олар бірте-бірте өзге адамдармен араласуды қояды. Соңында интернетсіз уақыт өткізе алмайтын халге ұшырайды. Интернетке тәуелділіктен зардап шегетіндердің одан арылу кезеңі нашақорлардың «ломкадан» шығу кезіндегіге ұқсас болады.
ҚАЛАЙ ЕМДЕЛЕМІЗ?
Міне, 21 ғасыр дерті. Интернет-тәуелділік. Оны ауру екенін дәлелдедік. Ал енді қалай емделеміз? Қалай алдын аламыз? Осы сұрақтар мазалайды.
Ақиқаттың анығына келсек, әлі де бұл дерт емдеудің нақты жолы жоқ. Дегенмен, бұл мүлдем ем жоқ деген сөз емес. Ең алдымен халық , әсіресе, жастар бұл проблема жайлы жан-жақты хабардар болуы керек. «Ғаламтордың тұтқыны» болмас үшін интернет қолданушылар қорғана білуі қажет. «Торға» түспеудің амалдарына психологиялық ресурстарды дамыту, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік адаптацияны және рухани саулықты жақсарту кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет