Абдиманапова акнур бауыржанкизи


ІІІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ



бет16/20
Дата20.05.2024
өлшемі397.31 Kb.
#501583
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Эканомика жұмыспен қамтыу

ІІІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ


3.1. «Жол картасын» ҚР-да халықтыдағдарыс жағдайында жұмыспен жедел қамту бағдарламасын іске асыру барысы мен негізгі нәтижелері
Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» деген бюджеттік бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру үшін 2009 жылы республика бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қайта жаңарту және жөндеу бағыты бойынша қаржыландыру көлемі 61 241,0 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 43 340,0 млн. теңге және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 17 900,0 млн. теңге құрайды. [15, 3]
Мемлекет Басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауына сәйкес 2009 жылғы Жол картасы жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық секторының объектілерін қайта жаңарту жалғастырылуда.
Жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің едәуір өсуіне жол бермеу және дағдарыстан кейін орнықты даму үшін жағдай жасау үшін Жол картасы шеңберінде республика бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қайта жаңарту және жөндеу бағыты бойынша қаржыландыру көлемі 50,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 32,8 млн. теңге және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 17,3 млн. теңге құраған.
Жол картасы шегінде 642 жобаны (сумен жабдықтау және кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, абаттандыру) іске асыру көзделіп отыр, оның ішінде 448 жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қалада 2010 жылы да «Жол картасы» аймақтық еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы одан әрі жалғасын табатын болады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жол картасы бойыншаҮкімет қойған жоспарларды іске асыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. [16,7]

2010 жылы жол картасы іс-шараларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту стратегиясын шешуде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар үшін 493 жаңа жұмыс орнын құру арқылы 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде:


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жөндеу – 5 жоба, 74 жұмыс орны,
Білім беру саласында – 12 жоба, 234 жұмыс орны,
Денсаулық сақтау салассында - 5 жоба, 188 жұмыс орны. [16,8]
2010 жылдың 15 сәуір айына қарасты жол картасы бойынша – 127жұмыссыз жұмысқа тұрғызылды.
2010 жылы қалада жол картасы шеңберінде оператор ЭВМ, газбен дәнекерлеуші, электромонтажник, аспазшы, официант-бармен, қалаушы, облицовщик-плиточник мамандықтарына жұмыссыз азаматтарды БГТК, КЛ №2, КЛ №4 оқу орындары базасында қайта даярлау мен оқыту курстары жіберу жоспарланған.
2010 жылдың 15 сәуір айына қарасты жол картасы бойынша даярлау және қайта даярлау курстарына 157 жұмыссыз жіберілді.
«Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірбиесі бағдарламасын кеңейту» бағыты бойынша жол картасын іске асыруға республикалық бюджеттен 11280,0 мың теңге бөлінді, әлеуметтік жұмыс орындарына 33 адамды жұмысқа орналастыру және жастар тәжірбиесіне 61 түлекті алты ай мерзімге еңбек ақысы 20 000 теңге қаралған. [16, 8]
Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірбиесін ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерден өтініштер қабылданып жатыр.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен түлектерді Жастар практикасына жұмысқа орналастыру маусым айынан бастап жоспарланған.
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Бизнестің жол картасы -2020» өңірлік бағдарламасының іске асырылуы барысы туралы ақпаратты жолдаймыз.
«Бизнестің жол картасы -2020» 2014 жылға дейінгі еліміздің үдемелі индустрияландыруы бойынша мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. [17,13]
Басты мақсаты - аймақтардағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту есебінен жаңа, тұрақты жұмыс орындарын ашу.
Айқындалған критерилер негізінде әр аймақ үшін қаржыландыру лимиті бекітіледі.
Жергілікті атқарушы органдар бағдарламаның іске асырылу бағыттары бойынша жалпы лимитті өзбеттерінше (Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісіп) бөледі.
Бағдарламаның бағыттары:
- берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы кәсіпорынды сауықтыру;
- жаңа жобалар үшін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
- жаңа жобалар үшін несиені ішінара кепілдендіру;
- өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
- бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;
- мамандарды даярлау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындары (компонент 2011 жылдан бастап іске асырылады).
Бағдарламаның негізгі қағидаты - қаржыландыру туралы шешім қаржы ұйымдарымен қабылданады.[17,14]
Аймақтық үйлестіру кеңесі субсидиялау және кепілдендіруге қатысты шешім қабылдайды. Кәсіпкерге бағдарламаның барлық құралдары аясында жүйелі көмек
көрсетіледі.
Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша мақсатты бағдарланған жұмыстар жүргізілуде.
Үстіміздегі жылдың 17 наурызында Атырау облысы әкімі Б.Рысқалиев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру және талқылау бойынша облыстық мемлекеттік органдардың, екінші деңгейдегі банктердің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен және кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өткізілді. [18, 20]
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалымен бірлесіп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша барлық аудандарда семинарлар өткізді.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарына «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қаржыландыру мақсатында жобалар қабылдайтындығы туралы хабарлама жариялады. Соның нәтижесінде басқармаға ШОБ субъектілерінен қаржыландыруды сұраған арыздар келіп түсті. Сонымен қатар, облыс аудандары әкімдіктері, «Каспий» ӘКК, «ЖайықАГРО» КМК және Ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған жобалар жинақталып, жалпы тізім жасалды.
Бөлімді қорыта келе, жасалған тізімнен өнім шығарумен байланысты, инфраструктуралық, қызмет көрсету, балық шаруашылығын, туризмді дамытуға бағытталған маңызды жобалар іріктеліп, соның нәтижесінде 62 басым бағыттағы жобалар тізімі жасақталды. Барлық ұсынылған жобалар екінші деңгейдегі банктерге қаржы нысанына қаралу үшін жіберілді. Қазіргі күнге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қорының өңірдегі өкілдігімен бірлесіп несиені кепілдендіру және субсидиялау тетігін әзірлеу бойынша кездесулер өтіп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет