Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет19/20
Дата20.05.2024
өлшемі397.31 Kb.
#501583
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Эканомика жұмыспен қамтыу

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.


2. Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдық, құрылымдық жұмыссыздық болып бөлінеді. Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коэффицент немесе жұмыссыздық дәрежесі және жұмыссыздық коэффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, инновация проблемасының шиеленісуін білдіреді.
3. Еңбек статистикасы көрсеткіштерін құру дереккөздері жұмыс күшін іріктемелі зерттеу материалдары мен шаруашылықты жүргізетін субьектілердің ағымдағы статистикалық байқау деректері болып табылады. Еңбек рыногын зерттеу және еңбек бойынша есептілікті жинау экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша республиканың барлық аумағында жүргізіледі. Жеке тұлғалар (халық, жұмыспен қамтылған адамдар) мен заңды тұлғалардың (кәсіпорындар және ұйымдар) жиынтығы байқау объектілері болып табылады.
4. Талдау барысында байқағанымыз облыс бойынша жұмыссыздар саны өсіп отыр, сондықтан жұмыссыздар санын азайту үшін алдағы жылдарға арнайы бағдарлама жасап, оны іске асыру қажет деп ойлаймыз. Жамбыл облысының статистикалық мәліметтері бойынша 15 жас және одан жоғары жас аралығындағы экономикалық белсенді және белсенді емес халықтарға талдау жасаймыз.
5. Жасалған тізімнен өнім шығарумен байланысты, инфраструктуралық, қызмет көрсету, балық шаруашылығын, туризмді дамытуға бағытталған маңызды жобалар іріктеліп, соның нәтижесінде 62 басым бағыттағы жобалар тізімі жасақталды. Барлық ұсынылған жобалар екінші деңгейдегі банктерге қаржы нысанына қаралу үшін жіберілді. Қазіргі күнге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қорының өңірдегі өкілдігімен бірлесіп несиені кепілдендіру және субсидиялау тетігін әзірлеу бойынша кездесулер өтіп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
6. Еңбек ресурстарының болжамды санына көші-қон көрсеткіштері де әсер етеді. Мұнда еңбек ресурстарының саны еңбек ресурстары кеткенде азая, келгенде көбейе отырып динамикада болады. Келгендер мен кеткендер саны арасындағы айырмашылықты көші-қон сальдосы көрсетеді. Осыған сәйкес, табиғи өсу көрсеткіштері жағдайында, механикалық өсім нәтижесінде келгендер мен кеткендер саны жекелеген жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтарға емес, оның бүкіл жиынтығына, оның ішінде жастардың еңбек ресурстарына әсерін тигізеді.
Еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдарын ғылыми зерттеу нәтижелері қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
1. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздері зерттеліп, еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктері және әлеуметтік – экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды.
2. Еңбек нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесін зерттей келе, оның кемшіліктері мен жетістіктері айқындалып, Қазақстан өзінің ұлттык еңбек нарығы үлгісін жасаудың қажеттігі қарастырылды.
3. Еңбек ресурстарының ұдайы өсу процесінің мониторингісін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру негізінде жасырын жұмыспен қамтылғандар, жасырын жұмыссыздар, өзіндік жұмыспен қамтылғандар айқындалды.
4. Болжамды зерттеулер жүргізу келесідей шешім жасауға мүмкіндік береді:
- өмірдің қазіргі жағдайдағы ерекшелігі облыстағы жұмыспен қамту және олардың өмірлік деңгейін жоғарылату мақсатында кадрларды дайындау мен оларды жұмысқа орналастыру тиімділігін қамтамасыз ету үшін нарық процесінде субъектілердің экономикалық өзара қатынасына толық талдау жасауды талап етеді. Талдаудың тиімді әдістерінің бірі экономикалық-математикалық талдау. Сондай модельдік талдау кезінде алынған сапасын тексеруден кейін экономикалық динамиканы болжау үшін қолданылуы мүмкін.
- талдау барысында тұрғындарды еңбекпен қамту санын анықтайтын бағыты есептелінді және бағаланды. Жиынтық өзара байланыс еңбекпен қамтылған тұрғындар санына әсер ететін факторларды ранжирлеу деңгейі бойынша бірінші кезекте экономикадағы еңбекпен қамтылғандар санын талдауға мүмкіндік береді.
Cонымен қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет