Абдиманапова акнур бауыржанкизи


Ілеспе аударма технологиясы



бет16/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

2.1 Ілеспе аударма технологиясы

Ілеспе аударма дегеніміз – бір тілде ауызша сөйленген сөздің ілеспелі түрде басқа тілге аударылып жеткізілуі. Аудармашы сөйленген сөздің бір бөлігін қабылдап алып, аздаған уақыт аралығынан кейін аударады. Мұнда синхронды аудармаға қарағанда есте сақтау қабілетіне ереше салмақ түседі, мәтінді есте ұзақ сақтап тұру қажет болады. Кідіріс мәтінді қабылдау, есте сақтау, қайта айтуға әзірлік үдерісіне жұмсалады. Сирек жағдайда ғана жазуға мүмкіндік туады. Ілеспе аудармада мәтінді тыңдау, қабылдау, талдау, талғау, яғни, сөздің қасысын алып, қасысын қалдыру және синтез (жинақтап, біріктіру) жазбамен бір мезгілде өтеді. Бір мезетте әрі тыңдап, әрі жазуға дағдылану оңайға соқпайды. Ілеспе аударманың мәтіндері сол минутта айтылған ауызша ақпарат.


Жазбаша жасалатын ілеспе аударма – бұл жауапты маңызды халықаралық кездесулерде, ресми кездесулерде (саяси, экономикалық, қаржылық, заңдық, мәдени) т.б. шараларда лекция, жарыссөз, сұхбат барысында, баспасөз маслихатында, семинар, дөңгелек үстел т.б. синхронды аударма қажет болмайтын жағдайда қолданылады. Мұндай аударма сөздерді аса зейінділікпен, байсалды, ұқыпты түрде қабылдап, түсініп, мағынасын дәл аударуға негізделеді. Оның үстіне аударманы қабылдап, тыңдаған ресми адам оған лайықты жауабын іштей ойластырып, әзірлеп отырады. Сондықтан аудармашының тілді шебер меңгеруі өз алдына, тактиклық болжам, тосын тапқырлық танытуы қажет.
Ілеспе аударма кезінде аудармашы мына мәселелерге ерекше көңіл бөледі:

  • Ойды тұжырымдап, сөзді анық, қисынды және айқын жеткізуге ұмтылу;

  • Сөйленген сөзді, сөйлемдерді толығымен аяқтау, жарым-жартылай қалдырып кетпеу. Әйтпесе сөздің логикалық, мағыналық жалғастығы бұзылады;

  • Сөйлеу үдерісіне не іске тікелей қатыссыз кісі есімдерін, атауларды қолданбау;

  • Шетел адамдарының болмысына, табиғатына жат, тақырыпқа қатыссыз, әрі түсініксіз анекдот айтуға әуестенбеу. Бұл көбінесе айтып отырған сөзге күмән туғызады.

  • Аударма үдерісінде жұртты еріксіз еліктіретін, назарын еріксіз аудара беретін дағдылы қимыл-әркеттерге әуестенбеу (қолды керіп сөйлеу, қайта-қайта бас изеу немесе жан-жаққа жалтақтап қарай беру т.б.).

Ілеспе аудармашының міндеті мәтіннің елеулі бөлігінің мағынасын есте сақтап, тек танымдық ақпараттылығынан бөлек, шешеннің стилін, сондай-ақ эмоциялық ақпаратты, сөйлеуші сөзіне тән сезімдік сипаттарды мүмкіндігінше басқа тілде аударып жеткізу. Мұндай аудармашыға зерделі зейін, ес, сөйлеуші стиліне бірден бейімделе, бағдарлана білу қабілеті, сөйлеу өнерінің шеберлік қырларын меңгеру қажет. Ауызша аудармадағы негізгі талаптардың бірі –сөздің жоғары жылдамдықта жеткізілуі. Егер сөйлеуші тез сөйлесе, аудармашы да шешен сөзімен теңесуі тиіс. Шешен мен аудармашы сөзінің арасындағы кідіріс болмашы ғана мезетті қамтуы керек.
Ауызша ілеспе аударма біржақты, екіжақты жүйеде жасалуы мүмкін. Біржақты аудармада аудармашы тек қана ана тіліне аударса, ана тілінен шет тіліне басқа аудармашы аударады. Қазіргі заманғы халықаралық аудармашылық тәжірибеде бұл нұсқа тиімді саналады. Екіжақты аударма әңгіме жағдайына қарай қолданылады. Бір ғана аудармашы барлық сөйленген сөзді шет тілінен ана тіліне, керісінше ана тілінен шет тіліне өзі аударады. Шет тілінен ана тіліне аудару жеңілдеу, өйткені аударыылған мәтін өзара мағыналық байланыста, бірыңғай, құрылымдық жинақылықта шығады. Дегенмен мәтінді қабылдау кезінде жекелеген сөзді түсіндіруден, болмаса сөйлемнің күрделілігінен қиындық туады. Тіпті шет тілін жеткілікті білсе де қателік жіберіледі. Ал ана тілінен шет тіліне аударуға аса ұқыптылық тән. Ойды жинақтап, қайта тұжырымдап жеткізу біраз қиындық келтіреді. Алайда мәтінді қабылдауда ешқандай мәселе туындамайды. Қиындық болған жағдайда ол сөздің нашар естілуінен, шешеннің сөзінің шашыраңқылығынан туындайды. Ауызша аудармашының маңызды кәсіби қасиеті – аударылатын тілді әдеби тіл нормасын білумен бірге, аударма тілін де жақсы білуі. Өйткені ауызша сөз мәтіні әдеби тіл нормасының ауызша нұсқасының шеңберінде тұрады. Ауызша ілеспе аударма мәтіні кей жағдайда қажеттіліктен өзгеріске түспесе, көбінесе айтылған, сөйленген күйінде қалады. Кейде сұхбат, кездесуде, мәслихатта баспасөзге материал беру қажеттілігінен жазба мәтінге айналдырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет