Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет22/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

Жаңа сөздің /сөз тіркесінің пайда болуы
Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Алайда жаңа сөздің (сөз тіркесінің) пайда болуы кейде түпнұсқадағы ұлттық бояуы қалың сөздерді аударма тілге жеткізудің өнімді тәсілі емес. Дегенмен де кей реалия сөздердің баламасын жасауға тура келеді. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тік ұшақ, пенсионер – зейнеткер т.с.с. Осындай жаңа сөздер калькалар және жартылай калькалар болуы мүмкін.
Калька – бұл бір сөздің немесе сөз тіркесінің бөліктерінің морфемаларын аударма тіліндегі олардың эквиваленттерімен ауыстыру арқылы шетел реалия сөздерін беру. Бұл тәсілдің де жоғарыда айтылып кеткендей кемшілігі бар. Мысалы: Museeninsel – Мұражайлар аралы, Sandmännchen – құм адам. Көптеген жағдайларда калькаларды түсіндіру қажет. Мысалы: Sandmännchen – құм адам мағынасын ашпайды. Сондықтан «құм адам» - бұл ертегідегі кейіпкер. Ол балалардың көздеріне құм шашады да, балалар ұйықтап қалады.
Жартылай калька – бұл ауысып алынған сөздер және сөйлемшелер. Олар жартылай бастапқы тілінен, жартылай аударма тілінің элементтерін алады. Меңгеру – бастапқы тіліндегі бар материал негізінде аудару тілі үшін сөзге ана тіліндегі сөздің кейіпін беру.
Семантикалық неологизмдер деп біз жеткізіліп жатқан реалияның мазмұнын, мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін жаңа сөздердің немесе сөйлемшелердің жасалуын айтамыз. Алайда, реалия сөздерді неологизмдермен аудару тәсілі өте сирек қолданылатынын айта кетуіміз керек. Себебі, тіл иесі – халық.
Ұқсас аударма
Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау. Бұл тәсіл бойынша аударма оқырманда түпнұсқа оқырманыңда туатын ассоциацияларыға сәйкес ассоциациялар туғызады.
Контекстуалды аударма
Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы. Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің мағынасынан тыс болуы мүмкін. Сонда аудармашы негізінен контекстке бейімделеді. Бұл тәсілдің мәні – сөздікте берілген сөзді контекстке, логикалық жағынан байланысты сөзбен алмастыру.
Реалияны алмастыру
Кейбір ғалымдар (мысалы, Влахов және Флорин) бастапқы мәтінде берілген реалияны аударма тіліндегі реалиямен алмастырып, «реалияны алмастыру» тәсілін қолдануды ұсынады. Алайда, осындай алмастыру реалияны бүкіл мәтіннен оқшаулайды. Осындай жағдайда шартты аударылып жатқан немесе аудармашымен ұсынылған сөздің ұлттық нақышы жоғалады.
Басқа реалия сөздерді қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын автордың ойынша маңызды емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады.
Сипаттамалы аударма
Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Егер аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол осы реалия нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.
Реалиая сөздерді аударудың барлық тәсілдерін келесі схемамен белгілеуге болады:
1) транслитерация, транскрипция;
2) калькалау, жартылай калькалау, семантикалық неологизм;
3) ұқсас аударма;
4) контекстуалды аударма.
Сонымен, реалияны аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға кемістік келтіру немесе реалияның мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту. Көркем шығарманы аударған кезде тағы бір тәсіл қолданылады – бұл түпнұсқа тіліндегі берілген мәтіннің реалия сөздеріне қоғамдық-мәдени түсінік беру. Газет-журнал мақалаларын аударғанда да қоғамдық-мәдени түсініктемелерді қолдануға болады.
С.Г. Тер-Минасова пікірінше, реалиялары бар түпнұсқа мәтіннің аудармада барабарлы қабылдауы мүмкін. Бұл үшін аударма тілінде «қоғамдық-мәдени түсініктемелер берілуі керек. Алайда аударма амалдары осы тілде сөйлейтін адамдар үшін түсінікті болу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет