Абдрахманова Айнур Серікқызының өткізген сабақ



жүктеу 99.23 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі99.23 Kb.
«Шеберліктің алтын кілті» атты республикалық оn-line сабақтар марафонына қатысқан дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 3-ші деңгей бойынша сертификатталған химия пәнінің мұғалімі Абдрахманова Айнур Серікқызының өткізген сабақ жоспары мен сабағының талдауы


Сыныбы:

8 «А»

Сабақ тақырыбы:

Бейорганикалық қосылыстар тарауын қорытындылау

Мақсаты:

Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі мен қолданылуын еске түсіру. Алынуы мен қасиеттері жайлы білімдерін қолдана отырып, есеп шығару. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының ерекшеліктерін салыстыру арқылы айырмашылығын анықтау.

Оқыту нәтижелері:

Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуін біледі, түсінеді. Алған білімін қолдана отырып есеп шығарады, негізгі кластарының ерекшеліктерін салыстыра отырып, анализдей алады.

Негізгі идеялар

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары – бейорганикалық химияның негізгі ұғымдарының бірі.

Әдіс-тәсілдері:

Мозаика, Венн диаграммасы, Фишбоун, Синквейн, эссе жазу, Досыма хат, Болжау кестесі, Ойлаудың алты қалпағы

Сабақтың түрі:

Білімді жүйелеу сабағы

Дерек көздері:

Химия оқулығы, 8 сынып. Н.Нұрахметов, К,Сарманова, К.Жексембина 2012ж. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі, постерлер, таратпа қағаздар, карточкалар

Сабақтың барысы

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру

кезеңі


(2 мин)

  1. Амандасу.




  1. Топқа бөліну: мозаика әдісі бойынша бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арқылы (оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздер)

3 топқа бөлу

1. Оқушылар амандасады.
2.Оқушылар мозаика

әдісі бойынша бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арқылы (оксидтер, қышқылдар, тұздар , негіздер) топтарға бөлінеді




Жылы шыраймен амандасу

Қызығушы-лықты ояту

(10 мин)


3. Оқушыларға бейорганикалық қосылыстардың формулаларын таратылып беріліп, кластарға жіктеу.

3. Оқушыларға бейорганикалық қосылыстардың формулаларын таратылып беріліп, кластарға жіктеу.

Қол шапалақтау, қолпаштау



4. Сәйкестендіру тапсырмасы бойынша теориялық білімдерін жүйелейді, топ басшысы тағайындалады

4. Сәйкестендіру тапсырмасы бойынша теориялық білімдерін жүйелеу, топ басшысы тағайындау.

Сұраққа жақсы жауап берген оқушыларды құттықтап топ басшысы қылып сайлау

Мағынаны тану

(20 мин)



5. Теориялық білімдерін, жүйелеу мақсатында топтарға тапсырмалар беріледі, жұмыстарын қорғайды


5. Берілген тапсырамаларды орындай отырып теориялық білімдерін жетілдіреді.

I-топ. Оксидтер мен негіздер класының ерекшелігі (кластер)

II-топ. «Венн диаграммасы» негіздер мен қышқылдар класы

III-топ. Тұздар класы (топтық таныстырылым)

ІҮ топ «Фишбоун» бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары


Топтар бір-бірін формативті бағалайды.

«10 балдық жүйе»

«бутерброд»

«5 шапалақ» арқылы бағалау

«Смайлик арқылы бағалау»


6. «Білім баспалдағы» деңгейлік тапсырмалар (А,В,С,) бойынша есептер беріледі.


6. «Білім баспалдағы» деңгейлік тапсырамаларды орындайды, топта талдайды, тақтаға шығарып қорғайды.

  1. есеп:  Реакция теңдеулерін жүзеге асырыңыз:

S→ SO2→SO3→H2SO4→СаSO4→Са(ОН)2

2 есеп: Массасы 8,9 фосфор (V) оксиді судың артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін ортофосфор қышқылының массасын табыңдар 3 есеп: 8г мыс (ІІ) оксиді күкірт қышқылымен әрекеттескенде мыс (ІІ) сульфаты түзіледі. Массасы осындай мыс сульфатын алу үшін неше грамм мыс (ІІ) гидроксидін күкірт қышқылымен әрекеттестіру керек екенін есепте

Критерий арқылы бағаланады

«5»-А,В,С

«4» -А,В

«3» А



Сергіту сәті

(5 мин)


  1. «Сенесіңбе, сенбейсің бе?»




7.Оқушыларға сұрақ қойылады, егер сұрақ дұрыс болса «ия» деп қолын алға созып эмоциямен жауап береді, ал «жоқ» болса басын шайқап қолын оң, солға сермейді

Қол шапалақтау, қолпаштау

Ойтолғаныс

(5 мин)



8.«Синквейн» «Эссе» «Досыма хат», «Болжау кестесі»

8.Топтарға жеке жұмыс беріледі

Топтарды формативті бағалау

Бағалау

(2 мин)


9.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы

9.Топ басшының бағасын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағасы

Топ басшысының бағасы, мұғалімнің жиынтық бағасы

Үйге тапсырма

(1 мин)


10.Тарауды қайталап, бақылауға дайындалу

10.Тарауды қайталап, бақылауға дайындалу

Формативті бағалау

Рефлексия

(3 мин)


11.Кері байланыс. Эдвард Де Бононың «ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдаланып, оқушылардың ой-пікірін білу.

11.Эдвард Де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдаланып, оқушылардың сабақ бойынша пікірлерін тыңдау.

Оқушылардың формативті бағалау


Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия-биология пәндерінің мұғалімі Абдрахманова Айнұр Серікқызы
САБАҚҚА ТАЛДАУ

Сынып:8 А

Оқушы саны: 16

Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар тарауын қорытындылау.

Сабақтың негізгі мақсаты: жеті модульді толық қамтып, топпен бірлесе отырып, бейорганикалық қосылыстар жайында білімдерін жүйелеу, теориялық білімдерін қолдана отырып есеп шығарту

Сынып оқушыларының темперамент типтеріне сипаттама берер болсам: 8% – холерик, 17,6% – сангвиник, флегматик – 46%, меланхолик – 23,5% құрайды. Сыныптың көріп есте сақтаулары: 70,5% жоғары, 23,5% орташа, 4% төмен; естіп есте сақтаулары (дыбыстық есте сақтау): 64% жоғары, 35% орташа; бейнені есте сақтаулары (бейнелік): 41,1% жоғары, 29,4% орташа, 23,5% төмен; зейіндерінің шоғырлануы: 41,1% жоғары, 52,9% орташа, 4% төмен; көшбасшылар: 47% жоғары, 17,6% орташа, 35,4% төмен. Мектеп психологынан жыл басында алған бұл мәліметтерді негізге ала отырып сабақ жоспарын құрамын. Көбінде негізге алатыным: көріп, оқып, есту арқылы есте сақтауды.

Сыныптың жалпы хал-ахуалына келер болсам, жас ерекшеліктері бірдей 14 – 15 жас аралығы. Бір-біріне деген қарым қатынасы жақсы. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан, сабақ барысында белсенділіктері жоғары болды.

Ұйымдастыру кезеңінен кейін бірден топқа бөлуді бастадым. Топқа бөлуде әр түрлі түске бейнеленген бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының қиындыларын, «Мозаика» әдісімен құрап, қай топқа тиесілі екендігін анықтап, топқа бірікті. (бұл жердегі мақсатым: оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың кластарының дұрыс таба білулері және сыни тұрғыдан ойлауға ықпал ету) Топқа бөлінгеннен кейін оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында 13 түрлі бейорганикалық қосылыстардың формулаларын тартып, топқа жүйелеу тапсырылды. Әр топ оқушылары бейорганикалық қосылыстарды түрлі топқа жүйеледі (мысалы: 1 топ 10 топқа жүйелесе, қалған топтар 12 түрге жүйеледі). Бұл жердегі мақсатым: көзге көрінетін айғақтар арқылы оқушыларды сыни ойлауға жетелеу болатын. Оқушылар теориялық білімдерін ұтымды қолдана отырып берілген тапсырманы берілген уақыт көлемінде орындап шықты. Теориялық білімдерін одан әрі шыңдау мақсатында әр топ оқушыларына 1 сұрақтан қоя отырып, сәйкестендіру тапсырмаларын орындадық. Сұраққа жауап берген оқушылар топ басшысы ретінде тағайындалып, бағалау критерийі ұсынылды.

Оқушылармен бірлесе сабақтың тақырыбы анықталып, топ ішінде ақылдасып, алдарына мақсат қойды. Әрбір топ өз мақсатын айтты және өзім құрып қойған мақсатпен салыстырып, сәйкес келетінін анықтадық.

«Мағынаны тани білу» кезеңінде «Венн диаграммасы», «Кластер» «Фишбоун» стратегиялық әдіс-тәсілдері арқылы топтарға жекеленген тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бұл стратегияларды тиімді қолданып тақырыптың негізгі идеясын аша білді. Ал тақырыпты қорғау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, тақырыптың мазмұнын аша білді және мұғалім тарапынан қойылған жетелеуші сұрақтарға сенімді, әрі нақты жауап береді.

Сондай-ақ сабақ барысында «Фишбоун» әдісі қолданылды, бұл әдістің тиімділігі: оқушыға проблемалық сұрақ қоя отырып, теориялық білімдерін тиімді қолдана отырып, проблемалық сұрақтың шешу жолдарын ұсынып, оларға дәлелдемелер келтіре отырып, негізгі ой түйіндеді. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар да әртүрлі пікірлер айтып, бірі-бірінің пікірімен санаса отырып, ынтымақтастықпен жұмыс жасағандарын байқадым.

«Венн диаграммасы» «Кластер» әзірлеу барысында оқушылар өткен тақырыптарды талдай отырып, салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойланып, түйін ойды ғана жазуға дағдыланғандығы постерлерінен көрінді.

Топтар бір-бірін «5 шапалақ», «Он балдық жүйемен», «Бутерброд», «Смайлик» арқылы бағалады.

Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушылар топта жекелей жұмыс жасай отырып, білімдерін жетілдірді. Деңгейлік тапсырма бағалау критерийі бойынша бағаланды. Бағалау критерийі оқушылармен бірлесе құрылды, нәтижесінде топ басшысы топ мүшелерін бағалады.

Сабақта оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сергіту сәтін ұйымдастырдым. Сергіту сәтінде «Сенесіңбе, сенбейсіңбе» сұрақтары қойылады, егер сұрақ дұрыс болса «ия» деп қолын алға созып эмоциямен жауап береді, ал «жоқ» болса басын шайқап қолын оң, солға сермеу арқылы, қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасадық. Бұл кездегі мақсатым: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, тақырыпты меңгеру деңгейін білу, әрі сергіту.

«Ой толғаныс» сәтінде топтарға жекеленген тапсырмалар берілді. «Эссе», «Болжау кестесі», «Синквейн», «Досыма хат» әдіс-тәсілдері арқылы шығармашылық жұмыстар берілді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылар пәнаралық байланысты тиімді қолдана білді.

Кері байланысты «Эдвард де Бононың «ойлаудың алты қалпағы» стратегиялық әдіс – тәсілі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ туралы ой пікірлерін білдірді. Нәтижесінде оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бейорганикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызы жайлы, сабақтағы белсенділіктері жайлы, бүгінгі сабақтың ұнағаны туралы пікірлер айтты.

Сабақ соңында топ басшыларының бағалауын ескере отырып жиынтық баға қойылды.



Бүгінгі сабақта жеткен жетістігім: тақырып толығымен талданды, себебі оқушылар әр түрлі танымдық тапсырмалар орындай отырып, алға қойған мақсаттарына жете білді. Тақырыптың негізгі түйінін ашты, есеп шығаруда теорияны практикамен өздері ұштастыра алды (оны есеп шығару барысында толығымен байқадым).

Сабақ беру барысында жеті модульдің жетеуі толығымен қамтылды деп ойлаймын, оған нақты дәлелдер келтірер болсам:



  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Сабақ барысында оқушы да, оқытушы да жаңа тәсілдер арқылы білімдерін толықтыра түсті бір-бірін өзара оқытты.

  2. Көзге көрінетін айғақтар арқылы бейорганикалық қосылыстарды жүйелеу, сондай –ақ берілген тақырыптарды салыстырып, талдап, қорғау сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін дамытуға қолданылған жұмыстардың бірі екенін айтуға болады деп ойлаймын. Сұраққа жауаптың ең негізгі түйінін ашу барысында міндетті түрде сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететіндігі.

  3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалауда, топ басшысының бағалауы, деңгейлік тапсырмалар бойынша өздерін бағалауы, топтар бір-бірін «5 шапалақ», «Он балдық жүйемен», «Бутерброд», «Смайлик» арқылы бағалауы, ынталандыру ретінде бағалау, сабақ барысында оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде екенін біліуіме үлкен көмегін тигізді.

  4. Білім беруде АКТ-ды пайдалануға құрылған слайд, таймерді қолдануымды айтуға болады.

  5. Білім берудегі басқару және көшбасшылық сабақ барысында өте жақсы байқалды. Мұғалім көшбасшылығы ретінде сабақтың тиімді жоспарланып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелеуді, сабақтың мақсаты толығымен орындалып, нәтижеге жеткендігімді айтуға болады.

  6. Дарынды оқушының жұмысы байқалды. 2 топ оқушыларының Риза мен Нұрболаттың деңгейі жоғары есепті бірінші болып аяқтап, топ ішінде түсіндіруі, топтар мүшелеріне көмектесуі.

  7. Оқушының жас ерекшеліктеріне байланысты модулге оқушылардың деңгейлері бойынша топта атқарған жұмыстарын айтуға болады деп ойлаймын.

Жеті модульді ықпалдастырып, әр түрлі стратегиялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы сабақты ұйымдастыру, оқушылардың білімге деген құштарлықтары мен өз бетімен іздену дағыдысын арттырып, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға болатындығына көзім жетті.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет