Абдул-баха қҰдайдың КҮні бұрын белгілеп берген тас-тақтадағы шарғылары



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі317.5 Kb.
#128674
1   2   3
Ол- Құдай!

Уа, Патшалықтың қыздары мен ұлдары!
Америка Құрама Штаттарының көптеген штаттары мен үлкен қалаларында, Құдайға шүкір, Құдіреттінің хош иісі желпіп өткен болса да және көптеген сан жандар Құдай Патшалығына жүздерін бұрып жатса да, сонда да болса, кейбір штаттардың үстінде Бірліктін Байрағы әлі желбіреп тұрған жоқ, және Інжіл, Таурат пен Құран сияқты Қасиетті Кітаптардың асыл құпиялары адамдарға әлі әкелінген жоқ. Құдіреттінің Ілімі таратылып және адамдар көктін сыйына жақындап әрі Ұлы Тәлімгерлікке араласа алулары үшін, Билеуші Иеміздің бүкіл достарынын біріккен күш-жігерлерімен, осы жерлерде Бірліктін Байрағы орнатылуы тиіс болады. Сол сияқты, Канаданың, Нюфаундлненд, Эдуард Ханзада жағалауы, Жаңа Шотландия, Нью-Брансуик, Квебек, Онтарио, Монитоба, Саскачеван, Альберта, Британ Колумбиясы, Унгава, Киватина, Маккензи-Кинг, Юкона, Франклин мысы, канадалық Запольярьеде аймақтарында да, сенушілер өзің құрбан ете алатын рухқа толы болуы керек және жол көрсететін шырақтар тәрізді сол жерлердін үстінен жарқырап тұрулары тиіс. Егер олар осы тәрізді жаннын ұлылығын көрсетсе, онда, сөзсіз, оларды жоғарғынын сансыз алғыс-баталары жарқырататын болады, көктін әскерлері оларға көмекке келіп, содан олар ұлы жеңіске жетеді. Егер де Құдайдың еркі бұған болатын болса, онда, Патшалықтың шақыруы эскимостардың құлағына жетіп, Франклин жағалауын мекен етушілерге де, сондай-ақ, Канаданың солтүстігіндегі Греландияға да жететін болады. Греландияда Құдайға деген махаббаттың оты тұтанған кезде, бұл елдін мұзы еріп және қатты ауа райы жұмсарады- басқа сөзбен айтқанда, егер жүректер Құдай махаббатының отымен қамтылатын болып, бұл ел Құдіретттінің гүлдестесіне айналып және көктін жұмағы мен адамдардың жандары да жеміс беретін ағаш тәрізді өзінің бар сұлулығымен және жастығымен көрінетін болады. Ынта, көп ынталану керек- міне, осы талап етіледі. Егер сендердің еңбектеріңнің арқасында, Құдайдың хош иістері эскимостардың арасында таралса, мұнын жемістері зор болады.

Ұлы Құранда Құдай айтқан: «Бірліктін жарығы бүкіл әлемді нұрландыратын күн туады. Жер беті Билеуші Иеміздің жарығына малынған болып шығады». Басқа сөзбен айтқанда: «Жердін беті Құдайдың жарығымен нұрланатын болады. Ол жарық- бірліктін жарығы болып табылады». «Құдайдан басқа, Құдай жоқ». Эскимостардың құрлығы мен аралдары- осы жердін бөлігі. Және олар да, сол сияқты, ұлы тәлімгерліктін сыйына қатысулары тиіс. Бейбітшілік пен мадақ сендерге бола берсін!


ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ


1916 жылдың 8 сәуірінде, Бахаулланың Кесенесінін қасындағы бақта ашылып және Америка Құрама Штаттары мен Канаданың бахаиларына арналып жазылған.
Ол- Құдай!

Уа, ақ батаға ие болған жандар!

Мен сендерге өзгермейтін табыс пен гүлденуді тілеймін әрі сендердің әрқайсысың үшін Құдіреттінің әлемінде ақ батаны тілеп жалбарынамын. Сендердің әрқайссыларын, әлемнің көкжиегінен тәңертенгі жұлдыз тәрізді жарқырайтындарына және Құдайдың Бағында ақ баталы ағаш тәрізді болып, өлмейтін жемістерді әкелетіндеріне де мен сенемін.

Сондықтан да, мен сендерді, Құдіреттінің ақ батасы мен Құдайдың Патшалығыңда нұрландыратынды іздеуге не көмектесетін болса соған шақырамын.

Сөз мына жайында болмақ. Аляска- үлкен өлке. Ең рақымдының қызметші әйелдерінін бірі сол жерге аттанып та кетті; ол жерде Көпшілік кітапханасында кітапханашы болып істеген ол, өзінің мүмкіндіктерінін шамасына қарай Іске қызмет етуге тырысуда; бірақ, сонда да болса, Құдай Патшалығына шақыру осы ұланғайыр аймақтардың барлығына әлі де болса таралған жоқ.

Қасиетті Иса Мәсіх айтады: әлемнің шығыс және батыс жақтарына барындар да, адамдарды Құдайдың Патшалығына шақырындар. Бұл Құдайдың рақымы бүкіл адамзатты көмкеріп тастауы тиіс дегенді білдіреді. Сондықтан да, осы өлкені Тәлімгерліктің Арайының жарығынан айырамыз деген ой сендерде болмасын.Ол жаққа, кімнін тілі шешен, кімнін жүрегінде Құдай ғана өмір сүріп, кімді Құдайдың жұпар иісі ғана тартар болса, кім жер бетіндегі әуес болған қылықтар мен еліктегендерінін бәрінен безініп және таза болса, сондай адамдарды аттандыруға тырысындар. Құдайдың Ілімі олардың басты азығы болсын. Сенімі бойынша өмір сүрген олар басқаларды да сенімге үйрете алады, сонда, Құдайдың еркімен осы өлке ұлы Тәлімгерліктің жарығымен нұрланып, содан Құдіреттінің махаббатының гүлдестесінен ескен леп Алясканың мекен етушілерін желпіп өтеді. Сендердің еңбектерін ақ батаға ие болып және сендер сенімділікте бола бересіндер, сендердің бастарынды мәңгі үстемдіктін тәжі әшекейлеп және бірліктін Табалдырығында сендер тіленген құлдар ретінде қабылданатын боласындар.

Мексика республикаларына да көңіл бөлу өте маңызды. Бұл елдін көптеген тұрғындары берілген, адал католиктер. Олар Таураттың, Інжілдің және басқа да Құдай Ілімдерінің шынайы мәңіне қатысты толық білместікте бола беруде. Құдай ашқан діндердің негізі бар екенін олар білмейді және Құдайдың Елшілерінің бәрі Ақиқат Күні тәрізді, аспан көкжиегінін әртүрлі бөліктерінен шыққан. Олардың жаны қасан сенулермен соқырланған. Егер оларды бір рет болса да өмір лебі желпіп өтсе, бұл зор жемістерді әперетін болады. Дегенмен, Ілімді Мексикада кім таратуға ниеттенсе, соларға испан тілін білу қажет.

Бұл Орталық Американың алты республикасына да қатысты, Мексикада оңтүстікке орналасқан- Гватемалаға, Гондурасқа, Сальвадорға, Никарагуаға, Коста-Рикаға, Панамаға, сондай-ақ, жетінші ел- Белизаға немесе Британ Гондурасына да қатысты. Осы жерлерге бағыт алатын тәлімгерлер, міндетті түрде испан тілін білулері тиіс.

Сендерге, сондай-ақ, Американың жергілікті тұрғындары индейстерге де көңіл аудару қажет. Оларды Мұхаммедтің Аянына дейін жабайылар тәрізді өмір сүрген Аравия жартылай жағалауын мекен етушілермен салыстыруға болады. Олардың арасында Исламның жарығы жарқырағанда, олар, одан тұтанып, бүкіл әлемді нұрландырды. Индейстер де, сол сияқты,- шынайы басшылыққа және тәлімгерлікке ие болып, Құдіреттінің ақиқатына жақындап, олардың жарқырайтыны сонша, бүкіл жер бетін нұрға бөлейді.

Осы елдердің барлығындағы жұмыс маңызды, бірақ, әсіресе- Атлантика және Тынық мұхиттарын қосатың, Панама каналы бар Панама республикасында. Бұл жерде Американы жер шарының басқа да бөліктерімен байланыстыратың жерлер тоғысады және уақыт өте осы ел құрлықта алдыңғы орынды алатың болады.

Сондай-ақ, Вест-Индия жағалаулары да зор маңыздылыққа ие: Куба, Гаити, Пуарто-рико, Ямайка, Кіші Антиль жағалаулары, Багам жағалаулары мен Уотлинг кіші жағалауы; екі негритян республикасына назар аударған жөн- Гаити мен Санто-Доминго, Үлкен Антиль жағалауларында орналасқан. Сондай-ақ, Атлантикадағы Бермуд жағалауын да ұмытпаған жөн.

Бұл толығымен оңтүстік америкадағы құрлықтың республикаларына да қатысты- Колумбияға, Эквадорға, Перуге, Бразилияға, Гвианаға, Голландия Гвианасына, Франция Гвианасына, Боливияға, Чилиге, Аргентинаға, Уругвайаға, Парагваяға, Венесуэлоға, сондай-ақ, Оңтүстік Америкадан шығысқа және батысқа, солтүстікке қарай жатқан жағалауларға да, Фолклендск, Галапагостар сияқты, Хуан-Фернандас, Тринидад және Тобаго жағалаулары. Сондай-ақ, Бахия қаласын да айта кету керек, Бразилияның шығыс жағалауында орналасқан. Бұл атты ол жуық арада алған және де болашақта, осы қаланын маңыздылығы өте зор болмақ.

Уа, Құдайға сенушілер! Сендердің күш-жігерлерін алғыс-батаға ие болып және сендердің ниеттерін қасиетті болсын.

Қасиетті Иса Мәсіх айтқан: «Кедейлер рақатқа бөленген, өйткені, Көктін Патшалығы солардыкі». Басқа сөзбен айтқанда, атаусыз және белгісіз, аты шықпаған кедейлер батаға кенелген, өйткені, олар өз мәнінде адамдардың жетекшілері. Құранда да осы тұрғыда айтылған: «Жер бетінде кім әлсіздердін санына жататын болса, соларға біз өзіміздің сыйымызды беруді қалаймыз және оларды халқымыз бен мұрагеріміз етеміз (рухани ақиқаттықтың)». Бұл болса, кім әлсіз болса, солардың жанын ерекше рақымға бөлеп және олар Елшілер мен Пайғамбарлардың мұрагерлері болу үшін оларды жаңғыртқымыз келеді.

Бүгінде, сендерге, осы өткінші әлемге үйір болып қалудың киімдерін шешіп тастап, материалдықтың бәрінен түгелдей безініп және көктін періштелері тәрізді сол алыс жерлерге аттанатың уақыт жетті. Олармен, Жалғыз Құдаймен ант етемін, сендердің әрқайссың, Тірі Жәбірейіл болып, содан басқа кісілердің жанына Өмір Рухымен дем беретін боласындар. Бейбітшілік пен мадақ сендерге бола берсін!


Уа, Сен, теңдессіз Құдай! Уа, Сен, Патшалықтың Билеуші Иесі!

Осы жандар Сенің көктегі әскерін. Оларға көмектес және Жоғарғы Топтың әскерлерімен оларға жеңіс әпер, олардың әрқайссы полк тәрізді болып және осы елдерді Құдайдың махаббатымен әрі Құдайдың Ілімінің нұрға бөлеуімен жаулап алсын.

Тәңірім! Олардың қолдауы мен жәрдемшісі бол, шөл дала мен тауларда, аңғарлар мен алқаптарда, көк шалғын мен теңіздерде олардың нұсқаушысы бол, олар Патшалықтың күшімен және Қасиетті Рухтың лебімен ұран салсын. Сен, ақиқатында, Бәрін билеушісің, Айбындысың және Бәрінен күштісің, Даңасың, Құлақ асушысың және Көрушісін.
ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ


1916 жылдың 11 сәуірінде Бахджи үйіндегі Абдул-Баханың бөлмесінде ашылған және Құрама штаттары мен Канаданың бахаиларына арналып жазылған.
Ол- Құдай!

Уа, Американың шынайы бахаилары!

Құдіреттінің Ісің таратуда берік болып шыққан, осы ұланғайыр құрлықта Құдай Патшалығының шақыруын жария етіп және Күштердің Билеуші Иесінін және Ең жоғарғы Уәде етілгеңнің келуі туралы осы өлкеде Ізгі хабарды таратушы болғандарын үшін Ең жоғарғы Сүйікті мадақтала берсін.

Құдайға шүкір, Күштердің Билеуші Иесінін алғыс-батасы мен Қасиетті Рухтың ескен лебі сендермен бірге болып, сендерге өздеріңнің еңбектерінде көмек пен қолдау жіберілген болатын. Сендердің жетістіктерін толығымен әлі көрсетілген жоқ және оның мағынасы да бағаланбаған. Жақын арада, сендер, әрқайссыңның, Құдіреттінің Тәлімгерлігінің жарығымен нұрлы жұлдыз тәрізді, өздеріңнің елдеріңнің көкжиегінін үстінен жарқырағандарынды өз көздерінмен көретін боласындар және де сендердің еңбектеріңнің арқасында, өз халықтарын да мәңгі өмірдін даңқына араласатын болады.

Мынадай тақырыпқа ойланып-толғанындар! Иса Мәсіхтің заманында, апостолдардың міндеті мойындалмаған болатын, ешкім де олардың бойынан, олардың дәрежелерінің ұлылығың көре алмаған,- керісінше, оларды қудалаған, мазақ етіп, күлкіге айналдырған. Кейіннен әлем: апостолдардың бастарының, Мария Магдалина мен Иоаңның шешесі Марияның, тәлімгерліктің асыл тастарынын тәжімен әшекейленгенін мойындаған.

Сендердің болашақтағы жеңістеріннін ұлылығы әлі толығымен ашылған жоқ. Жақын арада, әлем, сендердің жетістіктерін жайында біліп, оларға лайықты боларлықтай бағасын береді деген үміттемін мен. Абдул-Баха, Американың үлесіне түскен жетістік, басқа бөліктерде де сендердің еңбектерінді табысқа бөлеп, сендердің күш-жігерлеріңнің арқасында Құдай Ісінің даңқы жер-жердін барлығына таралып және Күштердің Билеуші Иесінін Патшалығының келуі туралы жер шарынын барлық бес құрлықтарында хабарланатын болады деп арман етуде.

Американдық сенушілер Құдіреттінің Жолдауын Американың жағалауынан бүкіл әлемге алып жүрген кезде және оны Еуропада, Азияда, Африкада, Австралияда және одан әрі- Тынық мұхит аралдарына дейін тарата бастаған кезде,- сонда осы бірлестік мәңгі үстемдіктің тағында берік патшалық құратын болады. Сонда әлемнің халықтарының барлығы осы қоғамның рухының жарығымен нұрланып және Құдіреттінің күшімен бағытталып отырғанын көреді.

Сонда, оның ұлылығы мен даңқың мойындап әлем оған мадақ айта бастайтын болады. Ақ батаға ие болған, жандары таза әрі Құдайға деген махаббатқа толы болған берілген, адал сенушілердің бір тобын жіберген жөн болады, сондай-ақ, жергілікті тілдерді білетіндерді Тынық мұхиттың біріне-бірі жалғасып жатқан аралдрының жағалауларына саяхатқа жіберген жөн: Полинезияға, Микронезия мен Меланезияға, сондай-ақ, жақын арада жатқан жағалаулар: Жаңа Гвинея, Борнео, Ява, Суматра, Филлипиндік, Соломонов, Фиджи, Жаңа Гебридтік, Луайоте, Жаңа Каледония, Бисмарктың жалғас жатқан аралдарына, Серам, Целебес, Достастық жағалауларына, Самоа, Қоғамдар, Каролиндік, Лау жақын аралына, Маркиздік, Гавайлік, Гилберттік, Молдтік, Маршаллдық, Тимор және басқа да жағалауларға. Құдай Патшалығына жүзімізді бұрып, Құдайға деген махаббатқа толы болып, Құдайдың атын ауыздарына алып, олар адамдарға Күштердің Билеуші Иесінін келгені жайында Ізгі Хабарды алып баратын болды.Сірә, білетін болындар, сендер енетін жиналыстын қайсысын болмасың, Қасиетті Рух пен және Ақ баталы Сұлулықтан шығатын көктін игілігі көмкеретін болады.

Осы Патшалықтың қызы Агнесса Александр ханымның, Ақ баталы Мүлтіксіздіктің сүйікті қызметшісінің қалай, жападан жалғыз Гаваяда және Гонолулу жағалауында еңбек еткенін, ал қазір болса, оның, Японияда рухани жеңіске жеткені туралы ойланып- толғанындар! Оның сенімі мен берілгендігінін Гавая жағалауларында соншалық жарқын көрінгенін қарандар. Ол жиылған бір топ адамдардың барлығына Сенімді қабылдата алғызды.

Сол сияқты, Кноблох ханым да, жалғыз өзі Германияға аттанды. Оның иланғандығы мен берілгендігінің күші қаншалықты зор болды десенші! Сонымен, білгендерін жөн болады, егер де кім де кім осы күндері Құдіреттінің жұпар иісін тарататын іске көтерілетін болса, онда, оған Құдай Патшалығының әскерлері көмекке келетін болады және де оған Ақ баталы Мүлтіксіздіктің игіліктері мен сыйлары жауатын болады.

Уа, егер де мен, «Йа, Баха-ул-Абха»,- деп ұран тастап, қалалар мен ауылдарда, тауларда, аңғарларда және теңіздерден асып, сол жерлерде Құдіреттінің Ілімің тарату үшін жаяу әрі жұпыны қалпыммен сол өлкелерге аттана алғанымда ғой! Бірақ, өкінішті-ақ, бұған мен жете алмаймын. Осы жайлы мен қатты өкінудемін! Сендер болсандар, егер бұған Құдайдың еркі болса, осы жұмысты жүзеге асыра аласындар.

Қазіргі кезде, Александер ханымның жұмыстарының арқасында, басқа жандар Сенімнің мұхитының жағалауына жетіп қойды! Мұның қандай зор бақыт, қандай үлкен қуаныш екенін ойландар! Күштердің Билеуші Иесінін атымен ант етемін,- тіпті, осы құрметті қыз бүкіл империяның негізін салса, сонда да бұл соншалықты ұлы мағынаға ие болмас еді! Өйткені, мына үстемдік- мәңгі үстемдік және осы даңқ болса, өшпейтін даңқ болып табылады.

Және де егер, басқа тәлімгерлер, басқа жағалаулар мен басқа өлкелерге де аттанатың болса- Австрия құрлығына, Жаңа Зелландияға, Тасманияға, сондай-ақ, Японияға, Ресейдін Азият бөлігіне, Кореяға, француз Индокитайына, Сиамға, Стрейтс Сеттлементске, Индияға, Цейлон мен Ауғанстанға аттанса, онда осы бастаманың жемістері де зор болады. Тәлімгерлер тобын, ерлер мен әйелдерді, онда махаббаттың жібін нығайтулары үшін, осы сапарларымен адамдар әлемінің бірлігін орнату үшін, адамдарды Құдай Патшалығына шақыру үшін, сол алыс жерлерде Құдіреттінің Ілімің таратулары үшін- Қытай мен Японияға саяхаттауға аттандырған дұрыс болар еді.

Сондай-ақ, мүмкіндік болса, африка құрлығына да, Канар жағалауларына, Мадейраға, Реюньонға, Қасиетті Елена жағалауына, Зензибарға, Маврикийге және т.б. адамдарды Құдай Патшалығыңа шақырып және «Йа, Баха-уль-Абха!»,- деген ұранмен жар салу үшін, сол өлкелерде де саяхат жасаған жөн болады. Адамдар әлемінің бірлігінін туын Мадагаскар аралдарында да асқақтатып көтерген жөн.

Осы елдер мен жағалаулардын тілдеріне кітаптар мен кітапшаларды аудару немесе оларды тұрғындардын барлығынын арасында таратып, жергілікті тілдерде жаңаларын жазу қажет.

Оңтүстік Африкада алмас құбыры табылғанын хабарлайды. Бұл үлкен құндылық болғанмен, сонда да болса, алмас- бар болғаны минерал ғана. Құдайдың еркімен, адамдардың өнегелі қасиеттерінін құбыры ашылсыншы, Патшалықтың жарқ-жұрқ еткен інжу-маржандары көрінетін болсыншы!

Қазіргі кездегі соғыс, бүкіл әлемді орап алған, адамдардың жүректерін зұлымдықпен шарпып өткені сонша, оны сөзбен айтып-жеткізу мүмкін емес.Ғаламдық Бейбітшілік идеясы Жер бетінін барлық елдерінде адамдардың ақыл-естерін орап алуда.

Татуласу мен келісім туралы армандамайтың бір де бір жан жоқ. Қазір де адамдардың жүректері бұрынғыдай емес, тез қабылдағыш. Бұл Құдайдың мүлтіксіз даңалығымен болып жатыр; Ғаламдық Бейбітшілік идеясы мен Құдіреттінің негіздері бүкіл планетада орнатыла алсын деп- Ол, адамдар әлемінің бірлігінін туын жылжыту үшін жол ашып жатыр.

Сондықтан да, уа, Құдайға сенушілер! Өздеріңнің еңбектерінді тастамандар және соғыс біткен кезде, Құдіреттінің Ілімінің негізін Британ жағалауларында, Францияда, Германияда, Австро-Венгрияда, Ресейде, Италияда, Испанияда, Бельгияда, Швецарияда, Норвегияда, Швецияда, данияда, Голландияда, Партугалияда, Румынияда, Сербияда, Черногорияда, Болгарияда, Грецияда, Андоррода, Лихтенштейінде, Люксембургте, Монакода, Сан-Маринода, Балеар жағалауларында, Корсикада, Сардиниде, Сицилияда, Критте, Мальтада, Исландияда, Фарер жағалауында, Шотландия жағалауында, Гебрид пен Оркнейск жағалауларына таратындар.

Барлық елдерде, сендер таңғы жұлдыз тәрізді, тәлімгерліктің көкжиегінде жарқырандар. Осы күнге дейін сендер өздеріңнің еңбек етулерінде шаршап-талмаған едіндер. Сендердің талпыныстарын мын есе рет өсе түссін. Сендер қай жерде болсандар да- қалаларда немесе аралдарда, сендер қай жерлерде сөз сөйлесендер де- жиылыстарда немесе табынатын үйлерде,- адамдарды Абха Патшалығыңа кіруге шақырындар. Сендердің қызмет көрсетулеріңнің ауқымдары кеңее берсін.Оның ауқымы кең болған сайын Құдайдың қолдайтын белгілері де анық бола бастайды.

Абдул-Баха тәңі тым әлсіреп және жарай алмай жатқан күйде болған кезінде де, Ол ауырып және әрен-әрен қозғалған кездіне де, Ол, Өзінің ауырғанына қарамастан, Еуропа мен Американың көптеген елдеріне барды, табыну үйлерінде, қоғамдық жерлерде және жиылыстарда да Құдіреттінің ақиқатың уағыздап және кісілерді жер бетінде Абха Патшалығың құруға шақырды. Сендер, сондай-ақ, Ақ баталы Мүлтіксіздің біздің барлығымызды көмегімен қалай көмкеріп тастағанын көрдіндер. Адамға материалдық жайлы күй, тыныш өмір, үлде мен бүлдеге орану мен осы өткінші әлемге жабысып, байланып қалу не бермек?! Күмән жоқ, - осы нәрселерге байланып, жабысып қалған адам көптеген бақытсыздықтар мен айырылып қалуды басынан кешеді.

Сондықтан да, адамдар әлемінің асқақтауын және Құдіретті кәміл жетілгендіктер жайында армандап, Қасиетті Рухқа жақындауға тырысып, Құдайдың Сөзін таратып, Жердін бетін мекен етушілерді сенімге үйретіп және Ғаламдық Бейбітшілікті орнатып, адамдар әлемінің бірлігін жария ету үшін сендерге бұ дүниелік ниеттерден безініп және мәңгі өмірді аңсаған жөн болады! Міне, өзіңнің еңбегінді неге арнаған дұрыс болмақ! Олай болмаған жағдайда, адам жануар мен құс тәрізді болып және осы өткінші өмірдін мұқтаждықтарымен ғана айналыспақ, оны қанағаттандыру ең жоғарғы мақсатты құрайтың жануарлар әлемінде- жердің бетіндегі төрт аяқты жәңдік сияқты жыбырлап жүретін болады.

Қарандаршы! Осы топырақ әлемінде адам қаншама байлық пен игіліктерге ие болса да, ол гүлденуінде тіпті, сиырмен де салыстырыла алмайды! Осы семіз жануарлар кең көлемді мол алқаптарда еркін жайылады. Жайқалған сайын далалар мен көк шалғындар олардың азықтануы үшін жаратылғандай, және де шалғын сулар мен өзендердің барлығы- олардың шөлін қандыру үшін жасалғандай! Олар қаншалықты жесе де, егістіктер ортайып қалмайды! Осы материалдық игіліктердің барлығы оларға тегін, ешқандай да еңбексіз келгені мүлде айғақ.

Одан жақынырақ идеал, құстын өмірінің алайық. Құс өзінің ұясың таудың биік басына құрады немесе биік, жайлап тербелген бұтақтарда және де осы ұя өзінің сұлулығымен патшалардың сарайынан асып түседі! Айнала таза ауа, қасында салқын, шық таза су, манайдағы сан алуан түрлер көзді қарықтырып және қуантумен болады. Осылайша, теңдессіз сұлулықтың қоршауында, құс өзінің аз ғұмырын өмір сүреді. Ал жиектегі жемістердін барлығы соныкі және бұл оның еңбегіне сәл де болса тұрмайды. Сондықтан да, осы әлемде адам қандай жетістікке жетсе де, ол құспен салыса да алмайды! Адам бұл әлемде қаншама еңбек етсе де, өзінің өлетін сағатына дейін қаншама күш-жігерін салса да, ол, кішкене ғана құсқа берілген сыйға - молшылыққа, еркіндік пен қамсыз болуға жете алмайды. Бұл- адамның осы тұрақсыз әлем үшін жаралмағанын,- жо-жоқ, оның ол шексіз кәміл жетілуге ие болып және адамдар әлемінің биік шынына қарай ұмтылу үшін, Құдіреттінің табалдырығына жақындап және өткізбейтін үстемдіктін тағында отыру үшін жаралғанын растап және дәлелдейді.

Баха Эль-Абха сендермен бірге болсың!


Бөтен елдерге аттанған жандардың қайсысы болмасың, адамдарды Сенімге оқытып, үйрету үшін, күнімен және түнімен мынадай дұғаны оқуы тиіс:
Уа, Тәңірім! Уа, Аллам! Менің Сенің Абха Патшалығына деген махаббатыммен және қолымды созуыммен қалай сарылып, зарыққанымды көріп тұрсын, адамзатқа деген Сенің махаббатынмен жалын атып, осы құлашы кең әрі ауқымды жерлеріндегі Сенің Патшалығыңның хабаршысы, Сенен басқасының бәрінен безінуші, Саған сенім артушы, демалуды және жәйлі күйді ұмытушы, туған үйінен алыстап, басқа жақтан келіп осы жерлерде жүрген жолаушы,бас ұра жығылып, Сенің асқақ босағаңның алдында басын июші, Сенің ең жоғарғы үстемдік етуіңнің алдында мойынсұнушы, күннің батысында және түн ортасында Саған жалбарынушы, тәңертенгілік шақта және кеш түскенде, Сенен жалбарынып әрі өтініп сұрайды: Сенің Ілімдерінді таратуда және жерде күн шығып және ұясына батқан кезде де, Сенің Сөзінді мадақтауда, Сенің Ісіне қызмет етуімде мен көмекке ие болайын.

Билеуші Ием! Менің арқамды нығайтып және мені бекіте гөр, мен Саған бар күшіммен қызмет етейін және мені тастама әрі осы жерлерде мені өз-өзіме қалдыра көрме.
Билеуші Ием! Жалғыз болған кезімде, менімен бірге бол, осы бөтен жерлерде, менің ел кезіп жүруімде маған серік бол.

Ақиқатында, Сен кімді қаласан, Сен нені тілесен, соңы бекіте аласың және Сен, ақиқатында, Бәрін істей алушысың, Бәрінен күштісің.

ҚҰРАМА ШТАТТАР МЕН КАНАДАНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1976 жылдың 19 сәуірінде Бахджи үйіндегі Абдул-Баханың бөлмесінде ашылған, 20 сәуірде- Бахджи үйінің қажылыққа келгендерге арналған жерінде, 22 сәуірде- Бахаулланың Кесенесінін қасындағы бақта және Құрама Штаттары мен Канаданың бахаиларына арналған.
Ол- Құдай!

Уа, Бахаулланың апостолдары!

Сендер үшін менің өмірім құрбандық болып қабылдансың!
Уәде етілген Ақ баталының Тұлғасы, Қасиетті Жазбада Күштердің Билеуші Иесі- көктегі әскердің Билеуші Иесі деп аталған. Көктін әскерлерінің астарында, адамдар әлемінен толығымен безініп, көктін рухтары болып түрленіп және Құдайдың періштелері болған жандарды білдіреді.

Мұндай жандар, бүкіл жер бетін Оның жарығымен нұрландырып жатқан Мәңнің Күнінің сәулелері. Әскерлердің әрқайсысының қолында- керней бар және ол әлемнің жер-жерлерінін бәрін өмір лебімен есіп оны тартуда. Бұл әскерлер адамдардың кемшіліктерінен және осы әлемнің шектеулерінен бос, олар Құдіреттінің қасиетіне бөленген және Бәріне рақымдының жұпар иісіне масаттанғандар.

Оған толығымен бүтіндей берліген, Иса Мәсіхтың апостолдары тәрізді, бұл жандар да Оның Қасиеттілігі Бахауллаға адал берілгендер; Олардың бар болмысы Бахауллаға деген махаббатқа оранған және де адамдар әлемінің дәлелдерінін барлығынын оларды шайқалтуға күштері жетпейді.

Осы жандар Құдайдың жеңіскер әскерлері. Әскерлердің біреуіне қандай да бір жерде дауысын шығарып және адамдарды Құдайдың Патшалығыңа шақыруы-ақ мұн екен- көктегі күштердің барлығы, сол мезетте-ақ,оған қарай көмекке ұмтылып және оны Билеуші Иеміздің сансыз алғыс-батасы көмкеріп тастайтын болады. Ол өзінің алдынан барлық есіктердін ашылғанын көреді, барлық құдіретті негіздердің және алынбайтын қамалдардың құлағанын көреді. Ешқандай да бір қолдаусыз, жалғыз өзі, ол жер бетіндегі бүкіл әскерге қарсы шығады, қай державаның әскерлерін болмасың тас-талқаның шығарып, бүкіл тайпалар, ұлыстар мен халықтардың легионың бытыратып жіберіп, Жер бетіндегі күштердің дәл жүрегіне соққы береді.

Құдайдың әскері деген міне, осы.

Осы асқақ жоғары күйге жеткен, Бахауллаға сенгендердің санатына жататын жандардын қайсысы болса да, Оның Апостолы болып аталады. Осы ең жоғарғы құрметке ие болу үшін, бар жандарынмен және жүректерінмен еңбектеніндер, сонда, мәңгі даңқтын тағында бекітілетін боласындар және де Патшалықтың жарқыраған тәжі сендердін бастарына орнығып, оның жарқыраған асыл тастары болашақ ғасырлар мен дәуірлерде жарығын шашып тұратын болады.

Уа, сүйкімді достар! Сендердің ақ батаға кенелген жүректерін күннен күнге Оның Қасиеттісі Бахаулланың Мәңінің Күнінің Сәулелерінен одан әрі жарыққа толы болуы үшін өздеріңнің жандарыңның ұлылығымен аспаңның ең биігіне қарай самғап, асқақтап көтеріліндер; қай сәтте де болмасын, жан жаңа өмірге ие бола алады, сонда оны қоршаған табиғат әлемінің қара түнегі сейіліп, содан адам бейнеленген жарық пен рухтың нағыз өзіне айналады, сонда ол Құдіреттінің әлемінің құпияларына жақындап, осы әлемнің төменгі нәрселеріне қамқор болуынан безінеді.

Бахаулланың сендердің алдарынан айқара ашқан қақпаларын көріндер! Сендерге анықталып берілген тағдырдын қаншалықты биік екені жайында, өздерің лайық болған рақымның қаншалықты ерекше екенін де ойланып-толғанындар. Осы ыдысқа аузымызды тигізген біз, бұ дүниелік үстемдікті баланын ойынынан да жиіркенішті деп санаймыз. Және де, тіпті, егер де, бізге, әлем билеушілерінін тәжін ұсынса да, ақиқатында, біздің бір де біреуіміз оны қабылдай алатын күйге дейін түспейміз және қайсысы болса да осы сыйдан бас тартады.

Осы ең жоғары күйге жету үшін кейбір шарттар қажет.
Біріншісі- ол Құдайдың Өсиетінде берік болу. Өйткені, Өсиеттің күші, Бахаулланың Ісің, адасқан адамдардың күмән келтіруінен сақтайтын болады. Бұл Істің айбынды тірегі және Құдайдың дінінің мызғымайтың бағанасы болып табылады. Сенімнің бірлігін Құдайдың Өсиеті арқылы ғана сақтап қалуға болады; Өсиет болмаған жағдайда, құтырынған құйын тәрізді, алауыздық бүгін де Бахаи әлемін сілкілеп жатқан болар еді. Сірә, адамдар әлемінің бірлігінін түйіні- Өсиеттің күші ғана болуы мүмкін, бұдан басқа ештене де болмақ емес. Егер де Өсиет берілмегенде, егер де Жоғарғы Қалам оны әкелмегенде, және де, егер Өсиеттің Кітабы, Мәңнің Күнінің сәулелері сияқты әлемді нұрға бөлемегенде- онда Құдай Ісінің күштері бытырап, араздасып және сонда өз пайдасын көздеп және ындын-құмарлықтары итермелеген нақтылы бір істің адамдары, балтаны ұстай алып және Ақ баталы Ағаштың тамырын шауып тастаған болар еді. Өсиет болмаған жағдайда, кім болмасын, менікі дұрыс деп тұрып алған болар еді, кім болса да, өзінің пікірін күнәсіз деп есептеген болар еді! Сонда да болса, осы ұлы Өсиетке қарамастан, Құдай Ісінің негіздерін шайқалта аламыз деген үмітпен, соғысу аланына қарай жүгіре жөнелетін осындай жандар ақылсыздардың арасынан табылды: Құдайға шүкір, олар сәтсіздік пен опық жеуге ұшырап, содан, олардың жазасы ең ашшы қайғырып-ашыну болмақ. Сондықтан да, әркім әуел бастан-ақ,, Өсиеттен мықтап, қатан түрде ұстануы тиіс, сонда оны Билеуші Иеміздің алғыс-батасы көмкеріп тастайтын болады, биік шындағы топтардын әскері сонда оған көмек болады, ал Абдул-Баханың кеңестері мен айтқан уағыдары, таста қашалып жазылған жазбалар тәрізді, оның жүрегінде мәңгі бақи сақталынып қалады.

Екінші шарт- сенушілердің арасындағы өзара жағымдылық пен сүйіспендік. Билеуші Иеміздің достарының нәзіктікпен үйренісуі мен достық байланыстырып, олар бір-бірі үшін өмірлерін қиюға дайын болулары керек. Шөлдеуші аузы құрғап, қалай жаңа судың бастауына жетіп жата кеткені сияқты, сүйген адам өзінің сүйіктісін қалай қарсы алады,- сол сияқты, бір сенуші екінші сенушіні де осылай қарсы алсын. Өйткені, Құдіретті ұлы ақиқаттардың бірі айтады: Құдайдың Елшісінің келуімен, жандар бірін-бірі танып және өзара тартып тұратындықтарын сезінеді; олар Құдайға деген махаббаттың күшімен қосылып және бір теңіздің толқыны, бір бақтың гүлдері, бір аспаңның жұлдыздары сияқты болады. Құдайдың Елшілерінің келуінін күші мен даңалығы, міне, осында жатыр!

Осы ең ұлы сый сенушілердің жүректерінде көрінген кезде, жер бетіндегі өткінші әлемнің келбеті қайта түрленетін болады, өйткені, жердегі мәңнің қара түнегі сейіліп және Құдіреттінің ағартушы жарығы жарқырайды.Сонда, әлем Абханың Жұмақ Бағына айналып, ал Құдайға сенетіндердің әрқайсысы- тамаша жемістерді беретін ақ батаға ие болған ағаш тәрізді болмақ.

Уа, достар! Әлемді жаңғырту тағыдырына жазылған, Бахаи Ісінің алапат күші бауырластықта, сүйіспеншілікте, бірлікте көрінсін. Менің ойларым сендерге қарай ұмтылуда және де сендердің есімдерінді ауызға алғанда менің жүрегім қуана діріл қағады. Біліндер- менің жаным сендердің махаббатарыңнаң жалындады; қуанындар да және бір-бірінді ең ұлы махаббатпен жақсы көріндер.

Үшінші шарт. Тәлімгерлерге үздіксіз құрлықтын барлығында жүріп отырғандары жөн болады, сондай-ақ, оның шекарасынан да тыс жерлерде, және де бұл сапарлар өз мәңінде Абдул-Баханың Американың қалаларына асяхаттағаны тәрізді болуы тиіс. Ол Өзінің саяхат жасауының барлық кезеңінде де қасиеттілікке және әлемнен безінуге толы болған еді және қандай да болмасын бір жақтылықтан, әуестіктен бос болатын. Өйткені, Қасиетті Иса Мәсіхтін: «Өздеріңнің аяқтарыңның шанын қағып тастандар»,- деп айтқан сөзі бар.

Сендердің естерінде болар, біздің Америкада болған кезімізде, көптеген кісілер, жақсы ниеттерінің оянғандықтарынан, бізден өздерінен көмек пен сый алуымызды өтініп жалбарынды, бірақ, бұл қызметші, Ақ батаға ие болған Мүлтіксіздің үйреткендері мен өсиеттерінен ұстанып, тым қысылған жағдайына қарамастан, бергендердін бәрінен бас тартып отырды. Сонда да болса, егер адам, өз еркімен және де таза ой-ниетін басшылыққа алып, Құдайдың аты үшін садақа бергісі келсе (тәлімгерлердің мұқтаждықтарына), онда, садақа берушіні ренжітпеу үшін, тәлімгер азғана ақшаны қабылдай алады, бірақ, мұнда да ең аз мөлшерді қанағат тұтуы керек.

Бұған маңызды себеп бар. Тәлімгердің ниеті таза болуға тиіс, жүрегі бос, рухы асқақ, ойы тыныш, шешімділігі мызғымас; Құдайға деген махаббаттан тұтанып, жарық шашқан алау тәрізді жарқырап, оның жаны көкке самғап ұшуы керек. Сонда, оның ақ батаға ие болған демі, тіпті, тастарды да тірілтетін болады; олай болмаған жағдайда, оның еңбектері жеміс бермейді. Кәміл жетілмеген жан, басқалардың кәміл жетілмеген жанын қалай тазартпақшы? Кім Құдайдан басқасының барлығынан безінбеген болса, сол, басқаларды безінуге қалай үйретпекші?

Уа, Құдайға сенгендер! Құдайдың Сенімінде және Оның хош иісін таратуда сендерге адамдарды оқытып, үйретудің барлық жолдары ашылуы үшін еңбек етіндер.

Жолдардың бірі- Сенімге арналған кездесулер өткізу, ол кездері тәжірибесі бар сенушілер, батаға ие болған жандар, жас бахаилармен бірге жиналып және сонғыларын үйрете алады, Құдіретті Кітаптар мен Жазбаларда жазылып әрі бізге жеткен, жас сенушілер теренірек түсініп және осы сауалдардың бәрінін мәніңе жете алулары үшін, оларға Істің тарихы мен Құдіреттінің дәлелдері туралы айтып және де Уәде етілгеннін Елшісіне қатысты талассыз дәлелдер жайында, сондай-ақ, болжамдар мен сәуегейліктерді де түсіндіріп және талдап берулері тиіс.

Сондай-ақ, егер бұл мүмкін болса, Жазбаларды аударатын комитет құрған жөн. Білікті адамдар, парсы, араб және басқа тілдерді де білетін немесе тым болмаса, шетел тілінін бірін білетін, Тастағы Шарғылар мен Кітаптарды аударуға кірісулері тиіс, олардың ішінде осы Аяңның дәлелдері бар; ал басылып шыққан сон, оларды бес құрлықтардың барлығында да таратумен айналысқандары жөн болады.

Сол сияқты, Құдайдың Сенімінің Ісіне арналған, әлемнің түкпір-түкпіріне оның маңызды оқиғалары жайлы хабар жетуі үшін «Стар ов зе вест»- деген жұрналды да үнемі басып шығарып отыру қажет.

Көпшілікпен болсын, үй ішіндегілермен болса да, кездесулердің барлығында осы ең маңызды сауалдарды талқылаған жөн және де әңгімелердің бәрін Құдайдың Ісінің мақсатына сай келетіндей ету қажет. Бұл жерде кездейсоқ әңгімелер лайықты емес, ал айтысуға мүлде жол берілмейді.

Басқа елдерге бағыт алатын тәлімгерлер, бара жатқан елдін тілін білуге тиіс. Мысалы, Япон тілін білуші- Японияға аттана алады, ал Қытай тілін білуші- Қытайға.

Дүниежүзілік соғыс өртінен соң, адамдар Құдіреттінің үйреткендерін тез қабылдай алғыш бола бастады, өйткені, соғыс оларға ашшы сабақ берген еді. Әлемнің сәулелері оны жарықпен нұрландырып жатқанда, соғыс оты әлемді жалмайтыны айғақ болған еді. Соғыс өлім әкеледі, ал бейбітшілік- өмірді, соғыс өшуді білдіреді, бейбітшілік- өлместікті; соғыс ең зор бәле болып табылады, бейбітшілік болса- ең ұлы сый; соғыс қара түнек болып табылады, ал бейбітшілік- жарық, соғыс шексіз кемсітілу болып табылады, ал бейбітшілік- өтпейтін даңқ; соғыс- ол адамзат өмірінін негіздерін талқандаушы, бейбітшілік болса- оның гүлденуінін құрушысы.

Сонымен, айтылғанға құлақ асып, жандар қызмет етуге көтерілуге және де жер шарынын түкпір-түкпіріне хабарды апарулары тиіс әрі ең алдымен Америкадан Еуропаға, Африкаға, Азия мен Австралияға; біреулер тәлімгерлік миссиясымен Япония мен Қытайға аттана алады. Сондай-ақ, Германиядан тәлімгерлер Америкаға, Африкаға, Япония мен Қытайға да аттана алады; басқа сөзбен айтқанда, жер шарынын барлық құрлықтары мен аралдары қамтылуы тиіс. Сонда, жақын арада, ғажайып жемістер көрінетін болады, Ғаламдық Бейбітшіліктің туы әлемнің үстінен биікке желбіреп және адамзат әлемінің бірлігінін жарығы ғаламды нұрға бөлейді.

Уа, Құдайға сенушілер! Ең аяғында, қысқаша түрде мынаны айтқым келеді,- Құдайдың Кітабында жазылған: егер екі адам Құдіреттілік жайында қандай да бір сауалдарға себеппен айтысып және таласып жатса, келіспеушілік танытып және ымыраға келе алмауды көрсетіп жатса, онда екеуінікі де дұрыс емес. Құдайдың заңының осы талассыз даңалығы келесіде. Кім шынайы сенсе, солардың арасында алауыздық пен айтысудың болуы мүмкін емес; оларды зор жағымдылық пен сүйіспеншілік біріктіруге тиіс. Егер де, алауыздықтын сәл де болса бір белгілері пайда бола қалса, екі жақ та айтысуды доғарып, үндемеуі тиіс, ал содан соң, шынайы шешімге келу үшін Талқылаушыға бет бұрғандары жөн. Бұл талассыз өсиет!



Баха Эль-Абха сендермен бірге бола берсін!
Уа, Аллам! Уа, Тәңірім! Қара түнектін қалай барлық елдерді жауып тастағанын, олардың алауыздықтың өртінде қалай жалындап жатқандарың, соғыс пен кескілесудің оты шығыс пен батыстың жерінде қалай өрши түскенін көріп тұрсын. Қан төгіліп, өлі денелер сұлап жатыр және шабылған бастар ұрыс далаларында лақтырылып тасталғаның көріп тұрсын.

Құдайым! Жаратқан Ием! Осы білмеушілерді аяй гөр, оларға рақымдылықтың және кешірімділіктің жүзімен қара. Көкжиекті жауып тұрған қараңғы бұлттар сейілуі үшін, Мәңнің Күні татуласудың сәулелерімен жарқырауы үшін, осы қара тұман бытырап және барлық елдер әлемнің жарығына нұрлануы үшін осы отты сөндіре гөр.

Жаратқан Ием! Оларды дұшпандардың бұғауынан алып шық, оларды осы өткізбейтін қара түманнан алып шық, олардың жүректерінін араларында үйренісіп қалуларын оятып және бейбітшілік пен татуласудың жарығымен олардың көзін нұрландыр.

Жаратқан Ием! Оларды соғыс пен қантөгістін түпсіз шынырауынан сақта! Оларды адасудың қара түнегінен босат, олардың көзінен пердені жұлып таста, олардың жүректерін жол көрсетуші жарықпен жарықтандыр, Өзіңнің рақымың және рақымдылығыңмен оларға көрсете гөр, бірақ, олардың басына, Өзіңнің ең күшті дегендердің арқасың тітіркендіретін әділ қаһарынды төге көрме.

Жаратқан Ием! Ақиқатында, соғыстар созыла түсуде, бәлелер өсе түсуде және ғимараттардың қайсысы болмасың күлге айналып, жермен-жексен болды.

Жаратқан Ием! Ақиқатында, жүректер толғанып және жандар түршігуде. Осы кедейлерді аяй гөр және олар нені ойластырса, соңы өздеріне жасауларына жол бере көрме!

Жаратқан Ием! Сені аузына алып және адамдардың арасында Сенің қасиеттілігіңнің жұпар иісін тарататын, бұ дүниеге жататындардын бәрінен босанған, кімнің жүздері құдіретті күштін сәулелерімен нұрланған болса, мойынсұнған, берілген осы жандарды Өзіңнің елдеріне жібере гөр.

Жаратқан Ием! Олардың иығын нығайта түс, олардың белін бекем буып және Өзіңнің ұлы махаббатыңның нышандарымен олардың жүректерін жалындат.

Жаратқан Ием! Ақиқатында, олар әлсіз, ал Сен- Билеушісің, Ең құдіреттісің, олар әлсіз, ал Сен- Көмекшісің әрі Рақым етушісің!

Жаратқан Ием! Наразылықтың теңізінің толқыны биікке атып және бүкіл өлкелерді құшағына алып жатқан осы құйындар, сенің шексіз игілігін арқылы ғана басыла алады!

Жаратқан Ием! Жандар құштарлықтың терен апанында болуда және де оларды Өзіңнің ғажайып рақымыннан басқа ештене де оята алмайды.

Жаратқан Ием! Әсерленудің қаранғылығын сейілт, жүректерді Өзіңнің махаббатыңның шамымен сәулеттендір, ол арқылы барлық елдер нұрланатын болсын. Өз елдерін қалдырып, отбасылары мен балаларын, Саған деген махаббатпен басқа елдерді аралауға, Сенің жұпар иістерінді таратып әрі Сенің ілімінді хабарлау үшін аттанған сол сенушілерінді нығайта гөр. Жападан жалғыз қалған сәттерінде оларға серік бол, бөтен жерде олардың көмекшісі бол; олардың қайғы-қасіреттерін аластат, қамқорлықтарында жұбаныш бол, олардың мұқтаждықтарында оларға бере гөр, олардың шөлін қандыр, оларды ауруларынан айықтыр, олардың сарылып күтуінін отын тұса.

Ақиқатында, Сен Игісін, Рақым берушісің, Мүсіркеушісің және Рақымдысың.

СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ШТАТТАРЫНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 2 ақпанында, Хайфадағы Абдул-Баханың үйінде, Измаил-Аканың бөлмесінде ашылған және Америка Құрама Штаттарының тоғыз солтүстік-шығыс штаттарынын бахаиларына арналған: Мэн, Массачусетс, Нью-хемпшир, Род-Айленд, Коннектикут, Вермонт, Пенсильвания, Нью-Джерси мен Нью-Йоркке.

Ол- Құдай!

Уа, менің сенімді достарым!

Ақиқат бір Құдайдың көз алдында, барлық елдер, өз мәнінде бір ел және қалалар мен ауылдардың барлығы өз маңыздылығы бойынша тен. Ешқандай да жерге артықшылық берілмеген. Барлық жерлер Құдайдың егіндері және адамдардың жанынын мекендері. Дегенмен, адамдардың сенімдерінің және сенгендіктерінін арқасында, сондай-ақ, олардың алда болуға жеткендіктерінін арқасында, кейбір елдер құрметке бөленді, өйткені, мекен етуші- мекеніне құрмет көрсетіп, содан әдеттен тыс дәрежеге ие болды. Сонымен, Еуропа мен Американың кейбір елдері, өзінің игілі ауа райымен және сауықтыратың суларымен аты шығып немесе өзінің тауларынын сұлулығымен, алқаптары және бөктерлерімен басым түседі; бірақ, бүкіл елдердің ішінде нақ Палестина ғана биіктеп тұр, өйткені, Құдайдың қасиетті Елшілерінің барлығы, Ыбырамның заманынан бастап Мұхаммедтің келуіне дейін осы жерде өмір сүріп немесе осы жер арқылы саяхаттаған. Осы тәрізді, Мекке мен Медина да шексіз даңққа бөленген, өйткені, онда Пайғамбарлықтың жарығы жарқыраған. Палестина мен Хиджаздың неліктен таңдаулы жерлер болғаны міне,сондықтан. Сол сияқты, американдық құрлық та, ақиқат, бір Құдайдың көз алдында, Оның жарығынын әсемдігі жарқырап, Оның Сенімінің құпиялары ашылатын болатын, тақуаларға арналған үй мен еркіндікте болғандар үшін жиналатын орын болатын, алғыс-батаға ие болған өлке болып табылады. Сондықтан да, мұнда әр жер алғыс-батаға ие болған; бірақ, осы тоғыз штатта сенім мен иланып-сенушілік әбден ерекше нығайтылған болғандықтан, оларға рухани басымдылық берілген. Осы рақымның маңыздылығын ұғыну керек; осы баға жетпес игілік пен осыншама ұлы сыйды бергені үшін Билеуші Иемізге ризашылығымызды айту үшін, сенушілер Құрандағы: «Құдай көк пен жердін жарығы болып табылады. Оның жарығы қабырғадағы шам тәрізді: шам шыны ыдыста, шыны ыдыс жұлдыз сияқты жарқырайды. Оның ішінде, шығыста да, батыста да жоқ,ақ батаға ие болған бір ағаш жанып тұр, оның ішіндегі майы болса- ол зәйтүн майы, оған от тимей-ақ жана бастайды. Жарық-жарыққа! Құдай кімді қаласа, Өзінің жарығына соны алып жүреді»,- деген ақ батаға ие болған аятты естерінде ұстап, Құдіреттінің жұпар иісін таратуға көтерілсін.

Ол айтады: «Табиғилықтын әлемі қара түнектін әлемі, өйткені, одан мындаған күнәлар шығады; одан қала берді, бұл оның қабаттары бірінен-бірі өтетін қара түнек.Табиғи әлемдегі ағартушылық Мәңнің Күнінің жарқыраған сәулелерін әкеледі. Тәлімгерлік қасиет, білім мен даңалықтың ыдысында жанған шам тәрізді, ал ол ыдыс болса- оның ішінде адамзаттың нағыз болмысы көрінетін айна тәрізді. Шам Алғыс-батаны иеленген Ағаштың жемісінін майымен тұтанады, бұл май тазартылған және оның табиғаты да, оның өз-өздігінен отсыз тұтанатындығында. Жанудың жап-жарық болуы да, ыдыстың жарқырауы да, айнаның тазалығы да болған кезде, көзді қарықтыратындай жарқырап шыға келеді- «жарыққа-жарық!». Осы тоғыз ақ батаға ие болған штаттарда, бір кездері, Абдул-Баханың да саяхаттағаның еске сала кетпекпіз, қаладан-қалаға көшіп отырып, Ол адамдарға Құдіретті кітаптардың даңалығын түсіндіріп, олардың араларында қасиеттіліктің жұпар иісін таратқан. Көптеген қалаларда Ол Құдіреттінің Құрылысының негізін салып және онда тәлімгер болуға жол ашқан. Осы штаттардың жеріне ол сұрыпталынып алынған дәндерді тастап және ол жерге ақ батаға ие болған ағаштарды отырғызып отырған.

Бүгінде, Бәріне рақымдының қызмет етуші ерлері мен әйел адамдары, дәндер өсіп-шығып және мейірімді өскіндерді беруі үшін және де ақ бата да және өркендеу де осы жерге жетіп әрі оны орып алу ұланғайыр көп болуы үшін, осы егістіктерді суарып және Құдайдың жерлерін зор ұмтылыспен күтіп-баптаулары тиіс болады.

Құдай Патшалығы жерді өндеуші тәрізді, құнарлы, астықты жерлердін бөлігін өзінің меншігіне алған. Себуші осы жерлерге Құдіреттінің дәндерін себеді, көктін Құдіретті күшінін бұлттары оған жауын болып құйылады; мәңнің сәулелері, оған жарық пен жылуды беріп оған жарығын шашып тұр.

Бүгінде осы игіліктердің барлығы толығымен осы штаттардың әрқайсысына жіберілген. Егінге Құдіреттінің Ілімінің сұрыпталып алынған дәнін тастаған Көктін Себушісі осы ақ баталы жерлермен өткен еді; Құдайдың жомарттығының жауыны оны сеуіп өтті және Мәңнің Күнінің ыстық жарығың, Оның рақымды қолдауы- өзінің бар жарқылымен оның үстінен жарық шашып тұр. Сенушілердің әрқайсысы, білікті және теңдессіз жер өндеуші бола алады және де осы ақ баталы жандардың еңбектерінің арқасында, Американың барлық шегі тамаша жұмақ бағына айналады, сонда сендер биік шындағы топтардан шығатың ұранды естисіндер: «Сендер ақ батаға ие болғансындар, мәңгі бақи ақ батаға ие болғансындар!».

Бейбітшілік пен мадақ сендерге жауа берсін!
Уа, Рақымды Билеуші Ием! Мадақ саған болсың, өйткені, Сен бізге тура жолды көрсеттін, патшалықтың қақпасың аштың және Мәңнің Күні арқылы Өзінді көрсеттін. Көздері көрмейтіндерді Сен көретіндей еттін, құлағы естімейтіндерді Сен ести алатындай еттін, Сен өлілерді тірілттін, Сен кедейлерді құрметтедің, Сен адасқандарға жол көрсеттін; кімнің ерні кеберсіп қалған болса, соларды құдіретті күштін бастауына алып келдін; Сен аңсап-шөлдеген балыққа ақиқаттың мұхитына жетуге мүмкіндік бердін, Сен кезбе құстарынды рақымның алқызыл бағына шақырдың.

Уа, Ең Құдіреттім! Біз Сенің түкке тұрғысыз құлдарынбыз, Сен бізді қалдырып кеттін және де біз Сенің қатысқанынды аңсаудамыз, біз Сенің бастауындағы суынды аңсаймыз, біз Сенің емдеуінді тілеп, күтудеміз. Барлық жандар: «Уа, Тәңірім, бізді тура жолмен жүргіз»,- деп жар салсың деп, біз Сенің жұпар иісінді таратудан басқа мақсатты немесе үмітті іздемей-ақ, Сенің жолынмен жүрудеміз. Олардың көздері ашылып және жарықты көріп, содан олар білместіктін қара түнегінен босанып шықсын. Олар Сенің Жетекшілігіңнің шырағының айналасына жиналсыншы. Үлесінен құрғалған әрқайссы өз үлесін алсыншы. Айырылып қалғаңның әрқайссы Сенің құпияларына жақындасың.

Уа, Ең Құдіреттім! Бізге рақымды жүзбен қара. Көктегі тазаруды бізге бере гөр. Біз Саған қызмет етуде көмекке ие болуымыз үшін және де жарқ-жұрқ еткен жұлдыздар тәрізді, осы жерлерде Сенің жетешілігіңнің жарығымен жарқыраулары үшін бізге Қасиетті Рухтың демін сыйла.

Сен, ақиқатында, Билік етуші, Аса күшті, Даңа әрі Көрушісің.
ОҢТҮСТІК ШТАТТЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ


1917 жылдың 3 ақпанында Хайфада, Измаил-Аканың бөлмесінде ашылып және Америка Құрама Штаттарының оң алты оңтүстік штаттарының бахаиларына арналған: Делавэр, Мэриленд, Виргиния, Батыс Виргиния, Солтүстік Каролина, Джорджия, Флорида, Алабама, Миссисипи, Теннеси, Кентукки, Луизиана, Арканзас, Оклахома мен Техасқа.
Уа, ақ батаны иеленіп және лайық болған жандар!

Бұрынғы заман философтары, орта ғасырдың ойшылдары, сондай-ақ, бүгінгі және өткен ғасырдағы оқымыстылардың барлығы да, адамның мекен етуіне әлдеқайда сай әрі жағымды болатын ауа райының қоңыржай қалыпты жері деп есептеген, өйткені, осы қалыптағы жердін жағдайында, кісінін инттелектісі мен ойлау қабілеті толысып жетілудін ең жоғары дәрежесіне жетіп және өркениеттің дамитың мүмкіндіктері толық шамада көрініс береді екен. Егер тарихқа көз тіге қарайтын болсақ және оның фактілері туралы ойланып-толғанар болсақ, көрнекті қайраткер адамдардың көбісі ауа райының қоңыржай қалпы бар жерде өмір сүріпті және де тропикалық немесе полярлық елдерден шыққан адамдар болса өте аз екен.

Сендердің оң алты оңтүстік штаттарының ауа райы қоңыржай қалпы бар жерде орналасқан, табиғат ол жерге әлемінің бар кәміл жетілгендіктерін молынан берген. Осы жерлердін игілі ауа райы, жер бетінін көрінісінін сұлулығы мен географиялық жағдайлардың лайықты болуы адамның ойлануының дамуына жағымды әсер етеді. Бұл дерек бақылаумен және тәжірибемен расталған.

Сондай-ақ, Қасиетті Құдіреттінің Елшілері де табиғи мүлтіксіздікпен айырықшаланған: тамаша тұлғасымен және денсаулығымен, физикалық күшімен, сезіну ағзаларының қабылдай алуының өткірлігімен, сезіну мен ақыл-есінін үндестігі- осының барлығына олар толығымен бөленген.

Табиғи жағдайлар соншалықты жағымды болған осы оң алты штатта, Құдіреттінің Ілімі өзінің бар ұлылығымен көрінетінінде күмәнім жоқ: оларды бәрін бойлай алатын Қасиетті Рухтың аса қуатты лебі желпіп, Құдайға деген махаббаттың теңізі толқын атып, Құдіреттінің рақымының бағынан жүйткіп ескен самал желдер желпи келіп, содан қасиеттінің жұпар иісі тез аралықта тарай бастайтын болады.

Құдайға шүкір- Құдіреттінің құйылуының қайнар көзі де сарқылмауда; Құдайдың заңдарының әуені аса қуатты аккордпен шығуда; аса ұлы Шам-Шырақ көкжиекте өзінің мүлтіксіз жарқылымен шықты; кедергілердін барлығын құртушы, биік шындағы топтардың әскерінін асқан қуатынан өту мүмкін емес; сөздері семсерден өткір; сенушілердің жандарының ұлылығы болса, өткен замандағы және болашақтағы ұрпақтардың бәрінен басым түсіп жатыр; адамдардың рухы Құдіреттіге ұмтылған және Құдайға деген махаббаттың оты жарқын болып жалын атуда.


Бүгінде, осы күндерде, біз осы аса ұлы мүмкіндікті жіберіп алуға құқымыз жоқ. Бір минут та, біз әрекетсіз болуға тиіс емеспіз; бізге тыныштықтан, демалыстан, өмірдін қуаныштарынан, мүліктен, жағдайлардан, материалдық нәрселердін барлығына байланып қалудан бас тартқан жөн болады.Патшалықтың күштері өзінің бар асқан қуатын көрсете алуы үшін және де осы Жаңа Дәуірде көз қарықтыратың жарық нұр ақыл мен идеялар әлемің нұрға бөлеуі үшін, біз бәрін де Оның Қасиеттілігіне, бар мәңістің Иесіне құрбандыққа әкелуге тиіспіз.

Американы Құдайдың хош иісі желпіп жатқанына, міне, жиырма үш жыл болды, бірақ, бұл жерде Істің көзге көрінетіндей жылжи түсуі байқала қойған жоқ: Сенімді лайықты боларлықтай мойындау да жоқ, оны таратудың жылдамдатылған жүрісі де жоқ. Мен, жоғарғы топтар мен періштелер әскерінін хош иісінің есуінін және аспан игілігінің түсуінін арқасында, Құдіреттіге рухтың таратылуының және Құдайдың махаббатының бастауынан аса қуатты қыйылу арқылы, сенушілер серпіліп және Оның жүзін көре алатын зор рақымға ие болады; Мәңнің Күні жарқырап шығатыны соншалық, табиғи әлемнің қара түнегі мүлде жоғалып және сейілетін болады; жан-жақтан ғажайып әуендер шығатын болады; таңғы құстар тамаша әнді шырқайтыны соншалық, адамдар әлемінің барлығы қозғалысқа еніп және өмірге толы болады, Құдайға деген махаббаттың жалынымен тұтанған жеректер жіби бастайды да және дөрекі болып әрі тас сияқты қатып қалған жандар болса тіріліп, қанаттарын жайып және аспанға қарай самғап ұшатын болады.

Екі мын жылға жуық бұрын Армения көрінбейтін қара түнекке оранған болатын. Бірақ, Иса Мәсіхтың шәкірттерінін санына жататын, ақ батаға кенелген бір жан осы жерге келген соң, содан оның еңбегінің арқасында, осы ел тез арада жарықпен нұрға бөленді. Осылайша Құдай Патшалығының аса күшті қуаты көрінген болатын!

Сондықтан да, Бәріне рақымдының қолдайтынына сенімді болындар және Ең жоғарғының көмегіне де; әлемнің және оны мекендеп жатқандардың үстінен жоғары көтеріліндер; бұ дүниеліктің бәрінен тазарындар және бұқара халықтың игілігіне қарай өздеріңнің ой-ниеттерінді ұмтылдырып бағыттандар; рухтың мәңінің өзі сияқты, сендердің жандарын сәулеттенген және асқақ болуы үшін бұ дүниедегілерден бас тартындар. Ал, содан соң, жүрек тазалығы мен рухтың нұрлылығына ие болып, берік шешімділікпен және шешендікпен қаруланып алып, адамдар әлемінің бірлігі өзінің шатырын Американың үстінен айқара жайып салып және әлем халықтарының барлығы Құдайдың шақыруына құлақтарын түрулері үшін Құдіреттінің заңдарын орнататың іске өздерінді арнандар. Құдай жер бетінде тұрып жатқандардың барлығына қатысты әділеттік пен мейірімділікті көрсетуге әмір етеді. Өйткені, әлем халықтары өз мәнінде, Құдайдың діншілдері, ал Құдай- олардың мейірімді шіркеушісі. Ол осы қойларды, осы діншілдерін жаратты, Ол сақтап, оларға азығын беріп және өсірді. Бұдан өткен игілік бола ма? Және де, қай сәтте де, біз, Құдай мадақтала берсін, надандық пен наным-сенімдердің қара түнегінен босанып шығып және Құдайдың қойларынын бәрін жақсы көріп, бәріне және әрқайссына қызмет етуді өзіміздің ең жоғары ұмтылысымыз етіп әрі қай жанды да болмасын әкелік сыпайылығымызбен үйретуге тиіспіз.

Бейбітшілік пен мадақ сендерге бола берсін!


Осы штаттардың қалаларына, ауылдары мен поселоктарына сапар шегушілердін қайыссы болмасын, Құдайдың хош иісін таратып, күн сайын, тәңертенгілікте мойынсұнғандықпен жалбарынуы тиіс:
Уа, менің Аллам! Уа, менің Тәңірім! Ұлы істі қолына алып, адамдардың арасында Сенің сөзінді жария етіп және Өзіңнің халықтарыңның арасында Сенің Іліміңді тарату үшін көтерілген мойынсұнған және әлсіз мені Сен көріп тұрсың. Егер де Сен, мені Қасиетті Рухтың демімен нығайтпасан, маған Өзіңнің даңқты Патшалығыңның әскерін көмекке жібермесен және Өзіңнің қолдауын арқылы,- шыбын- бүркітке, тамшы- теңізге, ал біртұтас атом- жарықты шашқан күннің көзіне айналдыратынынды, осынынды маған сыйламасан, мен жетістікке жете алар ма едім? Уа, менің Билеуші Ием! Менің аузым Саған мадақ айта алуы үшін және адамдардың арасында Сенің атынды жариялауы үшін, ал менің жаным Сенің махаббатың мен Сенің біліміне толы болуы үшін, мені Өзіңнің аса қуатты да әрі бәрін женуші күшінмен қолдай гөр.

Сен, ақиқатында, Ең құдіреттісің және Өзіңнің еркінді Іс жүзіне асырушысың.

ОРТАЛЫҚ ШТАТТАРДЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 8 ақпанында, Бахаулланың бөлмесінде, Аккадағы Абудтың үйінде ашылған және Америка Құрама Штаттарының оң екі орталық штаттарының бахаиларына арналып жазылған: Мичиган, Висконсин, Иллинойс, Индиана, Огайо, Миннесота, Айова, Миссури, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Небраска мен Канзасқа.

Ол- Құдай!

Уа, менің шынайы сенген сүйікті достарым!

Құдай ұлы Құранда: «Ол кімді қаласа, Өзінің рақымы үшін соны таңдайды»-деп айтқан.

Америка Құрама Штаттарының оң екі орталық штаттары- ол Американың жүрегі. Жүрек адам денесінін барлық ағзаларымен және мүшелерімен байланысқан, және де егер жүрек мықты болса, онда бүкіл ағзалар да күшті, ал егер ол әлсіз болса, онда дененін барлығы да әлсіздікке ұшырайды.

Құдайға шүкір, Чикаго да, оның барлық манайы да, алғашқы күннен бастап, Американың үстінен Құдайдың жұпар иісі ескен кезде, өз мәнінде осындай жүрегінін мықтылығың көрсеткен болатын. Сондықтан да, аспан рақымының және құдіретті күштін арқасында, осы қалаға, оның барлық ұлы бастамаларында жоғарыдан қолдау жіберілген болатын.



Біріншіден. Патшалықтың Шақырғаны жарияланған Американың ең бірінші қаласы Чикаго болып шықты. Ақиқатында, бұл ең жоғары басымдылық және де болашақ ғасырлар мен дәуірлерде, бұл Чикагоның ұлы даңққа бөленуінін себебі болып қызмет етпек.

Екіншіден. Ақ батаға ие болған қалада, берілген және адал жандар, діни сенімдерінде нығайа түсіп, өздерінің жүректерін тазартып және бұ дүниеліктін барлығынан безініп, Құдайдың Ісіне қызмет етуге көтеріліп және өздерің Оның Ілімін таратуға арнаған болатын. Биік шындағы топтардан шығатын осы іске деген мадақтар үздіксіз шырқалуда. Үшіншіден. Өзінің Америкаға саяхат жасаған кезінде, Абдул-Баха бірнеше рет Чикагода болған және онда Билеуші Иеміздің достарыменен қатынаста болған. Біраз уақыт бойы Ол осы қалада тұрған. Онда болған кезінде, Ол күнімен де, түнімен де, ақиқат бір Құдайды аузына алып және адамдарды Құдайдың Патшалығына шақырды.

Төртіншіден. Жүректін жұмыс істеуі, дененін барлық ағзалары мен мүшелерінен байқалатыны сияқты,Чикагода жасалынған қай бастаманың әсері болмасын, жан-жаққа және барлық бағыттарға таралып отырды.

Бесіншіден. Чикагода, америка құрлығындағы ең бірінші Машрикуль-Азкарды (Табыну Үйін) салуға шешім қабылданған болатын және де бұл құрметті ештенемен де салыстыруға болмайды. Шүбәсіз, бұл Ғибадатхана мындаған басқа да Табыну Үйлерінің салынуына бастама болмақ.

Чикагода бірінші, жыл сайынғы Жалпы құрылтайлар өткізілген болатын, «Стар ов зе Вест»,- жұрналынын басылымы шыға бастады, Баспа қоғамының негізі салынып, Американың барлық бөліктерінде Киелі Жазбалардың басылымымен және таратумен айналысуда, ал бүгінде, Құдай Патшалығының Жария етілуінін жүзжылдық Алтын ғасырын тойлауға дайындық жүріп жатыр. Мен осы мереке мен бұған арналған көрме жоғары рухани жағдайда өтеді және әлемнің бірігуіне шақыру да жария етілетін болады деген үміттемін. «Жалғыз бір Құдайдан басқа, ешқандай да Құдай жоқ және де Оның Елшілерінің барлығы, ең басынан бастап, Пайғамбардың Мөрі болған- Мұхаммедке дейін,- ақиқат, бір хақ Құдайдан келген!».

Мен, жақын арада, адамзат әлемінің бірлігінін туы биікке желбіреп, содан Ғаламдық Әлемнің музыкасы жан-жақта шырқалатыны туралы армандаймың, жолдардың барлығы ашылып және түзетілетін болады, барлық жүректер Құдайдың Патшалығына қарай ұмтылып, Американың үстінен бірлік шатыры құрылып, сонда, Құдайға деген махаббат әнін естіп, барлық ұлыстар мен халықтар серпіліп және қуанып әрі жердін беті мәңгі жұмақ бағына айналатын болады, содан қара түнек бұлттар сейіліп және Мәңнің Күні бар толығымен жарқырайтын болады.

Уа, Билеуші Иеміздің достары! Бірлік, махаббат, жүректердің арасында өзара түсіністік пен келісім орнатылуы үшін, барлығы бір мақсатқа ұмтылулары үшін, барлық әндер бір әуенде қосылып және Қасиетті Рухтың шексіз қуатты күші, табиғи әлемнің күштерін тас-талқан етіп, өзінің бар толығымен көрінуі үшін бар жүректерінмен және жандарынмен еңбек етіндер. Күштерінді аямандар; сендерге ештенемен де салыстыруға келмейтін міндет жүктелген. Егер сендердің еңбектерін табыспен аяқталатың болса, онда Америка, еш күмәнсіз, рухани қуатты күштін өзегіне айналып, содан, Құдай Патшалығының тағы онда әсемдік пен даңқтың жарқырағанымен орнығатын болады.

Осы өткінші әлем бір сәт те өзгерусіз қалмайды. Әр секунд сайын, онда өзгерістер мен өткелдер, асулар болып жатады. Қай ғимарат болмасын, ақыр аяғында, құлайды, қай даңқ пен әсемдік болмасын сөніп және жоғалады, бірақ, Құдай Патшалығы өтпелі емес, және аспан үстемдігі мен ұлылық өзгеріссіз әрі мәңгі болып қала береді. Сондықтан да, даңа адамның түсінігінде, Құдай Патшалығындағы сабан жердегі билеушінің тағынан әлдеқайда артық.

Менің ойым үздіксіз орталық штаттарға қарай ұмтылуда; Құдайға деген махаббаттың кернейлері тәрізді, қасиеттілік пен күнәсіздіктің көкжиегіндегі жұлдыздар, осы қара түнек мекенді жарықпен нұрландырып және осы өлі әлемді өмірге оятуға қабілеті бар сол жандардың,- ол жақтан ақ батаға ие болған жандардың әңдері жақың арада маған жететін болады. Абдул-Баханың қуанышының қайнар көзі де осында! Осы істе сендерге жоғарыдан қолдау өзгеріссіз болатынына мен сенемін.

Мүлде безінудін күйіне жеткен сол адамдар, табиғи әлемнің шектеулерінен өтіп және жердегілерге байланып қалудан босанып, мәңгі өмірдін демі кімдерді желпіп жатса, солар, кімдер нұрлы жүрекке бөленсе, солар, көктін рухымен және жанының ұлылығына, Құдіреттіге ұмтылып және шешендікке ие болып әрі ойдың анық айтылатын қасиетіне ие болғандар- осындай адамдар қызмет етуге көтерілулері тиіс және үйлерін қалдырып, орталық штаттардың түкпір-түкпіріне аттанулары керек. Қай қалада және ауылда болмасын, олар адамдарды ағартып және адамзат әлемінің бірлігін бекіту үшін Құдіреттінің уағыздары мен ақыл-кеңестерін таратқандары жөн болады. Кімнің өмірі сөнген болса, сол қайта серпіле алатындай және өлі қайта тіріліп, ал немқұрайлы болған тамсаныспен жалын атуы үшін, олар жалпылай татуластыратың әндерді, оны, тіпті, санырау да ести алатындай етіп, сондай бір күшпен шырқаулары тиіс. Бұл шүбәсіз, еңбектердің лайықты боларлықтай аяқталуы болып шығады.
Құдайдың хош иісін таратушылар, күн сайын тәңертенгілік кезде, мынадай дұғаны айтуына болады:
Уа, Билеуші Ием! Уа, Билеуші Ием!Мені Патшалықтың жолына алып шығып, маған осы тура да әрі ұзын жолға түсуіме мүмкіндік беріп, менің жүзімді сәулеттендіретін отты келтіріп, менің құлағым үшін, Құпиялар Патшалығынан қасиетті құстардың әуендерін ашып және Өзіңнің тақуаларына деген махаббатынды менің жүрегіме тартқаның үшін мадақ пен алғыс Саған болсың.

Уа, Билеуші Ием! Мен Сенің Есімінді халықтардың арасында жария етіп және Сенің Патшалығыңның келгені туралы қуанышты хабарды оларға жеткізе алуым үшін Қасиетті Рухпен мені қолда.

Уа, Билеуші Ием! Мен әлсізбін, мені Өзіңнің күшінмен және құдіретті қуатынмен нығайт. Менің тілім түсініксіз, маған дауыстап Сені аузыма алуыма және мақтауыма рұқсат ет. Мен жалғызбын, Өзіңнің Патшалығына алып жүруінмен маған құрмет көрсет. Мен Сенен алыстамың, Өзіңнің рақымдылығыңның босағасына мені жақындата гөр.Уа, Билеуші Ием! Мені жарық шырақ, жарқыраған жұлдыз ет және жемістерімен әшекейленіп, бұтақтары осы өлкелердін бәрін жауып тұратын, ақ батаға ие болған ағаштай ет.

Ақиқатында, Сен Бәрін істей алушысың, Өктемшісің, Тосқауыл дегенді білмеушісің.

БАТЫС ШТАТТАРЫНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 15 ақпанында Бахаулланың бөлмесінде, Аккадағы Аббудтың үйінде ашылған және Америка Құрама Штаттарының оң бір батыс штаттарының бахаиларына арналған. Нью-Мексико, Колорадо, Аризона, Невада, Калифорния, Вайоминг, юта Монтана, Айдахо, Орегон и Вашингтонға.
О- Құдай!

Уа, Ең рақымдының достары мен қызметшілері,

Құдай Патшалығының таңдаулылары!
Ақ батаға ие болған Калифорния, Қасиетті Жермен- Палестинамен үлкен ұқсастыққа ие. Бұл жердін ауа райы қолайлы, ауа райы жылы, жиектері ауқымды және Палестинадағыдай сол ғажап жемістер молынан өсуде. Өзінің саяхаттаған кезінде, Абдул-Баха осы жерлерден өткен кезде, оған ол Палестинада болған сияқты болды, өйткені, барлық жағынан да осы екі өлке өте ұқсас.Тынық мұхит жағалауы кейбір жерлерде Қасиетті Жерлердің теңіз жағалауын керемет еске түсіреді- осы жағалауларды сол баяғы өсімдіктер әшекейлейді және де бұл әртүрлі ойланып-толғануларға алып барады.

Калифорния штаты мен басқа да Батыс штаттарында табиғат әдеттен тыс, олардың ғажайыптығы адамдардың ой-қиялын қайран қалдырады. Өткізбейтін таулар, терен каньондар, аса қуатты тамаша су ағыстары мен алып ағаштар бұл жерде әр аттаған сайын кездеседі, топырағы болса, әдеттен тыс құнарлы да әрі өсінкі. Ақ батаға ие болған штат Калифорния шын мәнінде де Қасиетті Жерден айнымайды және осы екі өлке тамсанарлық жұмақ бағы тәрізді. Бірақ, сыртқы ұқсастықтан басқа, олардың арасында рухани мәңнің ұқсастығына да жету керек.

Палестинаны Құдіреттінің Қатысуының нышандары нұрға бөлейді. Осы қасиетті өлкеде, Құдай Патшалығының ұранын жария етіп, Израильдің Пайғамбарлары уағыз айтқан.Олардың уағыздары хош иісін шашып, рухқа жақындауды аңсағандардың жүректерін қуантқан, олардың жарығы, кімдердің жаны таза болса, соларды өздеріне қаратып отырған, олардың әуені, кімдер тындаса, солардың құлағының құрышын қандырған; Мәңнің Күнінің сәулелерінін жарқырағанымен нұрланып, Патшалықтың жаңа ескен лебінен жүректер мәңгі өмірге ие болған. Ал, содан соң, осы Жерден шыққан жарық нұр Американың, Азияның, Африка мен Австралияның барлық жерлеріне таралған.

Бүгінде Калифорния мен басқа да штаттар Қасиетті Жермен рухани ұқсастыққа ие болулары тиіс, сонда, осы аймақтардан Қасиетті Рухтың ескен лебі Америка мен Еуропаның барлық шегіне таралып, содан Құдай Патшалығының шақыруы, оған кім құлағың түрсе, солардың барлығын серпілтіп және қуантады әрі құдіреттінің заңдары жаңа өмірдін басын қалайды: қарама-қайшы партиялар қосылады, идеялық алауыздықтар жоғалады, Шығысы пен Американың Батысы достық құшақта қосылады, адамдар әлемінің бірлігінің ұраны адамдарға жаңа дәуірдін туғанын хабарлайды да, содан Ғаламдық әлемнің шатыры Американың үстінен тігілетін болады. Еуропа мен Африка Қасиетті Рухтың ескен лебінен тіріледі де, әлем түрленіп, ал Калифорния штаты мен өзінің таңқаларлық табиғатымен даңққа бөленген онымен көршілес штаттарда, Құдай Патшалығының ұлы нышандары көрінетін болады; сонда сыртқы, физикалық руханилықпен үндестікке келеді де, сыртқы әлем ішкі әлемнің символы болады, ал жер- аспан мекенінін кәміл жетілгендігін көрсететін Патшалықтың айнасы болмақ.

Менің осы өлкелерде саяхаттаған кезімде, менің көз алдымда гүлденген бақтарымен және тыныш суларымен тамаша көріністер мен ландшавтар тұрды, мен ұлттық парктерде болып және қоғамдық жиналыстарға қатыстым, құм далаларды көрдім, алқаптарды, көк шалғындар мен көгалды аймақтарды көрдім; осы жерде қандай жемістер мен бидайықтардың өсетінін білу маған қызық болды; және де осы күнге дейін осының барлығы менің есімде сақтаулы.

Маған Сан-Франциско мен Оклендтегі жиылыстар, Лос-Анджелестегі кездесулер ерекше әсер етті; сенушілердің оларға тіпті басқа қалалар мен штаттардан келгеніне мен қайран қалдым. Әр кез, менің ойлы жүзімнін көз алдына олардың түрлері келіп тұра қалғанда, мені шексіз бақыт сезімі орап алады.

Құдіреттінің Ілімі, күңнің сәулелері тәрізді, батыстын барлық штаттарын көмкеріп, содан олар Құраңның ақ баталы аятында не жайында айтылса, соған ие болды деген үміттемін: «Бұл Қала игілі және Билеуші Бәрін кешіруші!» Және де: «Сен жер бетін кезбеп пе едін және Құдайдың Рақымының дәлелдерін көрмеп пе едін?»- деген сөздер толығымен орындалатын болады.

Құдайға шүкір, Билеуші иеміздің рақымымен және Құдіретті күштін еркімен, бұл өлкеде қызмет етуге топырақ та жәйлі: бұл жерде алдынғы қатардағы ойлар үстемдік етеді және сана жоғары дамыған, ғылым мен өнер өркендеп, адамдардың жүректері таза әрі айқын айна тәрізді, ал достар болса, Құдайға шынайы берілген. Сондықтаң, жақын арада бұл жерде өміршен әрі әрекетті Жиылыстар пайда болатынына мен сенемін, олар Ілімді тарататын болады және де даңа Тәлімгерлер, барлық жерге Құдайдың хош иісін апарып, қалалар мен кішкене ауылдарға тарататын болады.

Істің Тәлімгерлері қасиеттілік пен сенімге толы болып және олардың жандары айқын жарықпен сәуле шашулары тиіс. Қызмет етуге көтерілгендер, рухтың және толысып, жетілген ақылдың нағыз өзі болулары тиіс, беріктікті, мызғымастық пен қайсарлықты бейнелеулері тиіс.

Сапар кезінде, олардың ойлары күнделікті нан тауып жеудін қамымен айналыспасың. Олар өздерінің ниеттерін Құдай Патшалығының нышандарына қарай ұмтылдырсын және Қасиетті Рухтың көмегі жайында өтініп, Билеуші Иемізге жалбарынсың. Көктін күшімен, ізгі хабармен және биік шыңның әлемдерінің қасиеттілігімен көмкеріліп алған олар, Абханың Жұмақтарының Бақтарының жұпар иістерін адамдарға жеткізсін.


Келесі дұға күн сайын оқылады:
Уа, Құдайым! Уа, Тәңірім! Сенің алдында қанаты сынған құс, оның ұшуы өте баяу,- ол өркендеудің және құтқарудың биік шынына ұша алуы үшін оған көмектес, оның ұшуын шексіз кеңістіктерде жоғары қуанышқа толтыр, Өзіңнің Өсиетіңнің Аты үшін елдердің барлығына оның әуендерін тарат, осы шақыруынмен құлақтарының құрышын қандыр және көздерін жетекшіліктің нышандарын көрумен сәулеттендір.

Уа, Билеуші Ием! Менің отбасым жоқ, жалғыз әрі жапа шегушімін. Сенен басқа, менде бөтен қолдау жоқ, Сенен басқа, бөтен көмекші жоқ, Сенен басқа, бөтен сүйеніш жоқ. Өзіне қызмет етуімде, мені нығайта түс, Сенің Сөзінді таратуымда маған жеңіс әпер, Сенің даңалығынды Өзіңнің жаратқандарына айтуға рұқсат ет. Ақиқатында, Сен кедейлердің сақтаушысысың және аз ғана адамдардың қорғаушысысың, әрі Сен, ақиқатында, Билеушісің, Аса құдіреттісің, Тосқауыл дегенді білмейсің.
КАНАДА БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 21 ақпанында, Бахаулланың бөлмесінде, Аккадағы Абудтың үйінде ашылған және Канаданың: Ньюфаундлендтің,Эдуард Ханзада, Жаңа Шотландия, Нью-Брансуика, Квебека,Саскачевана, Манитобы,Онтарио, Альберта, Британ Колумбиясы, Юкона, Маккензи, Кивотина, Унгава аралдары, Франклин мысы мен Греландия аралдарының бахаиларына арналып жазылған.

Ол- Құдай!

Уа, Билеуші Иеміздің сенімді достары және

Бәріне Рақымдының қызметшілері!
Құдай ұлы Құранда: «Құдайдың жаратқандарының арасынан айырмашылық көрме»- дейді. Басқа сөзбен айтқанда,- идеал деген көзқарасты алғанда, Құдайдың жаратқандарының арасында айырмашылық болмайды, өйткені, олардың барлығы Онымен жаратылған. Айтылған сөзден мынаны шығаруға болады: елдердің арасында да айырмашылық жоқ, сонда да болса, Канада Доминионына ұлы болашақ анықталып берілген және осы елді даңқты істер күтіп тұр. Құдайдың игілігі мен рақымы бұл елге молынан құйылып және ол Ең даңқтының ұлы сыйларын көрсететін болады.

Өзінің осы елге сапар шеккен кезінде, Абдул-Баха ұлы қуанышты басынан кешті. Алғашқыда көбісі мені Монреальға бармауымды өтінді, ондағы адамдар католик болғандықтан, тым шектен тыс фанатизммен айырықшаланады деп сендіруге тырысты, олар істен шыққан салт-дәстүрлерімен қатып қалған және Құдай Патшалығының шақыруына құлақ асуға қабілетсіз, өйткені, наным-сенімдердің пердесі олардың жүзін жауып тастап, оларға ұлы тәлімгерліктін нышандарын көруге кедергі жасаған, олардың жүректері қасан қағидалардың тұтқынында болуда, сондықтан, ақиқат үшін жабық деді. Маған, тіпті, Мәңнің Күнінің өзі, өзінің бар жарқылымен осы елдін үстінен көтеріліп шығып және оны өзінің жарығымен көмкеретін болса да, сонда да, оның сәулелерін ешкім де көре алмайды, өйткені, ондағы көкжиек теріс ұғымнын қара түнек қалын бұлттарына оранып алған.

Бірақ, бұл сендірулер Абдул-Баханың шешімділігін тежей алмады.Құдайға сеніп, Ол өзінің жүзін Монреальға бұрған. Ол сол жерге келген кезде, барлық есіктердін ашылғанын және адамдардың жүректерінін қабылдағыш екенін көрді; содан Ол, қандай да болмасын кедергілерді жоюға қабілеті бар Құдайдың Патшалығының ең жоғары күшіне сенім артты. Жарқын қуанышқа толы болған Ол, адамдарды шіркеулер мен жиылыстарда Құдай Патшалығына кіруге шақырды; Оларды Құдіреттінің Күші азықтандырады деген үмітпен, Ол дәндерді топыраққа лақтырған болатын.Осы дәндердің, ерте ме кеш пе жайқалған жасыл өскін беріп өсіп шығатындықтарында және бай егін әкелетін болатындықтарында күмән жоқ. Құдіреттінің негіздерін орната отырып, Ол болса, ол жерде Өзіне деген дұшпандық көзқарасты кездестірмеді. Сол қалада, Ол, рухтары Құдіреттінің хош иісіне таң қалған сенушілермен танысқан болатын. Билеуші Иеміздің қызметшісі Максвел ханымның күш-жігерінін арқасында, Патшалықтың ұлдары мен қыздары осы елде және бір-бірімен үнемі қатынасып тұрады әрі олардың бірлігінін игілі күші күннен-күнге берік болуда. Менің онда болуым ұзақ созылған жоқ- бірнеше күн ғана, бірақ, болашақта оның жемісі зор болады. Жер иесі өзінің иелігіне егістік жерлерді алған кезде, тез арада кен алқап жыртылған болып шығады.Сондықтан да, мен, болашақта Монреаль рухани жағынан соншалықты жоғарлайтын болатынына, онда шырқалған Патшалықтың музыкасы бүкіл жер бетіне және одан ескен Қасиетті Рух Американың түкпір-түкпіріне таралады ғой деген үміттемін.

Уа, Құдайға сенушілер! Сендерді өздеріңнің аз болғандарын және сенбегендердін көп болғаны қысылтпасың. Бір уыс бидайдың дәндеріне аспаңның ақ батасы жауғанда, мындаған тонн арам шөптер болса, пайда да, жеміс те бермейді. Жабайы өскен өскіндердін бүтіндей бір орманынан гөрі, жеміс беруші бір ағаш адамдар үшін пайдалырақ.Үлкен кеністіктерде тастар шашырап жатыр, бірақ, солардың ішінде жарқыраған жауһар тастар да сирек кездеседі.

Құм даладағы топырақты төбеден гөрі, бір маржан қымбаттырақ, әсіресе, оны көктін баталары көмкеріп жатқан болса. Уақыты жеткенде, одан мындаған жаңа інжу-маржандар шығады. Тастармен шағылысқанда, ол оларды да маржанға айналдырады.

Мен тағы да және қайталап айтамын- материалдық жағынан да, сондай-ақ, рухани жағынан да Канаданы ұлы болашақ күтіп тұр. Оның мәдениетінін деңгейі өсе түсетін болады және де қоғам еркіндік пен ағартушылықтың жоғары деңгейіне жетеді. Патшалықтың бұлттары оған жауын болып құйылады да және бір кездері осы жерде себілген тәлімгерліктін дәндерін ылғалдылықпен нәрлейтін болады.

Сондықтан да, өздеріне демалыс бермендер, тыныштық іздемендер, осы түкке тұрғысыз әлемнің ләззаттарына ұмтылмандар, ындын-құмарлықтарыннан тазарындар, жүректерінмен әрі бар жандарынмен еңбек етіндер, сонда, Құдай Патшалығында қабылданатың боласындар. Аспаңның қазыналарын жинандар, сонда сендердің жандарын жарықпен нұрланатын болады. Бірліктін босағасына қарай ұмтылындар.Сарқылмайтың жарықтың кернейлері болып, Рухани игілікті көрсетіндер! Мүмкіндік болғанша, тәлімгерлерді Канаданың басқа да аймақтарына жіберіндер; сондай-ақ, тәлімгерлерді Греландияға және эскимос жерлеріне де аттандырындар.

Тәлімгерлерге келетін болсақ, онда оларға өздерінің үстінен ескі киімдерін шешіп тастап және жаңа киімдерге орану қажет болады. Иса Мәсіх айтқандай: оларға қайтадан туулары қажет, егер олар алғашқыда- аналарынын жатырынан шыққан болса, ал енді болса, табиғи әлемнің жатырынан шығуы тиіс. Адам жатырдағы әлемде, өзінің сезімдері жайлы есінде ұстауын қалай жоғалтатын болса, сол сияқты, оларға осы түкке тұрғысыз әлемнің кеселдерін де ұмытуға тура келеді. Құдайға деген махаббаттың оты мен Қасиетті Рухтың демінен, оларға өмір суына шоқынғанды қабылдау керек; олар қарапайым тамақты қанағат етсін, бірақ, солай бола тұра, көктін тамағынан да молынан жесін. Рухани албырттыққа толы болған олар, әуестенулер мен ашкөздіктін қандайынан болмасын бас тартсын. Өздерінің таза өміршен демімен, олар тасты да ұшқын болып айналып жатқан лағылға және ұсқынсыз ұлу қабыршағын- маржанға айналдыра алады. жылы жауын болып аққан бұлттар тәрізді, олар шөл даланы себелеп, гүлденген баққа айналдыратын болады. Көре алмайтындарға- олар көре алатын сыйды береді, ести алмайтындарға- ести алатындай етеді, сөніп қалған жандарда от пен жарықты жағады, өлілерге қайтадан өмір беретін болады.

Бахаулла Эль-Абха сендермен бірге болсын!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет