75
шығару кезінде ауыздан шығатын ауа ағынының әлсіздігінен тілдің
ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді.
Ашық ринолалияны анықтау үшін әр түрлі әдістер қолдануға болады.
Ең жеңілі – Гуцман сынағы (пробасы). Балаға мұрын жолдарын біресе
ашып, біресе жауып отырып, кезекпен «а» және «и» дыбысын қайталатады.
Ринолалияның ашық түрінде дауысты дыбыстардың
айтылуы негұрлым
бұзылады. Мұрын жабық кезінде дыбыстар, әсіресе «и» дыбысы, үнсіз
айтылады. Сонымен қатар мұрын қанаттарында өз саусақтарымен қатты
дірілді сезеді. Тексеру үшін фонендоскоп қолдануға болады.
Тексеру
жүргізіп жатқан адам «оливаны» өз құлағына, ал екіншісін баланың
мұрнына тығады.
Дауысты дыбыстарды, әсіресе, «у», «и» дыбыстарды
айтқан кезде қатты гуіл естіледі. Ұзақ айтылатын «ф», «с», «ш» дыбыстарын
айтқанда қырылдаған дыбыс шығады немесе леп сезіледі.
Достарыңызбен бөлісу: