Авторитарлық стиль- іскерлік, қысқа бұйрықтар. Топтағы істер алдын-ала
жоспарланады. Кешірімсіз, қауіппен айтылатын тыйымдар орын алады.Тікелей
мақсаттар ғана анықталады, алыс мақсаттар белгісіз болады. Анық тіл,өктем үн.
Басқарушының дауысы - маңызды, шешуші. Мақтаулар мен жазалаулар
субъективті. Эмоциялар есепке алынбайды. Лидердің топтан тыс өзіндік
ұстанымдық бағыты бар.
Демократиялық стильде ұсыныстар сөйлемдер ретінде болады. Шаралар
алдын ала жоспарланбайды. Достық үн, көңілді тіл. Белгілі бір ұсыныстарды
жүзеге асыруға барлығы жауапты. Мақтау мен тура айту – кеңес беру.
Жұмыстың барлық бөлімдері алдын ала талқыланады. Лидер топтың бағытын
ұстанады.
Немқұрайлық стиль - конвенционалды. Топтағы істер өз бетінше жүреді.
Мақтау мен бетке айту орын алмайды. Басшы нұсқаулар бермейді. Ешқандай
ынтымақтастық жоқ. Жұмыстың бөлімдері жекеленген қызығушылықтардан
құралады. Басшының ұстанымдық бағыты көрінбейді. Бір стильді екіншісінен
ажыратып тұратын негізгі белгі басшының шешім қабылдау тәсілі болып
табылады.
Басқару стилін талдау және басшы мен лидер арасындағы ұқсастық,
айырмашылықты зерттеу нәтижесі бізге, педагогтің басқару стилі
демократиялық болуы тиістігін көрсетті.
Сондай-ақ, біз зерттеу барысында болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің басқарушылық бағытын айқындауда басқарудың ізгілікті бағыт
теориясына сүйенеміз [90]. Ғылымда аталған теорияның бастауы, яғни
гуманистік, ізгілікті басқару туралы ойлар ежелгі философтардың Сократ,
Аристотель, Платон мен түркі ғұлама ойшылдарының Әл-Фараби,
Ж.Баласағұни, А.Иассауи [114, 82-124 б.] еңбектерінде көрініс тапқанын
алғашқы тарауларда айтып өткендей, олар еңбектерінде мемлекет басқарудағы
тұлғаның адамгершілік рөліне терең мән беріп, ізгілікті басқару қағидалары мен
ережелерін жасаған.
Бүгінгі күні педагогика ғылымында педагогикалық үдерісті басқару
ғылымы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады. Менеджмент
ғылымында
басқару–мақсатқа
жетуге
бағытталған
іс-әрекеттерді
ұйымдастыру. Мағынасы бойынша «менеджмент» термині «басқару»
терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан
«менеджмент» ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне
қолданылады. Менеджмент – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс
істейтін
адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра
білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері,
31
құралдары мен нысандарының жиынтығы. Басқару объектілері – биологиялық,
техникалық, әлеуметтік жүйелері. Әлеуметтік жүйелердің бірі – білім беру
жүйесі.
Педагогикалық
менеджмент
мәселесі
Т.И. Шамова
[32],
Ю.А. Конаржевский [29], М.М. Поташник [30], П.И. Третьякова [31]
жұмыстарында көрініс тапты. Білім беру үдерісінде оқытушылар мен білім
алушылар арасында субъект-субъектілі қатынастар дамыды.Ал осы тұста
педагог және білім алушылар арасында өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық
орын алды. Педагог іс-әрекеті басқарушылық сипатта болды. Бүгінгі күн
педагогы әдіскер, бақылаушы, басқарушы қызметін атқарады. Ол өз әрекетін
және білім алушылар іс-әрекетін басқара алады.
Педагогикалық менеджмент - қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған
формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және
дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару. Педагогикалық
менеджмент анықтамасына қарап МДҰ-да кез келген тәрбиеші оқу-тәрбие іс-
әрекетінің басқарушылық құзыреттілікке ие екенін көреміз. Ал МДҰ-ның
басшысы мен әдіскері - жалпы алғандағы оқу-тәрбие үдерісінің менеджері.
Педагогикалық менеджметтің (білім беру үдерісін басқарудың теориясы,
әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән
заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралымнан,
қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым
және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде
анықталады. МДҰ-ның басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
- Бірінші деңгей - балабақша меңгерушісі, педагогикалық кеңес, қоғамдық
ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей МДҰ дамытудың стратегиялық
бағытын анықтайды.
- Екінші деңгей – әдіскер, психолог.
- Үшінші деңгей – тәрбиешілер, логопед, үйірме жетекшілері, психолог.
- Төртінші деңгей – мектеп жасына дейінгі балалар, мектепке дейінгі
балалар үйірмелері. Бұл деңгейдің бөлінуі тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер
арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Мектеп жасына
дейінгі балалар өзара әрекеттесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект
рөлін атқара алады.
Е.Ю.Зимина жұмысында педагогикадағы басқару практикасының тарихи
аспектілері қарастырылған, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері көтерілген.
Ғалымның пікірінше, оқу-тәрбие үдерісінде басқарушылық ойындар, кейс-стади,
практикалық басқарушылық міндеттерді шешу және т.б. интерактивті
технологиялар қолданылса, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру тиімді
болады, - делінген [108]. Бұл басқару туралы автордың өзінің жарық көрген
мақаласында да кеңінен айтылады. Басқару мәселесі бойынша отандық
ғалымдардың зерттеуі 4-кестеде келтірілген.
32
Кесте 4 - Қазақстандық ғалымдардың білім беру саласындағы басқару мәселесіне
қатысты зерттеулері (2009-2019 жж.).
Аты – жөні
Зерттеу тақырыбы
Қорғау
жылы
С.К. Исламгулова
[115]
Жалпы білім беретін орта мектептің
педагогикалық жүйесін дамытуды
басқарудың теориясы мен практикасы
2009
Э.Т.Баярыстанова [93] Сараптама мен талдау мектепте білім беру
сапасын басқарудың тиімділігі ретінде
2009
Ж.Б.Умирбекова [70]
Қазіргі қоғамның жаһандану жағдайында
білім
берудегі
менеджменттің
педагогикалық-ұйымдастыру негіздері
2010
М.А.Ғалымжанова
[84]
Мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін
дамытудың педагогикалық шарттары
2009
Д. И Абдраимов [110] Техникалық және кәсіптік білім беруді
ақпараттандыру жағдайында мұғалімдерді
басқарушылық іс-әрекеткедаярлау жүйесін
дамыту
2010
А.Қ.Мошқалов [55]
Студенттердің
ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
қолдану
негізінде
өзін-өзі
шығармашылықпен дамытуы
2014
К.Т.Мулдабекова [54] Ақпараттық
технологиялар
арқылы
мамандардың
коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру
2014
А. Жунусбекова [111] Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
басқарушылық іс-әрекетке даярлау
2015
М. Книсарина[112]
Кіші мектеп жасы оқушыларының
басқарушылық іскерліктерін қалыптастыру
2016
К.Б.Аданов [113]
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
кәсіби даярлау үдерісінде басқарушылық
мәдениетін қалыптастыру
2017
Н.Т.Сартаева [56]
Ақпараттық
технологиялар
негізінде
бастауыш
сынып
оқушыларының
зерттеушілік
іс-әрекет
мотивациясын
қалыптастыру
2019
Сондай-ақ, біздің диссертациялық зерттеуіміз үшін болашақ
мектепке
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілік жөніндегі зерттеулер
қызығушылық тудырады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде 1980
жылдарға дейін «мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» түсінігі өте сирек кездеседі.
1990 жылдардың соңынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кәсіби құзыреттілік
мәселесіне арналған жұмыстарды талдау К.Маркова [20], В.Ю.Кричевский [21],
33
Г.Меңлібекова [22], Б.Кенжебеков [23], Ш.Т.Таубаева [24], Н.Н.Хан [25],
К.С.Құдайбергенова [26] бұл құбылыстың күрделілігін, оның түсіндірмелерінің
кеңдігі мен алуан түрлілігін көрсетеді.
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында біз педагогтың «кәсіби
құзыреттілігі» Б.С. Гершунский [77], А.К.Маркова [22] ұғымын «педагогикалық
құзыреттілік» түсінігінің синонимі екендігін, сондай-ақ, екі терминнің қатар
қолданылатынын байқадық. Бірқатар ғалымдар осы ұғымдарды біріктіріп
«кәсіби-педагогикалық құзыреттілік» деген ортақ атау береді. Э.М. Никитиннің
[116] пікірінше, педагогтің құзыреттілігі оның ажырамас кәсіби және жеке
сипаты ретінде, оның қазіргі уақытта қоғамда қабылданған нормалар мен
стандарттарға сәйкес кәсіби және педагогикалық функцияларды орындау
даярлығы мен қабілеттілігін айқындайды.
А.К.Маркова кәсіби педагогикалық құзыреттілікті - «мұғалімнің қызметін
жүзеге асыруға қажетті білім, дағдылары, психологиялық қасиеттері және
олардың нормативтік стандарттар мен нормаларға сәйкес іс-әрекетінің
жиынтығы» тұрғысынан айқындайды. Оның педагог құзыреттілігі туралы
түсінігіне үдеріс ( педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-қатынас,
жекелік) және еңбегінің нәтижесі (оқушыларды оқуы мен тәрбиелілігі) кіреді.
Ол «мұғалімнің білімі мен білігі оның еңбегінің шынайы құрылымынан тұрады»,
– деп жазды. Ол педагогтің кәсіби құзыреттілігін зерттей отырып, оқытудың
тиімділігін қамтамасыз ететін дағдыларды және педагогтің жеке қасиеттерін
топтастырады және педагогтің кәсіби құзыреттілігі - «жеткілікті жоғары
деңгейде педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-қатынас, мұғалімнің
тұлғасы жүзеге асырылатын, сондай-ақ оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде
жақсы нәтижелерге қол жеткізетін ерекше еңбек», - екендігін көрсетеді [20].
Сондай-ақ,
мұғалімнің
кәсіби
құзыретін
Г.М. Коджаспирова
«педагогикалық қызметтің қалыптасуын, педагогикалық қарым-қатынастарды
және белгілі бір құндылықтарды, идеалдар мен педагогикалық сана-сезімді ұстаз
ретінде қалыптастыруды оқытушының жеке басын анықтайтын қажетті білім»
ретінде түсіндіреді [92]. Мұндағы оқушылардың «жеке басы» деген ұғымның
ауқымы өте кең мағынада айтылып тұр. Ондағы қарастырылатын болашақ маман
үшін мәселеле оқушының жеке пән бойынша алатын білімдері ғана емес, оның
физиологиялық болмысы, психологиясы, қоғаммен байланысы, өзін ұстауы,
мұғаліммен қарым-қатынасы және тағы басқада қаситтерін жетік мегеруін талап
етеді.
Осы айтылғандардан басқа да бірқатар ғалымдардың педагогтің кәсіби
құзыреттілігіне берген анықтамаларын талдау (5-кесте) педагогтің кәсіби
құзыреті оның жеке мүмкіндіктерін,оған педагогикалық тапсырмаларды дербес
және тиімді шешуге мүмкіндік беретіндігін, кәсіби қызметіндегі теориялық және
практикалық дайындықтың бірлігін және т.б.қамтитындығын көрсетті.
34
Кесте 5 - Ғалымдардың «кәсіби құзыреттілік» ұғымына берген анықтамалары.
Автор
Анықтама
В.А.Сластенин
[102 ]
Жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқару мақсатында теориялық
және практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі
А.К.Маркова
[ 20]
Педагогикалық іс-әрекет пен педагогикалық қарым-қатынас
жоғары деңгейде атқарылатын, мұғалім тұлғасы іске
асырылушы, білім алушылардың тәрбиелілігі мен білім беру
нәтижелері жақсы нәтиже беруші
Б. Т. Кенжебеков
[ 23]
Өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға
жауап беретiн жұмыстарды орындау
С.Г.Вершловский
[ 123]
Негізінде пайда болған проблемалар мен міндеттерді тез шешуге
қабілеттілігі
Т.М.Сорокина
[ 6]
Педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және
практикалық дайындығының бірлігі
И.А.Зязуна,
Л.Г.Семушина
[123]
Құндылық бағдарлар жүйесі, өнімді жұмыс үшін тікелей қажет
болатын білім-білік, дағдылар, қоғамда оңтайлы өмір сүруді
қамтамасыз ету, жұмыс және коммуникация субъектілерінің
жайлылығы, сондай-ақ жеке тұлғаны толықтай дамыту
Ю.К.Бабанский,
В.М.Монахов
[128]
Еңбек нәтижесіне қатысты функцияларды атқаруға
мүмкіндікберетін жағдай
Сонымен, құзыреттілікке адамның бағыты, оның стереотиптерді жеңу
қабілеті, түсінігін, ойлау икемдігін көрсету жатады. Құзыреттілік тиісті
құзыреттілігі бар адамға, соның ішінде оған және оның қызмет субъектісіне
деген жеке көзқарасына ие бола алу.
Кәсіби
құзыреттілік
педагогтердің
кәсіби
даярлығы
үдерісінде
қалыптасады. Университеттегі білім беруді кәсіби құзыреттілік негіздерін
қалыптастыру үдерісі ретінде қарастыруға болатындығын көрсетеміз. Мәселен,
А.П.Тряпицина кәсіби құзыреттілік жұмыс істейтін мұғалімнің практикалық
қызметі барысында толық көрінуі мүмкіндігін, дегенмен, оның алғышарттары
мен
жеке
ойлары
жоғары
оқу
орындарындағы
оқу
үдерісінде
қалыптасатындығын айтады [44].
Ондай ой-пікірлердің негіздеген отандық зерттеулер де баршылық.
Мәселен, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде болашақ мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігін дамытуға Г.Ж. Меңлібекова [22], Б.Т. Кенжебеков [23] терең мән
берсе, К.М.Беркімбаев [120 ] ақпараттық құзыреттілігін коммуникативтік
құзыреттілігін, Ш.Т. Таубаева [24], Н. Хан [25] зерттеушілік, әлеуметтік
құзыреттіліктерін, ұйымдастырушылық құзыреттілігін қалыптастыруды және
т.б. жан-жақты талдаған, теориялық тұрғыдан негіздеген.
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды талдау бізге педагогтің кәсіби
құзыреттілігін тұлғаның психологиялық, педагогикалық және пәндік саладан
білімділік, біліктілік деңгейін тиімді жүзеге асырудағы кіріктірілген қасиеті, деп
тұжырымдауға мүмкіндік берді [90].
Педагогтің кәсіби құзыреттілігінің негізгі бөлігін педагогикалық бағдар
құрайды, бұл болашақ педагогтің кәсіби біліктілігінің орталық білімі.
35
Педагогикалық бағдардың ең маңызды сипаттамасы - «тұлғаға бағытталу».
Бұған сүйіспеншілік, қамқорлық, тұлғаға деген қызығушылық, оның жеке басын
дамыту жатады. Ал бұл болса, оларды басқару арқылы жүзеге асады.
Осы айтылғандарды негізге ала отырып, болашақ МДҰ педагогінің АКТ
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін құрылымдық-
мазмұндық моделі келесі бөлімде тереңірек баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |