1 БОЛАШАҚ
МЕКТЕПКЕ
ДЕЙІНГІ
ҰЙЫМ
ПЕДАГОГТЕРІНІҢ
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Болашақ
педагогтердің
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастыру мәселесінің ғылымдағы зерттелу жайы
Аталған бөлімде көрсетілгендей ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде
талдау көрсеткендей, «құзыреттілік» ұғымы ХХ ғасырдың соңында педагогика
лексикасына тұрақты түрде енді. Ол педагогикалық ғылымдар төңірегінде
теориялық зерттеулердің нәтижесі ретінде емес, керісінше білім беру жүйесіне
әлеуметтік тапсырыстың тұжырымдамасы ретінде пайда болды. Айтылған ұғым
талдамасының бастапқы төркіні ретінде авторлар «Шетел сөздерінің қысқаша
сөздігінде» берілген анықтаманы пайдаланады, онда: «құзыретті (лат.
competens, competes - тиісті, қабілетті) - белгілі бір салада білікті, хабардар, өз
білімдері немесе өкілеттері бойынша бір нәрсені жасауға немесе шешім
қабылдауға құқығы бар», - деп көрсеткен [76].
«Құзыреттілік»
ұғымының
мазмұны
бойынша
ұқсас
анықтама
энциклопедиялық сөздікте заңмен, жарғымен немесе нақты бір органның немесе
лауазымды тұлғаның басқа да актілерімен ұсынылған өкілеттер шеңбері; қандай
да бір сала бойынша білімдер мен тәжірибе түрінде сипатталады.
«Құзыреттілік» термині «құзыретті» сөзінен шығады және мынадай
мағыналарды білдіреді: 1) құзыреттілікті иелену; 2) белгілі бір беделді пікірін
айтуға мүмкіндік беретін білімді иелену. Әр түрлі сөздіктерде берілген
«құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдарының талдауы келесідей жалпы
сипаттамалар беруге мүмкіндік берді: белгілі бір саладағы білімдер,
хабардарлық, бұл көптеген зерттеушілерге ұғымдарды синоним түрінде
қарастыруға жол ашты.
Сонымен бірқатар зерттеушілер көбінесе, құзыретті білім және
хабардарлықпен, ал құзыреттілікті - тұлғамен, адамның өз тәжірибесімен
байланыстырады. Мұндай түсінік құзыретті білім беру дайындығына қойылатын
талап ретінде, ал құзыреттілікті белгілі бір саладағы іс- әрекетке қатысты аздаған
тәжірибе және оның жиынтығы немесе қалыптасқан тұлғалық қасиет ретінде
қарастыра келе, аталған ұғымдарды ажыратуға мүмкіндік береді.
И.А. Зимняя «құзыреттілік» ұғымының өзін «адамның әлеуметтік- кәсіби
тіршілік әрекетінің интеллектуалдық және тұлғалық шартталған тәжірибесіне,
білімдеріне негізделген», - деп нақтылайды. Ол төменгі деңгейлерде көрінетін
барлық қалған құзыреттерді өзіне қамти келе, ең жоғарғы деңгейде жалпы
«тұлғалық» құзыретті белгілей отырып, осындай ұғымдағы құзырет тұтас және
жалғыз деген оның ойы Кембридждік емтихандық синдикаты қолданатын
тәсілмен расталады [82].
И.А. Зимняяның айтуы бойынша, құзырет - атқарымдық сауаттылық
элементіне қарағанда бірқатар міндеттерді шешуге ықпал етеді; дағдыға
қарағанда - саналы түрде; икемге қарағанда - автоматтандыру жолымен, дағдыға
айналу арқылы емес, керісінше басқа құзыреттермен бірігу арқылы жетіледі;
15
білімге қарағанда ол туралы ақпарат емес, іс-әрекет түрінде жүреді. Төмендегі 1-
кестеден шетелдік зертеушілердің құзыреттілік ұғымына берген өзіндік
анықтамаларын салыстырмалы түрде көруге болады [33].
Кесте1 - Шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі «құзыреттілік» ұғымының
талдауы
Автор
Мәні мен мазмұны
Еңбектің атауы
Б.С. Гершунский
[77]
Ол
кейінгі
педагогикалық
ізденістер үшін, таңдап алынған
бағытты түзете отырып, оқытудың
нақты модельдерін жетілдіру үшін
кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік
беруі қажет.
Үшінші мыңжылдықтағы білім
беру:
білім
мен
сенім
үйлесімділігі
(білім
беру
триумфының
жорамалдық
болжамы). - М., 1997
Б.Д. Эльконин
[124]
«Қосылу жағдайларын» алдын ала
құрастырып, тапсыру керек.
Құзыреттілік ұғымы дамыта
оқыту
позициясынан //
Құзыреттілікті
бағдарланған
білім беруге қазіргі көзқарастар.
Красноярск, 2002
В.А.Болотов,
В.В.Сериков[118]
Бірінші
орынға
оқушының
хабардарлығын емес, әр түрлі
жағдайларда мәселелерді шеше алу
қабілетін қояды.
Құзыреттілік моделі: идеядан
білім беру бағдарламасына //
Педагогика,№10,2003
Ю.Г. Татур [118]
Бұл онымен табысты шығарма-
шылық іс-әрекет үшін тәжірибеде
көрсетілген,өзінің әлеуетін (білім,
икем,
тәжірибе,
тұлғалық
қасиеттерін) жүзеге асыруға деген
талпынысы
мен
қабілеті
(дайындығы)
Жоғары кәсіби білім берудің
стандарттарын
модельдеудегі
және нәтижелерін сипаттау-дағы
құзыреттілік
тәсілдеме:
әдіснамалық семинардың екінші
отырысының материалдары. -
М.,2004
А.А. Вербицкий
[85]
Ол оқушылардың тұт ас танымдық
іс-әрекетінде
тек
пәндік-
технологиялық қана емес, сонымен
қатар
әлеуметтік-адамгершілік
құрамын да дамытуға бағдарлануы
қажет.
Құзыреттілік тәсілдеме және
мәнмәтіндік оқыту теориясы:
әдіснамалық
семинардың
төртінші отырысының материал-
дары, 16 қараша 2004ж.-М.,2004
Жоғарыда көрсетілген психологиялық-педагогикалық зерттеулерде талдау
көрсеткендей, құзыреттіліктің дамуы бірінші орынға білім алушының
хабардарлығын емес, келесідей жағдайларда пайда болатын мәселелерді шеше
алу қабілетін қояды: болмыс құбылыстарын; қазіргі техника мен
технологияларды меңгеру барысындағы; адамдар арасындағы өзара
16
қатынастарында, этникалық нормаларда, жеке басының қылықтарын бағалауда;
азамат, отбасы мүшесі, сатып алушы, клиент, көрермен, қала тұрғыны, сайлаушы
сияқты күнделікті өмір тәжірибесіндегі әлеуметтік рөлдерді орындау
барысында; құқықтық нормаларда, әкімшілік құрылымдарда.
Біздің осы ойымызды 2-кестеде берілген ғалымдардың анықтамалары
дәлелдейді. Берілген анықтамаларда құзыреттілік тұлғаның кіріктірілген қасиеті,
жеке қасиеті, шешім шығару іскерлігі, жеке сапасы, мінездемесі тұрғысынан
айқындалған.
Кесте2 - Отандық және шетелдік ғалымдардың «құзыреттілік» ұғымына берген
анықтамалары
Авторлар
Анықтама
Ш.Т.Таубаева [24]
Оқыту мен әлеуметтену үдерістері барысында меңгерген білім
мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-
әрекетке
даярлығы
ретінде
айқындалатын,
тұлғаның
кіріктірілген қасиеті
Б.А.Тұрғынбаева [87]
Өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз
өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуы
М.Ж.Джадрина [88]
Мәселелерді өзіндік даму, өзіндік басқару, білім, икемділік,
дағдыны пайдалана отырып шешуі
К.С.Құдайбергенева [26] Қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім
шығару
Б.Т.Кенжебеков [23]
Күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын
проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік
Г.Қ.Айқынбаева [89]
Оқыту нәтижесін өзгермелі жағдайда меңгерген білім дағдыны
тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу, оқушылар
дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын
жаңа сапа
Г.Т.Нургалиева [50]
Қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі
М.А.Ғалымжанова [84]
Күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын
проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге
мүмкіндікберетін қабілеттілік
Сонымен әртүрлі зерттеушілердің көзқарастарын топтай келе, біздің
көзқарасымыз бойынша, құзыреттілік - бұл күнделікті өмірдің нақты
жағдайларында пайда болатын мәселелер мен міндеттерді тиімді түрде шешуге
мүмкіндік беретін қабілеттілік
.
Енді жалпы білім беру саласы бойынша басқарушылық ұғымдарына
тоқталайық. Білім беру аясында білім беру менеджментіне асқан қызығушылық
қазақстандық ғалымдар еңбектерінде көрінісін тапқан Т.М. Баймолдаев [72],
З.М. Садвакасова [73],
К.Ж. Аганина [91],
С.К. Исмагулова
[115],
Г.К. Ахметова, К.Ғ. Сағындықов пікірі бойынша: «Жаңа типті кадрларды
дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі
туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе,
менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді
17
экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады», - деп
тұжырымдайды [68].
Басқару туралы ғылым және өнер ретінде менеджмент табысты еңбек
етіп отырған кез келген ұйым үшін аса маңызды. Білім беру саласы да бұдан
шетте қала алмайды. Себебі, қазіргі нарықтық және бәсекелестік жағдайда
басқару ісі жаңа ғылыми ережелер мен заңдылықтарға негізделуі тиіс. Ғылым
мен білімнің қазіргі даму кезеңінде тұтас педагогикалық үдерісті басқару
ісіне ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшеюде.
Шындығында, басқару тек техникалық және өндірістік үдерістерге ғана емес,
сонымен қатар педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің басқарушылық
құзыреттілігінің негізі «басқару» түсінігінен туындайды. Басқару ұғымының
негізі ежелгі философтар еңбектерінен бастау алады. Аристотель (384-322 жж.
б.д.д.) «әрбір мемлекет белгілі бір қоғамдық тұрғылықты орын» екендігін
дәлелдеп, Платонның идеалды мемлекетіне сын айтып, жеке мүлік және
қоғамдағы отбасын сақтау қажеттілігін қорғау керектігіне көңіл бөлген [79].
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастыру мәселелерін зерттеу басқару қызметінің
әдіснамасына жүгінуді көздейді. Пәнаралық талдау зерттеу проблемасының
қажетті ғылыми базисін анықтауға мүмкіндік береді. Болашақ МДҰ
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігі және менеджмент туралы базалық
категорияларымен тығыз байланысты. Басқарушылық құзыреттіліктің мәнін,
оның ерекшелігін, мазмұнын зерттеу басқару қызметінің теориясы мен
тәжірибесінің ғылыми негіздерін талдауды талап етеді.
Басқарудың пайда болу тарихы адам қызметінің ерекше түрі ретінде
бірнеше мыңжылдық тарихы бар. Адам білімінің дербес саласына басқару
теориясы мен практикасы XIX ғ. соңында ғана бөлініп шықты, бұл өнеркәсіптік
дамудың қажеттіліктеріне жауап болып табылады. Басқару ұғымының әртүрлі
түсіндірмелері мен ғылыми түсіндірмелері бар. Сондықтан зерттеу шеңберінде
осы феноменді анықтаудың негізгі параметрлерін анықтау қажеттілігі
туындайды. Басқарудың құзыреттілік теориясы мен практикасының пәнаралық
талдау басқару, басқарушылық құзыреттілік ұғымдарының феноменологиялық
сипаттамаларын ашуға мүмкіндік беретін ғылыми білімнің әр түрлі салаларына
қолдануға негізделген.
Басқарудың классикалық теориясы шеңберінде қалыптасқан тәсілдер
басқару түсінігінің әр түрлі анықтамаларын ұсынады. Мысалы, М. Альберт,
М. Мескон, Ф. Хедоури басқаруды «ұйымның мақсаттарына жету және
қалыптастыру үшін қажетті жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеу, бақылау үдерісі»,
- деп түсіндіреді. П. Друкер басқаруды ұйымдастырылмаған топпен тиімді
мақсатты және өндірістік топқа айналдыратын ерекше қызмет түрі ретінде
қарастырады.Оның пікірінше, басқару әлеуметтік өзгерістердің ынталандырушы
элементі және елеулі әлеуметтік өзгерістердің үлгісі болып табылады [105].
Басқарудың құзырет теориясы мен практикасы көп ғасырлық тәжірибеге ие,
бірақ осыған қарамастан, оның идеологиясы үнемі өзгерістерге ұшырап келеді,
18
бұл қоғамда болып жатқан тарихи қайта құрудағы оның белсенді рөлінің куәсі.
Бұл басқару қызметін концептуалды байытуда ғылымның мүдделілігінде,
сондай-ақ көптеген практик-басқарушылардың өз қызметін ғылыми тұрғыдан
ұғынуға, оның теориялық негіздемесіне деген қажеттігіне байланысты көрінеді.
Басқару туралы ғылымға басқару қызметін сипаттайтын ағылшын
терминдері - менеджмент, менеджер т.б. кірді. Басқару мәселелері бойынша
шетелдік әдебиеттерді талдау кезінде зерттеушілер бірнеше жағдайларда
басқару терминін де, менеджмент терминін де тең дәрежеде пайдаланатынын
көріп отырмыз. Бұл факт басқару мен менеджмент ұғымдарының белгілі бір
ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік береді және біздің зерттеу шеңберінде
оларды тең дәрежеде пайдаланудың заңдылығын негіздейді.
М. Вудкок пен Д. Френсистің [106] анықтамасы бойынша, менеджмент -
адам қызметінің ең күрделі салаларының бірі. Осыған байланысты басқару
ғылымының дамуына А. Маслоу үлкен үлес қосты, ол «қажеттіліктер
пирамидасы» ретінде белгілі қажеттіліктер теориясын менеджментте одан әрі
кеңінен қолдануды қолға алған. Өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі жоғары
адамның қажеттілігі. Біздің ойымызша, ұжымда осындай жағдай жасау әрбір
қатысушы позицияны және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкін болатын
үлесін анықтауға мүмкіндік береді, бұл қажеттіліктерге басшылар нақты
бағдарлануы тиіс. Біздің зерттеуіміз үшін Ю. Кричевский мен И.Ф. Исаевтың
көзқарасы маңызды болып табылады. Басқару - бұл басқару субъектісінің оның
объектісіне әсер ету үдерісі; басқарушы және басқарылатын кіші жүйелердің
өзара іс-қимылы; жалпы мақсаттарды, міндеттерді, бағыныштылар мен
басшылар арасындағы іс-әрекеттерді субъект-субъект-субъект-субъект-субьект
қатынастары деңгейінде келісу [21]. И.Ф. Исаев басқаруды ең алдымен берілген
мақсатқа сәйкес басқару объектісін ұйымдастыруға, бақылауға, реттеуге
бағытталған қызмет ретінде сипаттайды .
Басқару адамдарға мақсатты әсер ететін, олардың бірлескен қызметін
белсендіретін адам қызметінің түрі ретінде түсіндіріледі. Олардың құрылымын
сақтауды, қызмет режимін қолдауды қамтамасыз ететін ұйымдық жүйелердің
функциясы, ұйымдастырылған мақсатқа тиімді қол жеткезуді көздейтін
өндірістік топ қызметтің ерекше түрі. Адамдардың қоғамдық жүйеге жалпы
немесе жеке буындарға саналы, мақсатты әсер етуі, оның тиімді қызмет етуі мен
дамуы мүддесінде объективті заңдылықтар мен үдерістерді тану және пайдалану
негізінде жүзеге асырылады.
Басқару обьектісін ұйымдастыру, бақылау, реттеуге бағытталған қызмет
ретінде басқару қызметінің мәнін анықтауға болады. Шынайы ақпарат негізінде
талдау және қорытынды шығару. Осылайша, диссертациялық зерттеу
басқарушылық қызмет білім беру субъектілерінің бірлескен қызметін жүйелік
және шығармашылық реттеу үдерісі ретінде түсіндіріледі. Педагог пен
тәрбиеленушінің тұлғасын шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуға
бағытталған ұйымдастырушылық, жобалаушы, болжаушы, үйлестіруші және
бақылау функцияларында көрініс табады.
Жалпы алғанда, көптеген зерттеушілердің басқару туралы анықтамалары
19
ол:
- қоғамдық еңбек үдерісін ұйымдастыру, реттеу және қамтамасыз ету
мақсаттарына қол жеткізуге, жалпы қоғамдық жүйеге немесе жеке буындарға
мақсатты ықпал етуге бағытталған;
- функционалдық жоспарда ұйымның мақсаттарын тұжырымдауды және
оған қол жеткізуді, ынтымақтасушы адамдар тобының іс-қимылдарының жалпы
мақсаттарға бағытталуын, басқару субъектісінің-оның объектісіне әсерін
қамтамасыз етуге арналған;
- өз объектілері ретінде жеке тұлғалар, топтар, тұтас ұйымдар, үдерістер
болуы мүмкін;
- осы қызмет түрін табысты іске асырудың шарты табиғат пен қоғамның
объективті заңдарын, сондай-ақ басқару заңдарын саналы пайдалану болып
табылады [106].
Зерттеуде келтірілген басқару және басқару қызметі түсінігін анықтаудың
әртүрлі тәсілдерін талдау маманның басқару құзыреттілігінің мәнін түсінудің
негізі болып табылады. Оның мазмұны мен құрылымы қызметтің ерекше түрі
ретінде басқарудың феноменалды сипаттамасына тең болады.
П.Друкер [27], Т.Питерс [28], Р.Уотермеи [28, 225б.] пайымдауларынша,
басқару қызметін қазіргі түсінудің ғылыми негізі - жүйелік тәсіл болып
табылады. Оған сәйкес басқаруды көп қырлы, кешенді және өзгермелі құбылыс
ретінде қарастырады. Басқарылатын жүйені ішкі және сыртқы ортамен
байланыстара біріктіре басқаруды жүйелі ұйымдастыруда басты назар шешім
қабылдау үдерісінде болып табылады. Шешімдер ұйымның барлық
деңгейлерінде, соның ішінде қатардағы қызметкерлер деңгейінде де
қабылданады. Адамдар жүйелі тәсілді іске асыруда шешім қабылдайтын
болғандықтан, шешімдерді әзірлеудің психологиялық үдерістерінің моделіне
сүйенуді көздейді.
Басқару теориясында бірнеше ғылыми мектеп қалыптасты. Оларды талдау
білім беру жүйесінде тиімді басқару әдістері қандай деген сұраққа жауап іздеу
тұрғысынан жүзеге асырылды. Қалыптасқан ғылыми мектептерге сәйкес басқару
теориясының негізгі идеяларын жалпыланған талдау келтірілген. Басқарудың
негізгі мектептерін талдау олардың ғылымның дамуындағы негізгі үлесін
анықтауға мүмкіндік берді.
Ғылыми басқару мектебі Ф.Тейлор [28], міндеттерді орындаудың ең жақсы
тәсілдерін анықтау үшін ғылыми талдауды пайдалану; міндеттерді орындау үшін
ең жақсы қолайлы қызметкерлерді іріктеу және оларды оқытуды қамтамасыз ету;
қызметкерлерді олардың міндеттерін тиімді орындау үшін талап етілетін
ресурстармен қамтамасыз ету; өнімділікті арттыру үшін материалдық
ынталандыруды жүйелі және дұрыс пайдалану мүмкіндігін ашты.
Аталған ғылыми мектептер басқару қызметінің мәнін ғана емес, сонымен
қатар оны басқару және басқару жүйелері мен адам факторын есепке алу
тұрғысынан жүзеге асыру тетіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл біздің
зерттеулеріміз үшін маңызды болып табылады.
Білім берудегі басқару қызметінің ғылыми алғышарттарын түсінуге ерекше
20
үлес қосқан жүйе теориясының логикалық жалғасы болып табылатын
басқарудағы ситуациялық тәсіл идеологиясы. Бұл тәсілдің мәні әртүрлі
жағдайлардағы бір басқарушылық әрекеттердің нәтижелері бір-бірінен өзгеше
болуы мүмкін. Бұл тәсіл басқару - бұл бірінші кезекте басқару функцияларын
кәсіби орындайтын маманның өнері екенін түсінуге, жағдайды түсінуге, оның
сипаттамаларын
ашуға
және
тиісті
шешімді
таңдауға
мүмкіндік
береді.Сондықтан, жоспарлау, билік ету немесе бақылау сияқты барлық қажетті
басқару әрекеттерін жүзеге асыра отырып, маман қандай жағдайда әрекет
ететінін негізге алуы тиіс. Ситуациялық тәсілдің әдіснамасын төрт қадамдық
үдеріс ретінде түсіндіруге болады:
- Біріншіден, жағдайға тән көзқарас тұрғысынан жағдайды талдауды жүзеге
асыру.
- Екіншіден, басқаруды жүзеге асыруға тиісті тәсіл таңдалуы тиіс, ол
неғұрлым жоғары дәрежеде және жағдайға ең жақсы сәйкес келуі тиіс.
- Үшіншіден, басқару басқарылатын жүйеде даму әлеуетін қалыптастыруы
тиіс.
- Төртіншіден, басқарма перспективалық дамуға әкелетін тиісті өзгерістер
жасауы тиіс. Осылайша, ситуациялық тәсіл басқару қызметінің мүмкіндіктерін
кеңейтеді, ол тек қатаң белгіленген заңдармен айқындалмауы тиіс, оңтайлы
нәтиже алу мақсатында жағдайды шығармашылық сыни бағалауға бағытталуы
тиіс.
МДҰ басқару құзыреттілігінің ерекшелігін ұғыну жалпы білім беру
жүйесіндегі басқару қызметінің теориясы мен тәжірибесінің ғылыми негіздерін
тарихи-педагогикалық талдау қажеттілігін негіздейді.Өйткені, осы жағдайда
ғана МДҰ басқару құзыреттілік ерекшеліктері мен қағидаттарын және
педагогикалық ғылымда осы мәселенің қалыптасу барысын анықтау мүмкін
болады [143].
Білім беру саласындағы басқару мәселелерін ғылыми әзірлеу
1950-1970 жж. басталды. Дәстүрлі түрде білім берудің мектепке дейінгі
сатысының бұқаралығы мен міндеттілігіне, қоғамның дамуындағы орны мен
рөліне байланысты оларды басқару мәселелері сол кездері алғаш қарала
бастағанын атап өткен жөн. Бірақ 1970-1980 жж. екінші жартысында ғана
мектепішілік басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу, білім берудегі
бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды теориялық тұрғыдан түсіндіру
жүргізіле бастады.
1990-шы жылдардың басында білім беру нарықтық қатынастар дәуіріне
енді. Білім беру мекемелерін басқару ұғымының көлемі айтарлықтай кеңейді. Ол
тек қана педагогикалық, оқытуды және тәрбиелеуді басқаруды ғана емес,
сонымен қатар мектептегі әлеуметтік, экономикалық басқару элементтерін де,
департаменттілік,
бәсекелестік, демократияландыру, әр
тараптандыру
жағдайында басқаруды да қамти бастады. Аталған әлеуметтік-экономикалық
үдерістер білім беру жүйелерін басқару мәселелері өздерінің таза педагогикалық
ұстанымдарын жойып, білім берудегі менеджменттің құрамдас бөлігі болуына
алып келді. Ғалымдар менеджмент, білім берудегі менеджмент ұғымдарын,
21
басқару мен менеджменттің арақатынасын ашып көрсетті, әр түрлі мектептер
мен басқару тәсілдерін, оларда адамгершілік-орталықты бағытты көрсете
отырып, ретроспективті қарастырады. Басқаруда көзқарас, сыйластық,
ынтымақтастық, адамдарға сенім, жауапкершілік, өкілеттіктер беру, даму және
өзін-өзі дамыту туралы ұғымдарды негізге алды.
Білім беру мекемесін басқару теориясының жалпы талдауы басқару қызметі
үдерісінде маман орындайтын функцияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Сондықтан да, ғалымдардың ұстанымы мен мектепке дейінгі ұйым педагогінің
басқару қызметіне тікелей енгізілген функцияларды бөліп көрсету орынды деп
санаймыз (3-кесте).
Кесте3-Шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі «басқару» және «менеджмент»
ұғымының талдауы.
Авторлар
Басқару және менеджмент анықтамасы
1
2
Анри Файоль
[28]
Басқару дегеніміз – қолда бар барлық ресурстардың мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, кәсіпорынды оның мақсатына жетелеу.
Менеджмент – кәсіпорынның
алдында
тұрған
мақсаттарға
максималды тиімділікпен қол жеткізу үшін капитал, ғимарат,
материалдар, еңбек сияқты ресурстарды нәтижелі пайдалану және
реттеу.
М.И. Кондаков
[135]
«Мектеп жұмысын басқару өндірістік және қоғамдық өмірдің
басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, себебі мұнда
күштерді орналастыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара
тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие үдерісінің
барлық
жақтарына
бағытталаған
ұйымдастырушылық - педагогикалық ықпал жасау мәселелері
басты мәнге ие.
В.Я. Батышев [126] Оқу орнын басқаруды педагогтар мен оқушылар ұжымының,
сондай-ақ оның жекелеген мүшелерінің қызметін ұйымдастыруға
және реттеуге, күш пен уақытты, құралдарды дұрыс пайдалануға
бағытталған іс-шаралар жиынтығын жүзеге асыру арқылы оларға
мақсатты әсер ету деп анықтайды.
М.М. Поташник
[30]
«Басқару -мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін
және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты
іс-әрекеті».
К.В. Дрязгунов
[127]
Оқытудағы педагогикалық менеджмент – мұғалімнің оқыту
үдерісін басқарудың нәтижелі жүйесін қалыптастыруға бағытталған
мақсатты педагогикалық іс -әрекеті.
З.М. Садвакасова
[73]
Педагогикалық менеджмент анықтамасы - басқарудың ғылыми негізі
экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп
пайда табуын ұйымдастыру. «Менеджер» ұғымы ең алдымен, кәсіби
басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы
ретінде түсіндіріледі.
22
3 – кестенің жалғасы
1
2
К.С. Симонов
[132]
Педагогикалық менеджмент дегеніміз – кешенді әдістердің,
ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологиялардың
педагогикалық жүйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару.
Педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік,
оқу-танымдық және өздігінен білім алу үдерісін тиімді басқарудың
теориясы, әдістемесі мен технологиясы.
К.М.Хоруженко,
А.В.Куперина
[142]
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және
білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған,
оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары
мен технологиялық тәсілдерінің кешені
Келтірілген талдаулар «басқару» және «менеджмент» ұғымдарының ара
қатынасын ажыратуға мүмкіндік берді. Яғни, «басқару» мекемені жұмысын
тұтастай ұйымдастыру, бақылауды білдірсе, «менеджмент» ішінара шараларды
білуші мамандарың іс-әрекеті болып табылады.
«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған
американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент – бұл
ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық
ресурстарды ұтымды пайдалану үдерісі». Біздің сөздік қорымызға енген
«менеджмент» термині «басқару» сөзін алмастырып отырғандай. Алайда бұл
терминдер синоним болғанымен, олардың арасында толық сәйкестік жоқ:
«басқару» ұғымы адамның алуан түрлі іс-әрекеттеріне, түрлі қызмет
салаларына, басқару органдарына қатысты қолданылатындықтан,оның
мағынасы «менеджментке» қарағанда анағұрлым кеңірек [105].
Білім беру мекемелерін басқару – кез келгені жинақтай алатын тәжірибе
ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, туа біткен
қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. ХХ
ғасырдың 1930 жылдары басқарушылық ғылым дамуында «басқарушылық
қатынастар теориялары» атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория
бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай
iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi
жұмысты қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы
адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық жеке
тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ
ғасырдың 1950 жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң
нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен
енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. «Адамдар қатынасы теориясының»
орнына басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың
рационалистiк және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын
бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi [133].
Басқару - ұйымның жұмыс істеу мақсатын тұжырымдауға және
орындауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың, ұйымдастырудың,
себептендірудің және қадағалаудың жүйелі үдерісі.
23
Жоғарыдағы айтылған пікірлерге қарап, өз түйінімізді шығарар болсақ:
Мектепке дейінгі ұйымды басқару - тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында
тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген
оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі
.
Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара
әсерлесуіне байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау,
ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан
тұрады. Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік – білім беру
мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
Басқарудың мәнін ашатын «жүйе» ұғымы, мынадай келесі белгілердің
болуымен сипатталады: міндеттер мен мақсат; басқарудың субъектісі мен
нысаны; функциялар; ұйымдық құрылымы; бірлігі; жүйе элементтерінің
дербестігі және өзара байланыстылығы; қызметтің белгіленген әдістері мен
нысандары. Жалпы мағынада басқару, басқару субъектісінің оның нысанына
ақпараттық байланыстар мен қатынастар негізінде, жүйенің қызметін тиімді
жасауға мақсатты бағытталған әсер етуі деп түсінуге болады.
Жалпы басқару - шешiм қабылдауға бағытталған, белгiленген мақсатқа
сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы
ақпарат негiзiнде талдау жасап, нәтижесiнiң қорытындысын шығару әрекетi
деп түсiндiруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық,
әлеуметтiк жүйелер болуы мүмкiн. Әлеуметтiк жүйенiң бiрi ауыл, аудан, облыс,
мемлекет көлемiн қамтитын бiлiм беру жүйесi деп бiлемiз.
Заманауи мектепке дейінгі ұйымын басқару - ол тек қызмет қана емес, кәсіп
те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекетті,
арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды
міндеттейді. ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды
өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың
классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң [28] еңбектерiн атауға
болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы қағидаттарын ұсынған. Дәл осы
қағидаттар ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған. «Басқарудың
классикалық теориясы» 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған.
Тәжірибе көрсеткендей мектепке дейінгі ұйымдарда басқарудың төмен болу
себебі - жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты
субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның салдарынан
субъекті және объекті болып бөлінеді. МДҰ басқарушылық жүйенің
басымдымдылығы маманның педагогикалық шеберлігінен, қарым-қатынас
мәдениетінен көрініс табады. Олар мыналарды қамтиды:
- оқу-тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарын, олардың диалектикалық өзара
байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;
- балалардың назарын аудару және оларды ойын мен дидактикалық
материалдар арқылы қызықтыру;
- балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, сонымен
қатар олардың тұлғалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, дара және
дифференциялды амалдарды пайдалану;
24
- балаларды тұлға ретінде қабылдау, өзара қарым-қатынаста олардың
әлсіздігін пайдаланбау;
- балалардың тынымсыз сұрақ қою кездерінде оларды шектемеу, шынайы
жауап беруге әрекет ету, өзін жоғалтып алмау;
- оқу-тәрбие іс-әрекетінде теория мен тәжірибені біріктіре білу;
- өз жұмысында АКТ-ны сауатты қолдана білу;
- мәселелерді сыни тұрғыда ойлай білу және айқын белсенді позицияда
болу, өз ойына әрдайым сенімді болу;
- оқу-тәрбие іс-әрекетін түрлендіре білу.
Ақпарат күн сайын жаңарып отырған бүгінгі таңда адам капиталын
дайындайтын мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен
өзгерістерге педагогтер дайын болуға міндетті. Болашақ МДҰ педагогтері өзі
жүргізіп отырған оқу-тәрбие үдерісінің шебер менеджері бола тұра,
инновациялық үдерісті тиімді ұйымдастыруға құзыретті [144].
Білімдік құзыреттілік нақты шынайы объектілерге қатысты тұлғалық және
әлеуметтік мәні бар өнімді іс-әрекетті жүзеге асыруады, қажетті өзара
байланысты мағыналы бағдарда білімді, икемділікті, дағды мен іс-әрекетті
тәжірибелерінің жиынтығы ретінде қарастырады .
Ғалымдардың зерттеуінде құзыреттілік ұғымы әр түрлі бағытта берілген:
- алдын-ала анықталған кез-келген мәселелерді шешу, жасау және талдау
үшін білім, білік пен өмірлік тәжірибелерді игеру;
- өмірде кездесетін танымдық кедергілерді өз-бетінше шешу, жеке
көзқарасты анықтау үшін қажетті маманның білімділік деңгейі;
- маманға белгілі бір саланың стандарт талабына сай қойылатын жоғары
біліктілік дайындығы;
- өмірге қажетті нақты кәсіби біліктілік пен дағдыны игеру Білімдік
құзыреттілік
Құзыреттілік ұғымын О.Н. Шилова мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін
«оқу, тұрмыстық, кәсіби міндеттерді ақпараттық және коммуникациялық
технологиялардың көмегімен шеше білу қабілеттілігі», - деп анықтайды [86].
Басқарушылық құзыреттілік: сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде
саналы шешім қабылдау; мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби қызметінде
кез келген мәселе мен міндеттерді өз бетінше шешу, мақсат қоя білу, оны
негіздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді
жүзеге асыру, табу, талдау, іріктеу жасау, қайта құру, сақтау, түсіндіру,
ақпараттарды тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-ның көмегімен
жүзеге асыру; логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту,
құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме,
моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып,
ақпараттарды өңдеу; қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды
пайдалану мүмкіндігі [141].
Біздің ойымызша, басқарушылық құзыреттілік - ізденімпаздықпен,
жауапкершілікпен әрекет етуге бағытталған адамның еңбегінің нәтижесінде
байқалатын (көрініс табатын), белгілі бір еңбек функциясын қабілеттілікпен
25
және біліктілікпен басқаруға, тиімді нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін
қалыптасқан ерекше қасиет.
Сурет 1 – Болашақ МДҰ басқарушылық құзыреттілік анықтамасы.
Жоғарыдағы айтылған пікірлерді зерделей келе, болашақ мектепке дейінгі
ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы
зор екендігін байқаймыз. Ал заманауи басқарушылық құзіреттілігінің сапалы
болуы АКТ қызметін кәсіби қызметке шебер пайдалана алған кезде ғана мүмкін
болады.Сондықтан, болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың ұйымдастырушылық пен педагогикалық кедергілерін шешуге
көмектесетін, біз ұсынып отырған әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Басқарушылық құзыреттілік мәселесінің ғылыми әдебиеттерде зерттелу жайына
жасаған талдау, әрі қарай МДҰ педагогінің АКТ арқылы басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық астарларын ашуға мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |