Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Dissertation1

 Зерттеудің 
жетекші 
идеясы: 
 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған әдістеме олардың 
басқарушылық құзыреттілігін дамытуға, ақпараттық қоғам талабына сай 
бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды. 
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері философия, психология, 
педагогика ғылымдарындағы зерттеу мәселесіне қатысты түйінді ойлар, басқару 
теориясы,басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру туралы ғылыми 
тұжырымдамалар, мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың оқыту-
тәрбиелеу үдеріс теориясы; зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдастырудың
құзыреттілік, іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлы, жүйелілік, ақпараттық 
тұғырлары құрайды. 
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңдары, 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 
қаулылары, 
Білім 
беруді 
ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары,Білім және ғылым 
министрлігінің білім беруді ақпараттандырудың салалық бағдарламалары мен 
тұжырымдамалары,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты, ақпараттық-коммуникациялық технология, 
басқару, құзыреттілік тақырыптары бойынша жарияланған отандық, шетелдік 
және ТМД елдері ғалымдарының зерттеу жұмыстары, психологтар мен 
педагогтардың жарияланған еңбектері, жоғары оқу орындарының оқу 
бағдарламалары, оқулықтары, оқу құралдары және т.б. құжаттар. 
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (2016-2017жж.) зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-
психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен нормативтік құжаттарға 
теориялық тұрғыдан талдау жасалды. Осы кезеңде зерттеу мәселесі, міндеттері, 
зерттеу көздері, пәні және ғылыми болжамы айқындалды; мүмкіндіктері 
зерделенді, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың «құзыреттілік», «болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымдарының мәні нақтыланды, 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар арқылы басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың 
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері айқындалып, оның үлгісі 
жасалып, өлшемдері мен деңгейлері көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет