Аниондарының барий және күміс тұздарымен түзетін қосылыстарының ерігіштігіне негізделген аналитикалық жіктелуі.
Аниондардарға әсері бойынша топтық реагенттердің мынадай түрлері бар:
Аниондарды олардан газдар бөліп шығарып ыдырататын реагенттер (сұйытылған минералды қышқылдар)
Аниондарды ерітіндіден нашар еритін қосылыс түрінде бөліп шығаратын реагенттер: а) барий хлориді (бейтарап және әлсіз сілтілі ортада); б) күміс нитраты (1н азот қышқылы қатысында).
Тотықтырғыш реагенттер: калий пермаганаты (күкірт қышқылы қатысында ); йодтың калий йодидедіндегі ерітіндісі; концентрлі азот қышқылы; концентрлі күкірт қышқылы; хлор суы.
Тотықсыздандырғыш реагенттер:калий йодиді (күкірт қышқылы қатысында )
Аниондар анализінде топтық реагенттер, көп жағдайда оларды бірін-бірінен бөлу үшін емес, алдын-ала белгілі бір аниондар тобының бар жоқ екенін тексеру үшін қолданылады. Осындай алдын-ала тексеру нәтижесінде аниондарды әрмен қарай анықтау жолдары белгілі болады.
2-кесте: Аниондардың барий және күміс тұздарымен түзетін қосылыстарының ерігіштігіне негізделген аналитикалық жіктелуі.
Топ
|
аниондар
|
Топ сипаттамасы
|
Топтық реагент
|
I
|
SO42-, SO32-, S2O32-, CO32-, PO43-, SiO32-, F-, B4O72-, C2O42-, CrO42-
|
Барий тұздары суда ерімейді, сұйыт. Қышқ. Ериді(BaSO4-басқасы)
|
BaCI2(Бейтарап және әлсіз негізді орта, рН 7-9)
|
II
|
Cl-, Br-, I-, S2-, NCS-, ClO-
|
Күмістұздарысудажәнесұйылт. HNO3–те ерімейді
|
AgNO3(Сұйыт.HNO3 Қатысында)
|
III
|
NO3-, NO2-, CH3COO-
|
Барий және күміс тұздары суда жақсы ериді
|
Жоқ
|
І-топқа: барий хлориді реагентімен суда нашар еритін тұздар беретін аниондар жатады : CO32-, SO42-, SO32-, S2O32- , PO43-, SiO32-, B4O72-, F-, C2O42-, CrO42- .Бұл топтың барийлі тұздары суда ерімейді, бірақ сұйытылған қышқылында жақсы ериді (барий сульфатынан басқасы). Сондықтан бұл топқа жататын аниондарының бар-жоғын топтық реагентімен тек бейтарап немесе әлсіз негізді ортада ғана анықтап білуге болады.
II-топқа: Cl-, Br-, I-, S2-, NCS-, ClO— иондары жатады. Бұл аниондар күміс нитратымен әсер еткенде суда және сұйытылған азот қышқылында ерімейтін күміс тұздарын береді. ІІ топ өзгешелігі І топ аниондарының күміс нитратымен беретін суда нашар еритін тұздары сұйылтылған азот қышқылында жақсы ериді.
ІІІтопқа: NO3-, NO2-, CH3COO- - иондары жатады. І және ІІ топтардың өзгешелігі бұл топ анионының топтық реагенті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |