Қабылдаған: Аргимбаева а алматы 2011 Мазмұны Кіріспе І. Әдеби шолу І.І. Зерттелетін заттың сапалық химиялық анализге дайындығы


Зерттелетін заттың сапалық химиялық анализге дайындығы



бет3/8
Дата12.12.2023
өлшемі425.15 Kb.
#486210
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-123453

Зерттелетін заттың сапалық химиялық анализге дайындығы
Белгісіз затты анализдеу процесі бірнеше сатыдан тұрады.
І. Алғашқы байқау
ІІ. Анализдеу жүйесін талдау
ІІІ. Қалаған жүйе бойынша анализдеу
Алғашқы байқау
Бірінші студент берілген затты көзбен шолып байқайды:
І. Құрғақ заттар (тұздар не оксидтер қоспасы)
ІІ. Қатты зат (сырт көзге металл не құйма)
ІІІ. Ерітінді мен тұнба
VІ. Ерітінді болуы мүмкін.
1.Белгісіз заттың физикалық қасиетін анықтау (түсіне, иісіне, агрегаттық күйіне назар аудару )
2.Тұздардың кристалын микроскоп арқылы қарау, түсіне, пішініне, көлеміне назар аудару.
3.Белгісіз заттың ірі кристалдары берілсе, анықтауға ыңғайлы көлемге дейін ұсақтау.
Берілген заттың химиялық құрамын анықтамастан бұрын, оны көзбен шолып байқап, талдауға дайындау қажет. Затты талдауға дайындау-зерттеу жұмысының маңызды бөлігін құрайды. Затты дайындаудың тәсілдері заттың түріне және зерттеудің мақсатына байланысты. Талданатын зат қатты ( тұз, металдар, құймалар,кен, минералдар және т.б.), сұйық ( сұйықтар мен ерітінділер) және газ ( индивидуалды газдар және газ қоспалары ) болуы мүмкін.
І. Берілген есеп - құрғақ зат.
Алдын ала талдау
Алдын ала талдау - жүйелік анализ кезінде қиын анықталатын кейбір элементтерді ашуға мүмкіндік береді.
Талданатын заттың физикалық күйіне байланысты әр түрлі алдын ала талдаулар жүргізіледі: үлгінің түсі, әр түрлі еріткіштерде ерігіштігі, газ жалынын түрлі түске бояуы, сынауықты қыздырған кезде өзгеріске ұшырауы, иісі, пішіні және кристалдардың түсі, құрамының біртектілігі және т.б. Ең бірінші құрғақ заттың үлгісінің аз мөлшерін жай көзбен және микроскоппен көру керек. Біртекті түссіз немесе ақ түсті кристалдар қоспада түрлі-түсті катиондардың жоқтығын,көк- мыс тұздарының, ақшыл-,қызыл- кобальт пен марганец (II), жасыл- темір (II), никель(II), мыс(II), сары- темір(III),хроматтар, қызыл-сары- дихроматтардың болуын көрсетеді.Үлгі әр түрлі кристалдар қоспасынан тұруы мүмкін, сондықтан жай көзбен және микроскоппен қарау кезінде қоспа неше заттан тұратынын болжауға болады.Бұл кезде кристалдардың пішіні мен түсін ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет