Қабылдаған: Даулетова Айнаш Орындаған: Әбділ Аида Тобы



бет3/5
Дата26.03.2024
өлшемі37.98 Kb.
#496496
түріСабақ
1   2   3   4   5
Әбділ.А БӨЖ т.о.ә.

«Қай мезгіл?» ойыны

Мақсаты: балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін жетілдіру.


Ойынның мазмұны:Жыл мезгілдеріне саяхат жасауға мына қорантағы сиқырлы қарындаш көмектеседі.Қарындашты айналдырып, қай түске келіп тоқтаса сол түстің тапсырмасын орындайды. ( Тақтаға 4 жыл мезгіл суреттері ілініп,4 түсті бет-пердемен жабулы тұрады) Ән ырғағымен қарындашты айналдыру керек.
-Ал балалар қай түске келіп тоқтадық. Көгілдір түске…
Енді көгілдір түстің тапсырмасын орындап бет пердені ашады.
-Бұл қай мезгіл екенін жұмбақтың шешімінен табамыз.
Біреуі әйнек ойыпты,
Біреуі есік қойыпты.
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: қыс мезгілі.
- Ендеше көгілдір түсті пердені ашамыз( 3 айдың бет-пердесі ашылады) Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Сиқырлы қарындашты айналдырып жасыл түске тоқталады,жасыл түстің тапсырмасын орындайық (құрастыру)


Балалар біз бұл тансырманы орындап,қай гүл екенін табуымыз керек,ол үшін 2 тапсырма беріпті соларды орындауымыз керек.
- Балалар қандай гүл құрадық? Жауқазын гүлі қай мезгілде шығады?
(Көктемде)
- Дұрыс айтасыңдар,ендеше жасыл түсті пердені ашамын. Көктем мезгілінің айларын айтыңдаршы.
-Наурыз,Сәуір,Мамыр.
-Балалар,енді көктем мезгілінен өтіп,сиқырлы қарындаштың көмегімен келесі жыл мезгіліне саяхат жасаймыз.Қарындаш айналып қызыл түсін қаратады. Қызыл түстің тапсырмасын орындайық.
Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: жаз мезгілі.
- Дұрыс айтасындар,енді қызыл түсті пердені ашайық.
- Жаз мезгілінің айларын айтыңдаршы.
- Маусым,Шілде,Тамыз.

Балалар сиқырлы қарындаштың көмегімен келесі жыл мезгіліне саяхат жасаймыз. Ендеше сары түстің тапсырмасын орындайық.


Берекесін сыйлауга,
Жемістерін жинауға.
Қызыл қырман жинайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: Күз мезгілі.
-Дұрыс айтасындар,енді сары түсті пердені ашайық
- Күз мезгілінің айларын айтыңдаршы.
-Қыркүйек,Қазан,Қараша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет