Қабылдаған: Даулетова Айнаш Орындаған: Әбділ Аида Тобы



бет4/5
Дата26.03.2024
өлшемі37.98 Kb.
#496496
түріСабақ
1   2   3   4   5
Әбділ.А БӨЖ т.о.ә.

«Кім жылдам?» ойыны

Мақсаты: Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.




«Нені жоғалттым» дидактикалық ойыны.

Шарты: заттардың ішінен 1-2 затты тығып қою, балалар көзін ашқанда сол заттың немесе киімнің атын атап жауап беруі керек.




«Қай мезгілде киеміз» дидактикалық ойыны.

Шарты: ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау. Киімдерді кигенде қалай киюіміз керек? Киімді қайдан аламыз?




«Дәмін ажырат» дидактикалық ойыны.

Шарты: балалар көздерін жұмып тұрады. Әрқайсысының аузына жемістен бөліп салу. Жеп болғаннан кейін көзін ашып, қай жеміс, оның дәмінің қандай екендігін баяндау. (Әр бала жеке айтып шығады).


2.3.Дидактикалық ойыншықтармен өткізілетін оқуда моторикалық және сенсорлық сипаттағы міндеттер шешіледі. 1 жас үш айға дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыста ең алдымен моторикалық сипаттағы міндеттер: балаларды шарларды домалатуға, сақиналарды таяқшаға өткізуге, кішкентай кірпіштерді бір-бірінің үстіне қатар қатар қалауға,заттарды ауыстырып салуға (табақшаға, шелекке), қорапшаны, матрешканы ашып жабуға және т. б. үйрету алға қойылады. (Жиналмалы ойыншықтар жеңіл ашылып, бөлшектенуге тиіс; олардың көлемі бала оңай уыстай алатын мөлшерде болуға тиіс). Балалардың даму дәрежесіне қарай оқуға сенсорлық, құрастыру, заттық құралдық сипаттағы міндеттер енгізіліп, бұлар біртіндеп күрделілене береді. Алғашқы кезде сәбилер екі контрасты көлемдегі: ылғи үлкен, содан кейін ылғи кішкентай сақиналарды кигізуге үйретіледі. Бұдан кейін орташа көлемдеп сақиналар қосылады да, ең ақырында, балалар аралас көлемдегі 5-6 сақиналардан тұратын пирамиданы жинайды. Матрешкамен жұмыс істеуді де олар осылайша үйренеді. сазаттарын өткізуде ересек адамның түсініктемесінің ойың заттарды, іс-әрекеттерді, сапаларды, қарым-қатынастарды атауының баяу қимыл әдісін пайдалана отырып көрсетуінің елеулі маңызы бар.


Міндеттердің бірте-бірте күрделенуі балаларды түрлі түспен таңдау (қызыл таяқшаларды қызыл стаканға, кәкті көк стақанға салып қою), содан-кейін үш түсті заттар беріледі. Бір жасқа келгенде бала кейбір нәрселерді білетін болады. Ол жақын адамдарды тануды, оларды тек басқалардан ғана айырып қоймайды, бірінен - бірін ажырата біледі, ол өз заттарын таниды және өзі әлі оларды қолдана білмесе де, олардың қолданылуы жөнінде ептеп хабардар болады. Шұлығын аяғына тақайды, шапкасын басына қояды, қасықпен тәрелкені «араластырады». Бала ересектерге еліктеп, кейбір дыбыстарды, дыбыс тіркестерін (былдыр), буындарды және жекелеген қарапайым сөздерді: «мама», «әже», «бер» және басқа да сөздерді айтуды үйренеді. Ол басқа адамдармен қатынас жасау қуанышын біліп, оларға қол созады, жақындағысы келеді, олармен қосылып онай ойындарды ойнағанда езу тартып, күледі, жалғыз қалдырғанда жылап қарсылық білдіреді. Аталған жетістіктердің бәрі аса елеулі жетістік емес, оны адамның (жеке басының) дамуындағы әлдебір ірі жетістік деп атауға болмайды. Шынында, ұсынылған ойыншықтарды баланың ұстауы – бұл үлкен жетістік емес пе? Ересек адам үшін, тіпті мектеп оқушысы үшін де, әрине ештеңе емес. Алайда затты ұстау өзара байланысты күрделі әрекеттерді талап етеді ғой: екі көздің, екі қолдың, қол мен саусақтардың бұлшық еттерінің қимылы көз алдындағы затты кеңістікте дәл анықтап және оны ұстауға бар назарын аударуды талап етеді. Бұл әрекеттер «анализаторлық аралық байланысқа» негізделген қимыл аралық өте күрделі әрекет бұны нәресте заттармен әр қилы қимыл жасаудың нәтижесінде ересектерден алған және өзін арнайы үйреткен әрекеттер арқылы меңгереді. Бала затқа жасаған қимылында оған әсер етіп, затқа тән қасиетті анықтайды: ол бұдырлық пен тегістікті, жұмсақтық пен қаттылықты, заттардың көлемі мен формасын, заттың ауырлығы мен жеңілдігін айыра бастайды; орнында тұрған (кішкене текшені) және домалайтын кішкене шарларды да айыра бастайды. Бала бұл арада заттардың арасындағы кейбір байланыстармен де танысады. Столды қасықпен ұра отырып, ол дыбыстарды естиді, сол қасықпен одеялды ұру ешқандай дыбыс шығармайтынын біледі. Егер аю кубиктердің алдында отырса, онда ойыншықты алу оған оңай болмайды. Әрі бұл байланыстарды бала біршама кеш - лайықты сөздік белгілерді: «артта», «аралығында», «сондықтан» және басқа сөздерді білгенде ғана түсінеді. Бала затпен қимылында өзін, затпен не жасай алатын мүмкіндігін және өзіне таныс, күткен иәтижеге жететінін біле бастайды. Мұндай жаңалықтар апулар әсіресе бір жастан кейін молайып, түрлене түседі. Кеңістікте еркін қимылдап, жүре білуге үйреніп, диванның астына кіруге үйреніп, столды жағалауға, жоғарыдан немесе төменнен көңілін аударып алып, бала өзін қызықтыратын заттарға жетуге мүмкіндік алады. Олармен манипуляция және әр түрлі әрекеттер жасау енді механизмнің анағұрлым күрделі жұмысын, дененің қозғалысын реттеуді, қозғалып жүрудің тәсілін өзгертуді, көңіл аударарлық бұйымдардың жатқан орнын айыра білуді, еңкее, бұрыла, қол соза, жүреден тоыра, еңбектей білуді және тағы басқаларды талап етеді. Қол жеткен табыс бала орындаған практикалық қимылдардың күшті «дәлелі» болып табылады. Ол қуаныш, мақтаныш және жеңіс сезімін тудырады. Бала іс жүзінде өзін, өзінің күшін, өзінің мүмкіндіктерін осылай бағалайды. Ол өзінің күшін көбірек, жиі және батыл түрде байқап көреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет