Негізгі,бөлім
Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады.
Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты.
Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.
Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады.
Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты.
Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді.
Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді.
Руссо да өзінің діңге байланысты «Қоғамдық келісім» деп аталатын еңбегінде болашақ дін социологиясы және қоғамды интеграциялаушы ретінде дін туралы жаңа тезис туындайды дейді.
Бұдан басқада ғалымдар дін жайлы өз пікірлерін айтып өткен.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі кезде өзекті мәселе болып тұрған проблемаларын шешу жолындарын табу барысына негізделіп жүргізілген.
Зерттеу жұмысының міндеті. Қазақстан Республикасы соның ішінде Оңтүстік Қазақстан жеріндегі «Діншілдік дүниетанымның деңгейін» анықтау. Оларға социологиялық талдау жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі Оңтүстік Қазақстан тұрғындары. Соның ішінде көпшілігі жастар мен орта жастағылар болып отыр.
Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер.
Діннің қоғам интеграциясы ретіндегі социологиялық теорияны жасаудағы басты еңбек Дюргеймге тиісті. «Діни өмірдің элементті факторларынан» ол дінің пайда болуы мен дамуының эволюциялық теориясын жасайды. Ең бастысы – діни феноменнің қызметі мен құрылымын анықтаудың мәселесін жетілдіреді. Радикалды сындарға қарағанда ол діннен «сиқырды», «жалған сананы» емес, адамның әлеуметтік аспектіде өмір-сүруі негізімен үздіксіз байланысты институтты көреді. Дін Дюргеймнің түсінігінде адамдардың әртүрлі іс-әрекетінде ұстанатын әулие заттарды бөлуге негізделген. Адамдардың қасиетті заттарға деген қарым-қатынасы функционалды анықталған. Дін қасиетті заттарға бағытталған сенімдер мен іс-әрекеттердің зайырлы жүйесі; осы сенімдер мен әрекеттер сол сенімді ұстанатындардың «моральдық қауымдастықтығын» құрайды. Дін – адамдардың ерекше үлгімен ұйымдасқан әлеуметтік іс-әрекеттері, яғни индивидтің емес, белгілі –бір топтың жатуы.
Осылайша егер біз қасиетті заттарға бағытталған сенімдер мен әрекеттердің мәнін түсінгіміз келсе, сол сенімдерді ұстанатындарға жүгінуіміз керек. Діни өмірдің қайнар көзі – адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік тәсіл. Әлем туралы ойлайтын индивид бар болған соң емес, қоғам өмір сүргендіктен дін де өмір сүреді. Австриялық аборигеннің қоғамдық өмірін, яғни жалған қоғамды айтқысы келе отырып, Дюргейм қарапайым индивидтер саннасына қарағанда, қоғам әлдеқайда бай және күрделі өмір сүреді. Дінді ұстанушы жеке емес, «топтардың ұжымдық санасы», әлеуметтік сана болып табылады.
Дюргеймдік анализдің басты пәні болып табылатын діни өмірдің элементті деңгейінде әлеуметтік қауымдастық, өзара байланысқан кландар жүйесінің және діни қауымдастықтың арасында құрылымдық дефференциясы жоқ. Дюргейм дінінің пікірінше «шіркеу» деп атауға болатын моральдық қауымдастық туралы айтқанда, бейбітшілік өмір және дін өмірдің бейбіт қоғам мен діни қоғамның арасында әлі ерекшелік жоқ қоғам туралы айтып отырғанын есте ұстау керек. Бұл қоғамдағы «моральдық қауымдастық» және «шіркеу» клан болып табылады, анығырақ айтқанда барлық топ емес, индивид жататын әлеуметтік өмірдің алғашқы буынын құрайтын топ. Дюргеймнің ойынша австриялық аборгендерде бұндай әлеуметтік релевантты түзілім клан пайда болды. Дін оның жоғалуын зайырлығын қаматамасыз етеді. Оның интеграциялық қызметі осыған негізделген. Дюргеймнің пікірінше салт жоралғылар әлеуметтік өмірдің қалыпты өмір сүруі үшін айтарлықтай маңызды. Азық бізге денемізді қореқтендіру үшін қаншалықты қажет болса, жоралғы да әлеуметтік өмірге соншалықты қажет.
Жоралғылар қажетті заттарға бағытталған. Жоралғылар топтардың ұжымдық іс-әрекеті. Жоралғы деген қайсібір шектеулі уақытқа ғана созылатын өмірдің қарқында бір жарқылы. Ұжымдық жоралғы қатысушылар эмульциялық қозу күйінде болады.
Дюргеймдік теорияда дін радикалды функционалистік түрде қарастырылады. Ол әлемді түсіндіруге өзінің теориялық қарсылығын қалдырып өзінің әлеуметтік пайдалылығына есеп беру. Социологиялық міндетті дінің әлеуметтік ролін анықтау. Кез-келген діни ұғым социологты қызықтырады, өйткені діни ұғымдар әлеуметтік шындықты символдайды. Социолог үшін дін-оның ақиқаттылығы және салғандығы тұрғысынан бағалауға жататын сенімдер жиынтығы. Әр қоғам өзінің тұтастылығын қолдауды қажет етеді. Бұған дінің көмегімен қол жетікізеді. Дін құқық және мораль сияқты адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына әсер етуші институт болып та табылады. Қоғамның ахуалын анықтаушы нақты күш. Тарихта діни сенімдер, жоралғылар, діни ұйымдар өмірі өзгерсе де діннің қоғамды интеграциялаушы қызметі сол қалпында қалды. Сонымен қатар дін, Дюргеймнің ойынша «моральдық қызметті де атқарады». Дін адамдар талпынатын идеалдардың қалыптасуына ықпал етеді. Сөйте тұрып қоғамның дамуын ынталандырады.
Дюргеймнің жасаған теориясы ескерілді. Ең алдымен оның австриялық аборигендер дінін интерпритациялауынан. Қазіргі кезде Дюргеймнің теориясын этнологтар діни сенімдердің пайда болуын түсіндіруде мойындамайды. Дегенмен этнология мен әлеуметтік антропологияға қатысты бұл теориялыр Дюргеймдегі маңыздысы емес. Ондағы маңыздысы діни өмірдің элементті формаларында сипатталған жалпы әлеуметтік қоғамның теориясы.
Діннің қызметтік анализінің дамуы Дюргеймнен кейін Б.Малиновскиймен А.Р.Рэдклифф-Браунмен байланысты. Олардың пікірінше кез-келген институт қандай да қызмет атқармаса жойылады.
Б.Малиновскийдің ойынша адамдардың қажеттеліктері және талпыныстары қоғамдағы тепетеңдікі сақтауғамүмкіндік беретін тәсілдермен қанағаттандырылып отырылуы керек. Басқаша айтқанда инстинктермен анықталған адамдық қажеттіліктер қоғам бақылауымен орындалуы керек.
Әлеуметтік зерттеудің міндеті қандай да бір әлеуметтік институт іс-әрекетті реттеуші ретінде қандай қажеттілікті қанағаттандыратындығын анықтау.
Дюргейм ұсынған дін анализі функциональдық әдісін алға қоймастан Малиновский Дюргеймдік дін теориясының жекелеген жағдайларын сыни бағалайды. Ол ұжымдық ұжымдарда барлық уақыттарда діни сенімдерді жүзеге асыра бермейді дегенге назар аударады. өйткені бұл ұғымдар шындығында таза скулярлы болуы мүмкін. Малиновский қарастырған Дюргеймнің қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі өз мақсатына жетпеді. Жеңліс тапты. Басқаша сөзбен айтқанда индивидтің жеңіліс табу кезінде сәттілікке жетуін қамтамасыз етуді қалай жүзеге асыруға болады. өйткені әр қоғам қызметінің ір саласы үшін легитимді мақсаттар мен оларға жетуге қол жетімді құрадар анықталған. Ең игілікт мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құралдар жақсы және қолжетімді емес. Егер құрал мен мақсаттық қалыпты байланысы арасында келіспеушілік болса, егер легитимді құралдарман қалаған нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болмаса, онда дағдарыстық ахуал туындайды.
Малиновскийдің ойынша дағдарыстық жағдайларда (өлім, қайғы) алда қойған міндеттерге жетудің қарапайым және жеңіліске апармайтын тәсілі – іс-әрекет құрылымына магия және сиқырдық деген сияқты элементті ендіру. Ол әр жекелеген жағдайға сәтсіздіктің тиімді себебін түсіндіруді қамтамасыз етеді.
Уақыт өте келе магия және сиқырлық өзінің маңызын жоғалтты. Қазір оларды дін ұсынатын басқа құралдармен шешеді. Малиновский сәтсіздікті қаталдықты, жақын адамның көз жұмуы біздегі қауқарсыздығымызды және тұйыққа тірелген жағдайда шығар жолдың бар екендігіне үмітті тудырады дегенді алға тартты. Дін адам өзінің күші сарқылған кезде іске қосылады. Әсіресе жақын адам өлген кездегі көңіл-күйін жеңе білуге деген қажеттелік маңызды. Әртүрлі діннің өлімге деген қарым-қатынасы әртүрлі. Әртүрлі дін өлімді түсіндірумен қатар, оны жоралғы деп те санайды. өлімнің қызметі қалғандарын өлімге бой үйреткізіп, топтың реинтеграциясын қамтамасыз етіп, тынымсыздық пен қорқынышты жояды.
Функционализм шеңберінде А.Р.Рэдклифф-Браун біршама басқа жол ұсынды. Ол көптеген әлеуметтік қатынастардың қызметін жеке емес, әлеуметтік қажеттліктермен байланыстырады. Малиновскиймен салыстырғанда ол діннің негізгі қызметін индивидті эмоциональды-психологиялық жұбатудан емес, сенімдер мен жоралғылар мазасыздықты жою үшін емес, керісінше оны ушықтыру үшін қызмет ету керек еді. Діннің құрылымдық функциональдық сараптамасы мынадай қорытынды жасауға алып келеді: дін-мәдениет орнатқан нормалар мен ержелердің бұзылу қаупін тудырып, әлеуметтік бақылау құралы ретінде болады. Девианттық мінез-құлықты жою қызметін атқарып, әлеуметтік интеграциямен тұрақтылықты оңайлатады.
Діннің қызметі индивидке өзінің психолгиялық мәселелерін шешуге көмектесуге негізделген. Егер индивидтердің қоғам талабына жауап беріп қлғамды сақтау мен оңайлатуға қызмет етуіне орналған әрекетіне әрекетіне итермелесе дін өз қызметін орындағаны. Қоғамның мүддесі мен тілектерімен салыстырғанда моральдық артықшылықтарға ие; адамның қажеттелік, индивидтің мүдделері құдайдың талаптарына әрқашан жол беру керек. Басқаша айтқанда қоғамның әлеуметтік талап-тілектерін тежеуші құрал ретінде қажет етеді. Осы мақсатқа жету үшін моральдық абсолюттің беделіне сүйену керек. Жалпы мүдде жеке мүддеден жоғары тұру керек.
Д.Хоманс, Малиновский мен Рэдклифф-Брауынның теорияларын салыстыра келіп, олардың бір-бірін жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырады дейді. Рэдклифф-Браунның өзі де екі көзқарастыда мойындаған. Магия мен дінің қызметі адам бойына сенімділік пен қауіпсіздік сезімін тудырудан көрген. Ал екінші көзқараста дін мен магия адам бойында бұрын болмаған қорқыныш пен мазасыздық сезімін туындатады.
Дінің функциональды анализі ары қарай дамуын ең бірінші Т.Парсонтың атымен байланысты, жүйелік функционализм мектебінде жалғастырды. Ол Дюргейм салған жолмен толқы келісімдегі көзқараста болды. Оның пікірінше теориялық пән ретіндегі социологияның басты мәселесі әлеуметтік жүйелердің интеграциясы болып табылады. Социология әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік жүйелердің интегративті ахуалымен айналысуы керек. Менің түсінігімен сәйкес, деп жазады. Ол социология әлеуметтік айналысады. Дәлірек айтсақ, осы жүйелердің интеграциясына қатысты құрылымдар мен процестерді зерттейді. Қоғам жиынтық әлеуметтік жүйе ретінде жүйелерді де өзіне қосады. Басқаша сөзбен айтқанда әртүрлі деңгейдегі қауымдастықтың әртүрлі деңгейіндегі тұлғадан бастап, тұтас өркениетке дейінгі әлеуметтік жүйелер өмір сүреді. әр жүйе өз деңгейіне тәуелсіз, әрекеттер жүйесінде өмір сүреді, яғни ол әрекет ету керек, әйтпесе өледі. Әр әлеуметтік жүйе негізгі қызметтер жиынтығынан тұрады бейімделу, мақсатқа жету, интегреция және үлгіні ұстау іс-әрекет үлгісі ретінде мәдени принциптерді сақтау және жетілдіру. Дін — қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыс үздіксіз дамып отырады. Дін — одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды.
Діннің қоғамдағы атқарып отырған әлеуметтік қызметтерін әлеуметтанушы ғалымдар әлеуметтік тұрғыда зерттеп, өз пікірлерін ұсынған. Әлеуметтанушы ғалымдардың айтуынша дін – адам өмірін саналы қылатын нәрсе, адам не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған кезде, ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан жағдайға түседі. Сол сияқты, егер адам кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты болуы үшін еңбегі сіңгенін сезбесе өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан болып, ешнәрсе сенімді болмайды. Дін — адамдарға өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі және осы сұрақ төңірегінде адамдарды біріктіруші қызметін атқарады.
Дін — қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерді орындауы үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың тиым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан көпшілік діндер қайта орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын амалдарға ие — тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін бәсеңдеуі немесе оны артуы мүмкін.
Дінді бұлай түсіну әлеуметтанушы Р.Беллдің келтірген анықтамасында көрініс береді. Ол анықтама бойынша дін тұтас әлемді қабылдау үшін символикалық жүйесі және адаммен әлемнің ортақ тұтастығы ретінде байланысын қамтамасыз етеді, ол жерде өмір және әрекет белгілі бір соңғы мағынасына ие болады. Қазіргі заманғы әлеуметтанушылардың сөзімен айтсақ, діни символдар мен түсініктер, белгілі бір мағына бере отырып, адамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Дін адам өмірінің құндылықтары мен нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп, қоғамды бірлікпен татулыққа шақыратын маңызды фактор.
Сондай-ақ, әлеуметтанушы ғалымдар діннің қоғамда жағымды түрімен қатар жағымсыз рөлгеде ие болатынын айтады. Оған мысалы ретінде орта ғасырлардағы Еуропада қоғамның ілгері дамуына септігін тигізетін ғылымдарға діни тұрғыдан тосқауыл жасап, ғалымдарды қудалап отырды. Сонымен қатар, дін тұрақтылықты қамтамасыз етумен бірге түрлі топтар арасында қарама-қайшылық тудыру арқылы жанжалдардың туындауына да себеп бола алатынын келтірген. Дегенмен де, діннің жағымды, жағымсыз түрі деп қарауда қате пікірге саналатынын кейінгі әлеуметтік зерттеулер көрсетуде. Себебі, бүгінгі күнде әлем халқының басым көпшілігі діннің негізінде адамзат үшін тек қана жағымды, пайдалы фунцияларды атқаратынын айтады. Ал, діни жанжалдардың көпшілігінің астарында дінді саяси және экономикалық мүдделерге пайдаланып жатқандығы бүгінде көпшілікке аян. Оған мысал ретінде Таяу шығыс елдерінде болып жатқан қақтығыстарды айтуға болады. Мұндағы жанжалдардың негізгі себебін діннен, оның ішіндегі Ислам дінінен көріп жатқандар аз емес. Осы тұрғыда діннің негізгі фунциясы болып саналатын біріктіруші қызметін кері пайдалануғада болатынын аңғаруға болады. Себебі кейбір кереғар діни топтардың көшбасшы дін өкілдері адамдар арасында Ислам дінінің негізгі құндылықтарын қате түсіндіруі арқылы адамдарды діни радикалдыққа, экстремистікке дайындауда. Осылайша бұрыннан бір сеніммен бір идеяға біріккен адамдарды ыдырата отырып, жаңа діни топтарды құрау арқылы, діни жанжалдардың басталуына түрткі болуда.
Сондай-ақ, соңғы уақыттарда елімізде дінді толыққанды түсінбеген, теріс ағымның жетегінде жүрген кейбір азаматтар қазақ қоғамында ежелден қалыптасып келе жатқан мәдениетке, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге ислам дініндегі «Ширк», «Бидғат», «Куфр» деген терминдерін орынсыз, білімсіз пайдаланып, қарсы жығып жатады. Негізінде қазақ халқының қайсы бір мәдениеті болсын, салт-дәстүрі болсын астары ислам дінімен ұштасып жатады. Дінді кең ұғыммен, терең біліммен, байсалдылықпен ұғынбаса, діннің қасиетін, құндылығын жоғалтып, діннің қоғамдағы асыл қызметтерін жоққа шығарады.
Қорыта келе, дәстүрлі діндердің қоғамдағы әлеуметтік функциялары — қоғамның рухани бірігуі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, адамдардың бір-біріне деген мейірімді болуы, адамгершілік нормаларының сақталуымен жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып саналады. Діннің осы бір құндылықтарын ұстана отырып, әрбір халық өз елінде тыныштық пен татулықты сақтау тіис.
Мешіттер, шіркеулер, деноминациялар жә- не культтар өз өмірінің мәнін діннен көретін адамдарды өздеріне жұмылдырады. Неге және қалай болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін өте өзекті. Бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Функ- ционалистер, діннің қандай әлеуметтік мақ- саттарға қызмет ететінін анықтауға тырысса, ал қайшылық теориясын жақтаушылар, қандай жағдайда дін таптық жүйені нығайтады немесе оны түбірімен жояды, болмаса алғашқысы мен соңғысының қалыптасуына мүмкіндік береді деген сұрақтың шешімін көрсеткісі келді.
Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысын- да маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормала- рын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдала- намыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеле- нуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем – қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір то- тем туысқандық топтың немесе кланның сим- волын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем – клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті [1].
Жалпы тотем (солт. – америк. аджибве тайпасының тілінен аударғанда – тек, ата) – бел- гілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһан- кезі Дж. Лонг енгізген. Адамзат дамуының алғашқы архаикалық сатыларында адамдар өздерінің табиғатпен етене байланысын толық сезінген, сондықтан да олар өздерінің шығу тегін табиғаттың нақты көріністері арқылы түсіндірген. Адамдардың осылайша өздерін теңестіру формаларын тотемизм деп атайды. Тотемнің әлеуметтегі атқаратын қызметіне оның белгілі бір адамдар қауымдастығының басын біріктіруі, туысқандық сезімін қалыптастыруы жатады. Ең бастысы, тотем «біз» және «бас- қалар» арасындағы шекараны анықтайды. Арғы ата – тотемнің сол халықтың мифтерінде, аңыз әңгімелерінде айтылған тарихы, олардың мә- дени ұйымдастырылуының негізі болып сана- лады. Қазірде тотемнің қалдықтарын гераль- дикадан, тұрмыстық символикадан, т.б. көруге болады. Қазақ мәдениетінің архетипі – көне түркі мәдениетінде де тотемдік көзқарастар молынан кездесіп отырған. Көне түркілердің өздерінің шығу тегін көк бөрімен байланысты- руы қазақ ақын-жырауларының аузына «бөрілі менің байрағым...» деген жолдарды салса, қарапайым халық арасында сол Көкбөрі рухына арналып жасалатын бәйге түрі – көкпар тарту жүргізілген [2].
Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге аса- ды. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік не- месе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап – өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді [1].
Э. Дюркгеймнің дін теориясында, бірін- шіден қоғам адамдық тәжірибені нығай- тады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғам- ның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі – қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинай- тын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол – ритуал- дарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі бас- ты нәрсе – догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет.
Ритуал – әлеуметтік реттелген, рәмізделген жүріс-тұрыстың тарихи қалыптасқан бітімі. «Әдет-ғұрып», «салт-дәстүр» ұғымдары ритуал түсінігімен тығыз байланысты. Ритуалды, оның мәнін анықтау күрделі мәселе болып та- былады. Оның көптеген анықтамалары бар. Зерттеушілердің басым көпшілігі ритуалға анықтама бергенде, оны діни жүріс-тұрысты білдіретін категория ретінде түсінуден бастай- ды. Мысалы, Э. Дюркгейм ритуалды «адам өзін қасиетті объектілермен қатынаста қалай ұстау керек екендігін айқындайтын жүріс-тұрыс ережелері» деп санайды. Дюркгейм ритуалды тыйым салынған объектілермен байланыста- рын негативті, ал құрбандық шалу, ата-баба аруағына табыну, күнәсін өтеу сияқтылармен байланыстыларын позитивті деп бөлген. Ритуалдың сұрыптамасын жасады. Ол ритуалды әлеуметтік қызметі ұжымдық сезімді күшейту, әлеуметтік бірлікті қолдау деп санады. Осын- дай анықтамалар ритуалды адам әрекетінің сакральды (құпия) аймағына (күнделікті тұрмыстан бөлек) жатқызады. Малиновский ритуалдың қатарына тек діни тәжірибені ғана емес, мистикалық түсініктермен байланысқан магиялық тәжірибені де жатқызды. 19-20 ғғ. бірінші жартысында ритуалды зерттеуде риту- ал мен миф арақатынасы мәселесі үлкен орын алды. Антропологтардың қайсыбіреулері ритуал алғашқы, ал миф оның тұрақтануы, оны түсіндіру, рационализациялануы деп санаса (Фрейзер, Лич, Робертсон-Смит), ал басқалары миф алғашқы деп санайды (Тайлор, Малиновский, Гуди). Қазір ритуал мен мифті бір рәміздің көрініс табуының екі түрлі бітімі деп қарастырады. Олар бір уақытта және өзара байланыста болады. Ри- туал рәмізін француз әлеуметтану мектебінің структуралистік бағытының өкілдері зерттеді. Мысалы, Леви-Строс структуралық лингви- стика тәсілдерін қолдана отырып, ритуалды «тіл» немесе таңбалық жүйе ретінде зерттеді. Лич ритуалды «сакральдылық» (құпиялылық) аймағына шығу ретінде қарастырды. Онда күнделікті тұрмыс нормалары өз маңызын жо- ғалтады. Ол ритуалдық актілер мен әдеттегі іс-қимылдардың аражігін ашу өте қиын, өйт- кені әр қимылдың практикалық, аспаптық және ритуалдық аспектілері бар деп санайды. Яғни әрбір іс-қимылдың ритуалдық өлшемі бар. Э. Гоффман қазіргі кездегі ритуалды қарас- тырып, олардан діни табынушылықпен бай- ланысқан өткен уақыттағы ритуалды сакраль- дандыру адам тұлғасына да таралғанын, себебі қазір адам тұлғасының өзі қасиетті объектіге айналғанын көреді. Оларды «табиғи ритуал- дар» – сәлемдесу, этикет, әңгімелесу, сөйлесу ритуалдары деп атайды. К. Лоренц ритуалды жүріс-тұрыс үлгілері ретінде қарастырады. Олар, негізінен, коммуникативтік қызмет, сондай-ақ бақылау, топты біріктіру, мәдени рәміздерді қалыптастыру қызметтерін атқарады. Қазіргі заманғы орыс ғалымы В. Топоров архаикалық ритуал табиғатын талдап: «ритуал – бұл ұжымдық іс-қимыл. Ол әу бастан табиғат ырғағының заңдылықтарына бағынып, кейіннен адамдардың алғашқы әлеуметтік топтарының әлеуметтік ырғағын қалыптастырды» деген қорытындыға келеді. Ритуал барлық ұжымдық және қоғамдық жүріс-тұрысты реттейді, оған мән-мағына және мақсаттық сипат береді. Ри- туал әртүрлі қызметтер: діни-құқықтық (мо- раль, заң, тәртіп), қорғаныс (қауіпсіздік, әскери) және шаруашылық-экономикалық (еңбек) қыз- меттерін атқарады. Зигмунд Фрейд, діннің басқа да қызметін көрсеткен. Оның пікірі бойынша, дін – адам- дарды бала кезінен бойынан өткізіп келген қорғансыздық қорқынышынан сақтайды. Осын- дай қорқыныштан сақтанудың жолын бала ата- анасынан тапса, сол сияқты үлкендер оның жауабын сүйікті жаратушыдан табуға тырысады. Оның ойынша, діни түсінік – ол әлеуметтік иллю- зиялар. Адамдар материалдық табиғатқа қарама- қайшы өздерінің психологиялық қажеттіліктер- ге бағытталып өмір сүріп жатқандығын түсінсе, бұл иллюзиялар сейілер еді дейді.
Қайшылық теориясының жақтастары, дін – бұл әлеуметтік өзгерістерге шыңдайтын күш деп түсіндіреді. Діндегі ыдырау қоғамды ради- калды түрде өзгертуі мүмкін. Бұған Ирандағы жағдай дәлел бола алады, мұсылман шиитер аятолла Хомейннің басшылығымен Иран шах үкіметін құлатып, ирандықтардың күнделікті өмірін мұсылмандық сенім ережесіне сәйкес ұйымдастырып көруді жасады. Діннің қоғамға әсерін тарихи талдау М. Вебердің классикалық зерттеуінде берілген. Кальвинизмнің етек алуы неміс ғалымының қызығушылығын оятты. Каль- винизм сенімі өзге діндерден адам тағдырының алдын ала анықталатындығын тұжырымдаумен ерекшеленді. Осыған сәйкес адам дүниеге кел- мей тұрып, оның рухы тыныштық таба ма, жоқ тозақ отында жана ма оны осы діни сенімде құдай шешеді. М. Вебердің еңбегінің басты идеясы – әр елдегі экономикалық өмір оларда қалыптастасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. Вебер дінді, бір жағынан, мәдени жүйенің белгілерін (тұлға мен қоғамның құндылықтары, таңба мағыналары, рәміздері) бойына жинақтайтын әлеуметтік-мәдени инс- титут ретінде қарастырса; екінші жағынан, дін әлеуметтік әрекетке мазмұн және мағына беретін дербес құрылымға жатады. Әлемдік та- рихты экономика шешеді деген Маркстің ерек- ше тұжырымына, Вебер, адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Вебер басқа да факторларды атап көрсетті, мысалы, әскери бюджеттің рөлі және тауарларды тұтынуға жоғары сұраныс өндірістің ұлғаюына ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік жаңа бетбұрыстар діни сенімнің өзгеруіне әкеледі, сондықтан қоғамның дінге ықпалы болады дегенді Вебер мойындаған. Протестанттық реформацияның әсерімен эко- номикалық құрылым өзгеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ қоғамның басқа да көптеген инсти-туттары: ғылым, құқық және білім беру де өзгерді. Кальвинизмнің ықпалынан пайда болған өзгерістер комплексі қоғамның әлеуметтік құрылысын қалыптастырды.
Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан, дін инс- титуты өзара байланысқан екі деңгейден тұратын жүйелік құрылысты көрсетеді: 1) құн- дылықты-нормативтік модель, өзіне қасиетті деп танылатын анықталған құбылыстар мен құралдар ортасына кіретін сенім жиынтықтары мен символдарын бекітеді; 2) діни нормалар мен сенімдердің барысында реттеліп және басқарылып отыратын, мінез-құлықтық үлгі- лердің құрылымы. Соңғысының шынайы көрі- нісі діни тәжірибенің түрлі аспектілерін бекі- тетін ұйымдардың әрекет етуі: сенушілердің моральдық қауымдастығы, дәстүрлер, ұстаным- дар жіне т.б. Діннің құндылықты-нормативті деңгейі құлшылық етудің күрделі жиынтығын көрсетеді, яғни киелі мәтіндер мен жазбалар- да берілген құндылықтар, символдар. Мысалы, мұсылман дінінде құндылықтар мен білімнің көзі Құран болса, ал христиан дінінде Библия [2].
Діннің әлеуметтік қызметтері, негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыт – дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін, құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни абсолютті күш деп түсіндіреді.
Екінші бағыт – бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге, ең алдымен, отбасының, оның мү- шелері мен туған-туысқандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті, халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдет- ғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнеге- өсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құн- дылықтар жүйелеріне тылсым күштердің – әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады.
Үшінші бағыт – реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауым-діни жіктеліс те бар, тарихи-ұлттық діндер, дәстүрлі діндер және дәстүрсіз діндер секілді. Мәселе осылардың түкпірінде не тұр. Діни бірлестіктер мен ұйымдардың қандай жағымды- жағымсыз ықпалы бар, соны қарастыруда. Бүгінгі Қазақстанда ресми дерек бойынша 2369 түрлі мұсылман, 286 православиелік бірлестік болса, 83 католик мекемесі, 28 иудейліктердің, 1208 протестанттық ұйым бар. Ал дәстүрсіз діндердің 83 ұйымы, 370 шетелдің миссионерлік секталар мен ұйымдары жұмыс істеуде. Бы- лай қарағанда Қазақстан діни сенімдер мен бостандықтардың үлгісі секілді.
Діни секталарды сотта жеңу жалпы қай мем- лекетте де қиын.
Миссиология деген ғылым бар. Бұл та- уар алуға жарнама жасау қалай меңгерілсе, адамдардың орныққан психологиясын миссияға сәйкес бұзу арқылы рухани тауар ету ілімге негізделген. Олардың мамандары сондай жетік келеді, тіпті қазақшаны қазақтан кем білмейді. Олар қазақтың салты мен психологиясын, та- рихын терең біліп келуі мүмкін. Сондықтан оған қарсы тұру үшін сондай деңгейдегі құры- лымымыз бен мамандарымыз керек. Сонда дін бәсекелестігі деген шығып отыр.
Бізге дін бәсекелестігі сырттан танылды. Жалпы дәстүрлі емес діни ағымдардың шабуы- лы АҚШ-та 80-жылдары болып өткен. Америка оларға жоғары дәрежелі мамандары мен қажетті қарсы қоғамдық пікір туғызу арқылы тойтарыс берді. Оған ол елдің ғылыми да ақпараттық та әлеуеті жеткілікті еді. Ал Мун сияқты ықпалды ұйымдардың басшысын түрмеге салды. Сосын басқалары тым-тырақай болды. Олар қашып ба- рып Еуропаға тығылды да, КСРО ыдырағанда бізге қарай лап қойды. Ал біз оны өзіміздің көпдіндік қоғамдық жетістігіміз деп жариялап жүрдік.
Еуропада діндерді реттеу арқылы демокра- тия орнаған, ал біз ретсіздікті демократия деп жүрміз.
Жалпы, дін сол елдің мәдениетімен, дәстүрімен сіңіспесе қатерге айналады. Ислам әлемі біртұтас болғанымен, әр халық оны өзінше тұтынған.
Дегенмен біз Еуропаның өзінен үлгі алып, мәселемізді шешіп алуға мүмкіндігіміз бар. Еуропалық елдерде бүгінде 3 дін қатар өмір сүруде. Алайда қоғамнан оларға өз орнын беріп қойған. Мысалы, Англияда англикан шіркеуі мемлекет тарапынан ешбір қысылмай қамқорлық көріп отырған дін. Ол дін ағылшын халқының ру-
хани-тарихи діңгегі болып саналады және соны қоғамға мойындатқан. Мемлекет оны қолдайды қаржыландырады. Екінші сатыда католик діні, ол енді бүкіл еуропалық дін ретінде мойындалған, бірақ соншалықты қамқорлыққа алынбаған. Со- дан кейінгі өзімен-өзі өмір сүріп жатқан, ислам діні. Еуропа елдерінде діни ғимараттар жеке меншікте емес, мемлекет меншігінде. Олар мемлекет есебінен жөнделеді және ескерткіш есебінде қорғалады. Бірінші сұрыптағы дін мемлекеттік дін болып есептелгенімен, оның ішкі-сыртқы саясатына кіріспейді, ол дін тек қана мемлекет құраушы халықтың тарихи түзуші фак- тор есебінде, басты рухани тәрбие көзі ретінде қамқорлыққа алынады. Осылайша, реттелу ар- қылы демократиялық принцип орнаған. Дін мен мемлекеттің арасындағы қатынастың баянды болуы айналып келгенде, ең әуелгі мемлекеттік саясатқа байланысты.
Ғасырлар тоғысында әлеуметтанушы аме- рикалық ғалымдар Дж. Нейсбит пен П. Абур- дин 2000 жылы XXI ғасырдың алғашқы жылдарындағы әлемдегі ең басты ықпалды, жаһандық сипаттағы он бағыттың (мегатен- денциялар) ішінде тілдік патриотизм мен діни қайта жаңару үрдістерін атады. Ал БҰҰ қолдауымен 2003 жылы дайындалған «Әлем болашағы пішіні» атты еңбекте де он төрт басты үрдістердің екеуі діни және ұлттық жағдайларға байланысты: радикалды ислам идеологиясының дамуы және этностық өзін-өзі тану саясатының күш алуы
Достарыңызбен бөлісу: |