Галлюцинация ұзақ мазасыздық пен ойлаудың бұзылысымен
бірге жүреді. Психикалық өзгерістер терең
ұйқыдан кейін
жоғалып кетеді. Психоз дамуы жалғаса беретін болса вербальді
галлюцинация пайда болады,онда оған екіншілік сандырақ
қосылады.
Қорқыныш,паникалық ұстамалар болады.
Алкоголді галлюцинозды шизофрения кезіндегі психозбен
ажырата білу керек.
Алкоголді галлюциноздың:
-жедел
-атипті
-аралас
-жеделдеу
-созылмалы түрлері бар.
Сандырақты алкогольді психоз
Алкогольді параноид және жұбайлық сенбеушілік сандырағы жатады.
Алкогольді параноид –бұл жедел сандырақты психоз, аффективті
қорқынышпен қосарлану арқылы жүреді.
Этиологиясы: созылмалы алкоголизм.
Клиникасы:
Алкогольді параноидты шизофрениядан ажыратамыз.
Абортивті,жедел,созылыңқы түрлері бар.
Абортивті алкоголді параноид ішімдікті шамадан көп
қолданғанда,масайғанда дамиды. Бұл психоздың ұзақтығы
бірнеше
сағатқа созылады. Жедел алкоголді параноид кезінде продромальді кезең
3-5 күнге созылады. Науқастарда абстинентті
жағдай дамиды,көңіл
күйінің түсуі,ұйқы ж\е тәбеттің бұзылысы, вегетативті бұзылыс-
тремор,жүрек соғысы,кешкі ж\е түнгі уақыттарда күшейеді. Созылыңқы
алкоголді параноид сандырақ ж\е қорқыныш аффектісімен жүреді.
Күдіктенушілік,сенбеушілік болады. Бұл психоздың ұзақтығы бірнеше
айға созылады.
Алкогольді қызғану сандырағы –алкогольді сандырақты психоздың
созылмалы түрі.Ер адамдарда көп кездеседі.
Этиология: ұзақ алкогольге тәуелділік.
Клиникасы: психоздың дамуы біртіндеп, сатытәрізді болады.Алғашқыда
психикалық бұзылыстарға байланысты эмоциональды жағдайлар,
сенбеушілік әсерінен қызғаныш сезімі туындайды.
Жалпы соматикалық
және неврологиялық өзгерістер жоғарылайды, жыныс қызметі
төмендейді,жоғары тітіркенгіштік ж\е күдіктенушілік болады.
Эмоционалды өзгерістер мына түрде болады: тревога,жоғары
қозғыштық,аффективті бұзылыстың дамуына байланысты қызғаныш
пайда болады.