Қабылдаған: Сердәлі Б. Түркістан-2023 Адам және сана



Дата05.12.2023
өлшемі43 Kb.
#485566
DAGMUGDQWTMT05122023143139


ҚОЖА АХМЕД ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ



Тақырып: Мақала “Адам және сана”


Тобы : ӘСМ-211
Орындаған:Басықара С.
Қабылдаған: Сердәлі Б.


Түркістан-2023
Адам және сана
Адам саналы тіршілік иесі ретінде өзін қоршаған дүниені тани білуге ұмтылады. Санасыз тіршілік иесі болу мүмкін емес, тіршіліктің қайнар көзі санасезім болып табылады. Сана таным арқылы даму үстінде болады. Таным барысында əрбір заттың, құбылыстың орасан көп қасиеттері, белгілері байқалады, танымның түпкі мақсаты құбылыстардың ішкі табиғатын игеру, оны бейнелеу жəне соның нəтижесінде адамның іс-əрекеттерінде пайдаланып, іске асыру. Айналадағы болып жатқан өзгерістердің, процесстердің жəне заттардың бір-бірімен байланысы адам санасынан тыс, тəуелсіз өмір сүреді. Ақыл-ойдың, практикалық қызметтің жəне түсініктер мен қабылдаудың арқасында біздер түрлі кұбылыстардың қасиеттері мен байланыстарын танып білеміз. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың адам санасында идеалды образы анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса, мəдениетті адам əрекетінен оның өзгертуші қызметін бөліп алу мүмкін емесТаным - адам арнайы танымдық мəселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еңбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мəселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені, танымнан тыс білім де, ғылым да болуы мүмкін емес.
Таным ұғымы өте күрделі категориялардың бірі, танымның өзі екі құрылымнан тұрады. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мəні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Сана - адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жанжануарларда да бар. Адам қызметінің қажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мəдени болмысының көрінісі болып табылады. Өйткені, тек табиғи жəне қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық касиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай бір мəдениет болмасын ол одан бұрын болады, мəдениеттің пайда болып, дамуының алғышарттары рөлін атқарады. Табиғат пен мəдениеттің бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мəдениеттің дамуына табиғат əсерін тигізсе, мəдениет өз кезегінде табиғаттың мəдени түр алуына жағдай туғызады.Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Оның пайда болуы екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде пайда болып, дамыды. Еңбек - еңбек құралын жасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай құралды табиғат жасамайды, табиғат заттарын өңдеп, адам жасайды. Сана рухани таза жанға тəн, жалпы алғанда сананы үшке бөлуге болады: материалдық болмысқа жататын сыртқы тəн сезімі; ішкі ой-өріс сезімі; рухани болмысқа жататын алғашқы таза сана — рухани сана. Сана құрылымына эмоциялық, соның ішінде адамның көңіл-күйлері сезімі, сонымен бірге ерік процестері, ол адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы жəне соған байланысты əрекет жасауы жатады. Өзіндік сана – адамның өзін тұлға ретінде түсіну жəне бағалау, адамның өзінің іс-əрекеттері мен олардың нəтижелерін, өзінің өзге адамдармен өзара əрекетін жəне өзіне қатынасын құратын, индивидтің өзі туралы шартты түрде тұрақты, азды-көпті ұғынылған түсініктерінің қайталанбас жүйесі. Л.С.Рубинштейн былай дейді: «өзіндік сананың дамуының нағыз қайнар көзі мен қозғаушы күшін - оның айналасындағылармен өзара қатынасының өзгеруінде көрінетін индивидтің шын мəніндегі дербестігінен іздеу керек». Өзіндік сана тұлғаның əрі қарай дамуына əсер етеді, ал өзіндік сананың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, мінезінің бұрыс қалыптасуына алып келеді. Қоғам дамуы - адам əрекетінің жемісі, бірақ қоғамдық өмірді, оның жеке-жеке салаларын өзгерте отырып, адамның өзі де өзгереді, өндіріс дамуы адам қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды, жаңа қажеттіліктер де туғызады, ал мұның өзі еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отыруға түрткі болады. Кемелденген, күрделі еңбек құралдарын неғұрлым меңгерген сайын, адам қабілеттері де соғұрлым жетіле түседі, адам əрекеті белсенді жасампаздық сипатқа ие болады. Өндірістің, өндіргіш күштің дамуы арқасында адамдарда қалыптасқан еңбекке қабілеттілік, білім, рухани мəдениет сияқты қасиеттер, яғни материалдық игіліктерге қарағанда əлдеқайда тұрақты, тиянақты болып шығады.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады.Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп жəне дамытып отырады. Адамның өзін-өзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-əрекеті мен мінезқұлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады. Өзін-өзі тану өзіндік санасезімнің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тану - адамның өз психологиялық жəне физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Өзін-өзі тəрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Өзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тəрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тəрбиелеп қана қоймайды, ол өзі күш жұмсап та тəрбиеленеді..

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет