Антранил қышқылының туындыларына (орто-аминобензой) мефе нам қышқы лы (понстан, паркемед), флуфенам қыш-қ ы л ы (арлеф) және бірқатар баска да препараттар жатады. Олардың барлыгына айкын кабынуға карсы, анальгетикалык және ыстықты түсіретін қасиеттер тән. Тәжірибеде олар осы барлык әсерлері бойынша салицилаттардан асып түседі. Дегенмен, антранил кышкылының туындыларын клиникада кабынуга қарсы, анальгетикалык заттар ретінде қолдану тиімділігі шамамен ацетилсалицил кышкылына сәйкес келеді.
Антранил кышқылынын туындылары асқазан-ішек жолдарынан жаксы сіңіріледі. Жартылай сарысу белоктарымен байланысады. Ағзадан негізінен бүйрек арқылы метаболит түрінде немесе жартылай езгермеген күйде шығарылады.
Оларды ревматизм ауруларында созылмалы өтетін кабыну үрдісін тежеу үшін колданады. Жанама әсерлері негізінен, заттардыңтітіркендіргіш эсеріне және асказаннын шырышты кабатында простагландиндер синтезі тежелуіне байланысты диспепсиялық кұбылыс түрінде көрінеді. Көбінесе диарея, құсу, кейде - іште ауыру сезімі, теріде бөртпелер болуы мүмкін.
Нифлум кышкы лы (доналгин) мефенам кышкылына қараганда біршама тиімдірек. Қолдануга көрсетулері басқа кабынуға карсы стероидты емес заттар сиякты.
Индолсіркеқышқылыныңтуындысына индометацин (метиндол) жатады. Бұл препараттың негізгі эсері - кабынуга қарсы және анальгетикалык эсері айқын. Сонымен катар, индометациннің ыстыкты түсіретін қасиеті бар.
Индометацинді кабынуға қарсы аса тиімді заттың бірі (салицилаттар мен бутадионнан артық) деп есептейді. Ол асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңіріледі. Қандағы барынша көп концентрациясы кабылдаған соң 1-4 сағ кейін пайда болады. Препараттың сарысудагы негізгі бөлігі белоктарымен байланысады. Агзада индометаццн биотрансформацияга ұшырайды, жартылай өзгермеген күйде шығарылады. Бүйрек аркылы және де экскременттермен шығарылады.
Индометацинді кабынуға қарсы зат ретінде ревматоидты артритге және басқа да созылмалы ревматизм ауруларында колданады. Оны жедел подафада да колданады. Бұл жағдайда емдік эсері кабынуга карсы әсеріне байланысты, себебі, индометацин несеп қьшікыл ының эксрециясьш жогарылатпайды. Әдетте индометацинді анальгетикалык және ыстыкты түсіретін зат ретінде жиі жанама әсерлеріне және жоғары уыттыл ыгына байланысты тагайындамайды.
Индометациннің колайсыз әсерлері наукастардың едэуір бөлігінде (30-50%) байқалады. Асқазан-ішек жолы (локсу, құсу, эпигастралді аймакта ауыру сезімі, шырышты кабаттың ойылуы, диарея) және ОЖЖ (бастың ауыруы, бастың айналуы) жагынан асқынулар жиі. Кейде депрессия, галлюцинация түрінде психикалық бұзылыстар байқалады. Біркатар жагдайларда көру бұзылады. Сирек жанама әсерлер кан жасаудын тежелуіне (лейкопения, апластикалык анемия) байланысты. Жалпы индометацин өте уытты препараттарга жатады. Оны психикалық ауруларда, эпилепсияда, паркинсонизмде, асказан мен он екі елі ішектін ойык жарасында қолдануга болмайды. Жүкті эйелдер мен бала емізетін аналарға тағайындауга ұсынылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |