- Май алмасуы
- Аяқ-қол тіндерінде липолиз басым болып, кеуде, мойын, бет, иық тіндерінде липогенез басым болғандықтан - тері асты май қабатының кушингоидты типте болуы.
- Кальций алмасуы
- Ішекте кальций сіңірілуін тежейді, сүйек тіндерінен кальцийдің шығуына әсер етеді және оның бүйрек экскрециясын күшейтеді. Нәтижесінде гипокальциемия мен гиперкальциурия дамуы мүмкін.
СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері - Жүрек-қантамыр жүйесі
- ГКС адренорецепторлардың катехоламиндерге сезісталдылығын, ангиотензин-II –нің прессорлық әсерін күшейтеді. Олар капиллярлардың өткізгіштігін азайтады, артериолдардың қалыпты тонусын, миокард жиырылғыштығын сақтайды.
СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері - Қабынуға қарсы әсері
- Глюкокортикоидтар қабынуды шақырған себепке тәуелсіз қабынудың барлық фазаларын тежейді. ГКС фосфолипаза-А2 тежеп, простагландиндер мен лейкотриендердің түзілуін бұзады. ГКС жасушалық мембрананы, лизосома мембранасын тұрақтандырады, капиллярлар өткізгіштігін азайтады, қабыну ошағына нейтрофилдер мен макрофагтардың миграциясын және фагоцитарлы белсенділігін, фибробласттардың пролиферациясын және коллаген синтезін тежейді.
СҚҚЗ-ң негізгі әсерлері - Иммуномодулдеуші және аллергияға қарсы әсерлер
- ГКС лимфоидты тіндер пролиферациясын және жасушалық иммунитетті тежейді.
- ГКС Т-лимфоциттердің түзілуін тежейді және кинетикасын бұзады ( көбінесе Т-хелперлердің, Т-супрессорларға қарағанда), олардың цитотоксикалық белсенділігін төмендетеді. В-лимфоциттер глюкокортикоидтардың әсеріне тұрақты, бірақ үлкен дозада енгізу иммуноглобулиндер концентрациясының төмендеуіне әкеледі.
- ГКС лимфоциттердің супрессорлық белсенділігін төмендетеді , осылай иммуноглобулиндердің деңгейін қалпына келтіреді.
- ГКС иммуноглобулиндердің мес жасушалармен, макрофагтармен байланысуына кедергі болып, олардан биологиялық белсенді заттардың шығуын тежейді.
- Глюкокортикоидтар әсіресе, иммунды жауап механизміне қатысатындар(Т-жасушалық танушы антигендер), «қабынуға қарсы» цитокиндер түзілуін басады (1, 6 және 8 интерлейкиндер, ісік некроздаушы фактор).
Достарыңызбен бөлісу: |