Пайдаланған әдебиеттер:
Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. М., Агропромиздат, 1985.
Лузько А.Т. Дисперсионный анализ в растениеводстве. Кокшетау, 2008.
Сеитов И.С. Егіс тәжірибелерін жүргізу методикасы. А.: Қайнар, 1990.
Томилов В.П. Практикум по методике опытного дела. М.: Колос, 1991.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
СӨЖ № 1
Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері пәнінің
даму тарихы»
Тапсырмалар:
Өндіріске ғылыми ұсыныс жасауды дайындауда үлкен үлес қосқан Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелері және ғалымдары?
Солтүстік Қазақстанның егістік көлемінде көп үлес алатын дақылдардың сорттарын шығарған және селекциялық жұмыстармен айналысатын Қазақстанның ғылыми мекемелері және ғалымдары?
СӨЖ №2
Тақырыбы: «Пәннің негізгі түсініктемелері»
Тапсырмалар:
1.А.А.Кудрявцев, П.Н.Константинов, Б.А.Доспехов, Н.Г.Найдин және басқа авторлар редакцияларындағы «Танаптық тәжірибе» түсініктеріне анықтама беру. Бұл түсініктердің негізгі мәні.
2.Өндірістік тәжірибенің маңызы қандай?
3.Тұрмыстық тәжірибе және оның ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудегі ата-бабаларымыздың тәжірибесін жинақтаудағы ролі?
4.Ауыл шарушылығы бойынша бірінші қолжазба ретінде «Геопоники» - Х ғасырдағы византиялық энциклопедияның маңызы қандай? Бұл қолжазбаның авторы кім және жалпыланған тәжірибе мысалдары?
СӨЖ №3
Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық дақылдарының тіршілік кезеңдерін бақылау ерекшеліктері»
Тапсырмалар:
Өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізудің жаппай және таңдамалы әдістерінің мәні неде?
Фенологиялық бақылаулардың маңызы қандай және өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдерінің фазалары – тіршілік фазасының басы және толық фаза қалай белгіленеді?
Танаптық тәжірибелерде әр түрлі дақыл топтары үшін қандай тіршілік ету фазалары белгіленеді – астық, дәнді-бұршақ, жүгері, мал азықтық біржылдық және көпжылдық, астық және бұршақ тұқымдас шөптер?
Достарыңызбен бөлісу: |