Алғы дақыл- ауыспалы егісте сол жылы егілетін дақылдың алдында өткен жылы егілген дақыл.
Аллелопатия ( грек тілінде allelon – бірге және pathos – азап шегу) – қоршаған ортаға физиологиялық белсенді заттар шығу арқылы өсімдіктердің ценоздарда бір біріне әсер етуі, бір жағдайда қысым көрсетіп, басқада жағдай жасап. Мысалы, жусандар өсетін жерлерде басқа өсімдіктер түрлері кездеспейді.
Амарант – гүлтәжі, біржылдық арамшөп өсімдік. Гүлтәжінің үш түрі бар- шашақты, құйрықты және жапырынқы. Өсімдіктер көк балауса, сүрлем дайындауға өсіріледі(доңыздармен жақсы желінеді). Қазіргі уақытта гүлтәжінің кейбір түрлері сәндік өсімдік ретінде пайдаланады.
Антропогенді өсімдіктер ( грек тілінен anthropos – адам және genis – түған) – адаммен жасалған немесе онын әрекетімен өзгерген өсімдіктер қауым жиынтығы.
Аңғар шалғындығы – өзен аңғарына өскен алқап.
Аңыздық дақыл – негізгі дақылды жинап алысымен соның орнына дереу аңызға егілетін дақыл. Ол қосымша өнім алу және топырақ құнарын арттыру мақсатымен атқарылады.
Аңыз, сары аңыз-дәнді дақылдардыорып алғаннан кейін қысқа сабақ түбірі қалған жер.
Аңыздық егіс- топырақты өндемей, аңыздың үстіне тұқым себу. Мұндай егіс топырағы эрозияға ұшырайтын құрғақшылық ауданда жүргізіледі.
Аңызақ(суховей)- өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ ыстық жел. Далалық шөлейт аймақта жиі кездесетін, ауаны да, топырақты да тез құрғататын, екпе өсімдікке үлкен зиян келтіретін жел.
Аралық дақыл – ауыспалы егістегі негізгі дақылдардан уақытша бос қалған жерге егілетін дақыл.
Ареал ( латын тілінен аrea – аймақ) – табиғи жағдайда өсімдіктердің бір немесе басқа түрлері, тұқымдастары кездесетін жер бетінің бір бөлігі.
Аридті климат ( латын тілінен аridus –құрғақ) – жоғары ауа температурада атмосферлік ылғал жетіспейтін климат. Бұл Қазақстанның шөл және шөлейт жерлері, онда егіншілік тек қана суармалы жерлерде.
Достарыңызбен бөлісу: |