Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері



бет79/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

6. Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері


  1. Тәжірибенің дәлдігін арттыратын қандай негізгі әдістер бар?


  2. Алынған мәліметтердің дұрыстығына әсер ететін, танаптық тәжірибені жоспарлау және жүргізу кезеңдерінің элементтері қандай?


  3. Танаптық тәжірибеге тән «әдіс» және «әдістеме» түсініктерінің анықтамасын беріңіз.


  4. Танаптық тәжірибедегі тәжірибелік мөлдек деген не?


  5. Танаптық тәжірибедегі қайталым және қайталану деген не?


  6. Мөлдектердің ауданы деген не және оның тәжірибенің дәлдігіне әсері қандай?


  7. Зерттеліп отырған шараларға байланысты мөлдектердің орташа мөлшерінің мәні қандай?


  8. Тәжірибеде қайталымдар санының тәжірибе қателігіне және бұл көрсеткіштің ұсынылған шамасына әсері қандай?


  9. Әр түрлі танаптық тәжірибелерде мөлдектердің қандай пішіні қолданылуы тиіс және неге, негіздеме беріңіз.


  10. Танаптық тәжірибедегі ұзарған (созылған) мөлдектердің артықшылығын негіздеу.


  11. Мөлдектер бағытының тәжірибе дәлдігіне қандай әсері бар?


  12. Қорғаныс жолақтарын – бүйірлік, соңғы (аяқтық) және бұрылыс жолақтарын бөлудің мәні неде және олардың зерттеліп отырған шараларға байланысты ұсынылған ені?




7.Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру


  1. Тәжірибе мөлдектері бойынша нұсқаларды орналастырудың қандай әдістері бар және олардың жалпы сипаттамасы ?


  2. Тәжірибе нұсқаларын стандарт әдісімен орналастырудың ерекшелігі қандай және бұл әдістің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз?


  3. Тәжірибе нұсқаларын жүйелік әдіспен орналастырудың ерекшелігі қандай бұл әдіс бойынша тәжірибе нұсқаларын орналастырудың негізгі әдістері? Бұл әдістің оң және теріс жақтары қандай?


  4. Тәжірибе қайталымдары мен нұсқаларын бір, екі және одан да көп қабаттарда орналастырудың маңызы неде?


  5. Танаптық тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарын рендомизация әдісімен орналастырудың мәні неде және бұл әдістің стандарт және жүйелі әдістермен салыстырмалы бағасы?


  6. Тәжірибе нұсқаларын рендомизация әдісімен орналастырудың қандай әдістері бар және рендомизациялау техникасы қандай?


  7. Ұйымдастырылмаған (толық рендомизация) қайталымдардың мәні неде және олар қалай орналасады?


  8. Рендомизацияланған қайталымдардың мәні неде және қайталымдар мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құылады?


  9. Латын квадраты және тік бұрышы әдістерінің мәні неде, оларды қолдану жағдайы қандай және тәжірибеде бұл әдістермен қайталымдарды мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?


  10. Шашыраған мөлдектер әдісінің мәні неде, бұл әдіс қандай жағдайларда қолданылады және шашыратып орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?


  11. Мөлдектерді араластырып орналастыру әдісі қандай жағдайларда қолданылады және оның негізгі міндеті?


  12. Белгілі бір факторды зерттеген кезде қандай көрсеткіштер тәжірибенің аяқталғанын көрсетеді?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет