Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет17/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Сауым, сауым сүт- белгілі уақыт аралығында (бір сауым, тәулік, ай, жыл және т.б.) саулған сүт өнімі.

Себу тереңдігі – топырақ бетінен себілген тұқымға дейінгі ара қашықтық.

Сидералдық егіншілік жүйесі- ауыспалы егістің сүрі жер танабында бөрібұршақ, түйежоңышқа және т.б. өсімдіктерді жасыл тыңайтқыш ретінде өсіру арқылы пайдалануды көздейтін егіншілік жүйесі. Топырақ құнарын арттырудың бір жолы.

Селеу (Stipa) – қонырбас тұқымдастарына жататын көпжылдық өсімдік.

Сирету- өсімдіктердің өсіп жетілуін жақсарту үшін қатардағы өсімдіктерді сиретіп, қажеттерін ғана қалдыру. Әсіресе қызылша, сәбіз және т.б қолданылады.

Сиреткіш- қатар аралығы 45 см және одан да үлкен болатын қызылша сияқты өсімдіктердің көгін сирететін машина.

Собық, сота- 1. жүгері өсімдігінің дән орналасқан бөлігі, жүгерінің жемісі; 2. өсімдіктегі гулшоғырдың бір түрі.

Солу – ылғалдың жетіспеуіне байланысты өсімдіктің жапырақ, сабақ тамырының солуы.

Сортаң жер- құрамында көбінесе натрий, онай еритін тұздар болатын топырақ. Далалық , шөлейт, шөлді аймақтарда кездеседі. Онда қара жусан, көкпек, сортаң және т.б. өсімдіктер өседі.

Сор топырақты жер- құрамында суда онай еритін тұздар көп топырақ. Далалық, шөлейт, шөл аймақтарда қалыптасады.

Сораң- біржылдық шөптесін өсімдік туысы. Бұташық, бұта түрінде де өседі. Шөлді және шөлейт, сор және сортаң топырақта өседі.Бағалы мал азығы. Кейбір түрлері кұм көшкінін тоқтату үшін аса қажет. Қазақстанда сораның 26 түрі өседі.

Суару мезгілі - суару мезгілі, мөлшері, саны және суарған уақыт пен сусыз тұрған уақыт аралығының ұзақтығы- осылардың бәрінің жиынтығы.

Суармалы егіншілік – суару арқылы ғана дақыл өсірілетін егіншілік саласы.

Суару мөлшері - 1 га суармалы жерге бір рет суарғанда жіберілетін су мөлшері.

Суалу кезеңі- сиыр сауу тоқтағаннан бастап келесі бұзаулағанға дейінгі аралық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет