Дәріс №3. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың МӘНІ, мазмұны және шешетін мәселелері



Дата20.03.2024
өлшемі18.78 Kb.
#496154
түріКодекс
ЛК 3


Дәріс №3. ШАРУАШЫЛЫҚ АРАЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер кодексі бойынша республикалық жер қоры мақсатына қарай 7 санатқа бөлінеді. Жердің тікелей пайдалануын нақты жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер жүзеге асырады. Басқаша айтқанда - мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық, жеке меншік кәсіпорындары мен ұйымдары. Осы шаруашылық субъектілерге иеленуге берілген жер үлестерін жер иелігі, ал пайдалануға берілген жер үлестерін жер пайдаланулар деп аталады. Жер иелігі (жер пайдалану) - бұл шаруашылыққа, кәсіпорынына немесе басқа заңдық құқық иесіне нақты мақсатпен берілген орны, көлемі және нақты мәселелері белгіленген территория.
Жер иелігінің жер пайдалануға қарағанда бір өте маңызды ерекшелігі бар. Егерде, жер пайдаланылуы белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен берілсе, жер иеленуі мерзімсіз, иеленушілік мақсатына сай беріледі.
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өндірісте пайдаланылатын жерлердің жалпы территориялық көлеміндегі үлес салмағы 75%-дай (бұрынғы одақ бойынша-47%), соның ішінде жыртылған жерлер-15%. ТМД-ның басқа аймақтарына қарағанда бұл өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Россияның Орталық қаратопырақ аймағында оның деңгейі 80% жетеді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер пайдалануы (жер иелігі) қоғамдық немесе жеке меншік болуы мүмкін. Біріншісіне көптеген ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер пайдаланулары жатады. Жеке меншік жер иеленуі республикада жаңа бой алып келе жатқан жер пайдалану формаларының 6ipi. Бұларға алдымен шаруа қожалықтарының жер иеліктері жатады. Келешекте тағы да осы жер пайдалану формасында негізделген, көптеген жер иеленулердің түрлері пайда болуы мүмкін. Осымен қатар жер пайдаланулар мен жер иеліктері мақсатына қарай ауылшаруашылық және ауылшаруашылық еместерге бөлінеді. Біріншілеріне ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жер иеліктері мен жер пайдаланулары жатады. Ал, ауылшаруашылық еместері транспорт, өнеркәсіп, елді мекендер, орман, су шаруашылықтары мен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын қамтиды. Сонымен 6ipгe бip категорияға тарихи-мәдени және рекреация мақсатындағы жерлер жатады.
Уақыт аспектісінде жер пайдаланушылықтардың мерзімсіз және уақытша түрлері болады. Соңғысы ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, мемлекет экономикасы салаларының мұқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу, шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы ic-қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді.
Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және құқықтық ic-қимылдар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.
Учаске мекемелерінің өзгеруі, оған иеленуге (пайдалануға) құқықтық тууы, қағида бойынша, шаруашылық аралық жерге орналастырудың нәтижесі болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектісіне шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы белгіленген мекемелермен шектеледі. Бірақта, шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәні тек бұл мәселерді шешу емес. Жалпы алғанда оның мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленулерін (жер пайдалануларын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономикалық жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүзеге асыра отырып 6ip қатар принциптерді нұсқау ретінде қолдану қажет. Соның ішінде:

  • республиканың жер туралы заңдарын қатал ескеру, жер пайдаланушылықтар, жер иеленушіліктердің мәселелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • жердің ысырапсыз және тиімді, ғылыми тұрғыдан негізделген пайдалануды, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін қамтамасыз ету;

  • әрбір жер пайдаланушыға өзінің міндеттерін ойдағыдай атқаруға, өндірісінің тиімділігін арттыруға қолайлы кеңістік жағдайлар жасау;

  • жер мен басқа табиғи ресурстарды қорғауға жан-жақты мүмкіншілік жасау.

Жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің жүйесі шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісі болып табылады. Бұл қағида бойынша әкімшілік аудан немесе бip топ қатар орналасқан жер пайдаланулар мен жер иеліктер.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың міндет-мақсаттары сан алуан. Дегенмен, оларды екі топқа түйістіруге болады:
- жердің ысырапсыз пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру; өндірісті территория жағынан ұйымдастыру.
Осылармен бipгe шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы жердің негізгі мақсаттық қызметі белгіленеді, мемлекет экономикасы салалары мен жеке пайдаланушыларға (иеленушілерге) жер үлестері бөлінеді және соңғылардың дұрыс орналасуы анықталады.
Сонымен қатар шаруашылық аралық жерге орналастыруға жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктерді өндірістің талаптарына қарай үнемі жетілдіріп отыру міндеті жүктеледі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түрлі тармаққа бөлінеді:

  • ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушіліктерін құру;

  • ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер пайдалануларды құру.

Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жобалау жолдары:
- жер иеліктері мен жер пайдалануларының қазіргі күні зерттеліп жерге орналастыру қажеттілігін тудырған себептер анықталады және сол себептерді жою жолдары белгіленеді;

  • мүдделі жер иелері мен жер пайдаланулардың талаптары айқындалады, оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері қарастырылады;

  • жобалау тапсырмасы жасалып, қарастырылады және бекітіледі.

Жалпы алғанда дайындық жұмыстар камералдық дайындау мен далалық зерттеуден тұрады. Камералдық жерге орналастыруға дайындықтың мақсаты жан-жақты негізделген жобаның жасалуын қамтамасыз ету. Бұл жұмыс жерге орналастыру процесіне қатысушыларды анықтаумен олардың тізімін жасаудан басталады. Содан кейін мынандай материалдар мен құжаттар жиналып зерттеледі:

  • жерге орналастыру жөніндегі өтініштер, шешімдер, қаулылар;

  • жерге орналастыру процесінде қатысатын шаруашылықтар мен кәсіпорындардың мақсат-міндеттері мен даму перспективалары жөніндегі мағлұматтар;

  • аудандық және облыстық жерге орналастыру схемалары;

  • жерді пайдалануға құқық беретін құжаттар;

жерді есепке алу және бағалау жөніндегі кадастрлық мәліметтер;

  • жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың қолайлы масштабтағы жеке және жалпы пландары;

  • бұрынғы жүргізілген жерге орналыстыру материалдары;

  • топырақ, геоботаника, мелиорация, су шаруашылығы және басқалары жөніндегі зерттеу-іздестіру материалдары;

  • мелиорация, суландыру және сол тәріздес жобалар;

- жерге орналастыруға тартылған кәсіпорындардың өндірістік нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер;
- шаруашылық орталықтар, соларда тұратын жұрт және өндірістік құрылыстар тұралы мағлұматтар.
Әрине, бұл құжаттардан тізімі жобаның түрі мен міндет-мақстатарына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Камералдык дайындаудың нәтижелеріне қарай далалық зерттеу жұмыстарының көлемі белгіленеді. Олардың мақсаты - жетіспейтін материалдардың орнын толықтыру. Зерттеу жұмыстарын жерге орналастыру жөніндегі жобалау институттарының мамандары мен шаруашылық өкілдері жүргізеді. Керекті жағдайларда бұған басқа да мамандар қатысуы мүмкін.
Далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың натураға сәйкестігі айқындалады. Бұнда да жұмыстардың көлемі мен тізімі жобаның алдына қойылған мақсат-міндеттеріне байланысты.
Далалық зерттеу нәтижелері бойынша арнайы далалық; зерттеу актісі мен сызбасы жасалады. Біріншісінде цифрлік мәліметтер, ал екіншісінде жер иеленушілік пен жер пайдаланушылықтардың жер үлестері мен өндірістік бөлімшелердің межелері, елді мекендер, магистральдық жолдар, мал айдау трассалары, су кездері және көптеген басқа мағлұматтар көрсетіледі. Содан кейін камералдық дайындалу және далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың негізінде жобалау тапсырмасы жасалады. Бұл құжатта мынандай мәліметтер қамтылады:
- жобалау объектісі;
- жобалаудың кезеңдері мен мерзімдері;
- қажетті шаралар жүйесі;
- жерге орналастыруға дейінгі және содан кейінгі алаптардың құрамы (жобалық экспликация);
- жерлерді игеру және жақсарту жөніндегі шаралар жүйесі;
- ауылшаруашылық өндірісінің негізгі көрсеткіштері;
- ауылшаруашылық өндірістің орналасуы және мамандығы;
Жалпы алғанда шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны мынандай ic- әрекеттерді қамтиды:

  1. ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер иеленушіліктерін құру;

  2. жер иеленушіліктер мен жер пайдалануларды үнемі реттестіріп отыру;

  3. ауылшаруашылық және ауыл шаруашылығы емес мұқтаждықтарға игеру үшін жаңа жерлерді іздестіру;

  4. жерді белгі беру және алып қою арқылы ауылшаруашылық емес жер пайдаланушыларды құру;

  5. елді мекендердің шектерін белгілеу және өзгерту.

Қойылған мақсат-міндеттеріне, жобалау объектісіне, аймақтық табиғи ерекшеліктеріне қарай шаруашылық аралық жерге орналастырудың маңызы, жүзеге асыру реттілігі, әдістемесі өзгеріп отырады. Осыған орай оның мынандай типтерін белгілеуге болады:

  • ауылшаруашылық жер иеліктерін құру;

  • ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушіліктерінің кемшіліктерін жою арқылы жетілдіру;

  • суармалы егіншілікке игерілген жерлерде жаңа жер иеліктерді құру;

  • игеруге іздестірілген жаңа жерлерде ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеліктерін құру;

  • шаруашылық аралық өндірістік бірліктерінің жер массивтерін құру;

  • тау, шөл және басқа маусымдық жайылымдарды қайта бөлу;

  • ipi гидротехникалық құрылыстарға жер бөлініп беру және осыған байланысты жер иеліктердің (жер пайдаланулардың) өзгерілуін реттестіру;

  • шағын ауылшаруашылық емес жер пайдалануларды құру;

  • сызықты құрылыстарға (темір және автомобиль жолдары, тоқ тасымалдау және байланыс жүйелері, каналдар мен құбырлар) жер бөліп беру;

  • елді мекендердің шектерін белгілеу және өзгерту.

Атап өткен типтер шаруашылық аралық жерге орналастырудың мақсат-міндеттерінің, мазмұнының күрделігінің белгісі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру ici маңызды себептен ғана қозғалады. Жаңа жер пайдалануларды немесе жер иеліктерін құру басты себептердің бipi болып табылады. Шаруашылық аралық жерге орналастыруды себептейтін факторларға мыналар жатады:

  1. Жер иеленулер мен жер пайдаланулардың кемшіліктерінің бар болуы;

  2. Жер иеленулердің (жер пайдаланулардың) аудандары мен құрамдарының шаруашылықтың өндірістік мақсаттарына сай болмауы;

  3. Өндірістің көлемінің, шоғырлануының, мамандығының өзгеруі;

  4. Жаңа шаруашылық формалардың, соның ішінде шаруа шаруашылықтарының пайда болуы;

  5. Шаруашылық аралық кооперацияның дамуы;

  6. Жерді және қоршаған ортаның басқа элементтерін қорғау қажеттілігі.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) Жобаны жасаудың алдынан дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бip қатар ic-қимылдар енеді:

  • жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;

  • жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, план- картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;

кәсіпорындардың шаруашылық аралық байланыстары;

  • инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;

  • жер мен табиғатты қорғау жөніндегі талаптар;

  • жобалық құжаттардың құрамы;

  • жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.

Жобалау тапсырмасы және далалық зерттеу актісі мен сызбасы дайындық жұмыстардың қорытындысы болып табылады.
2) Дайындық жұмыстардан кейінгі кезең - жобалау. Бұл жерге орналастыру процесінің ең жауапты және күрделі құрамдас бөлігі. Оның нәтижесінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты негізделген жоба жасалуға тиісті.
Соңғысының мазмұны мен құрамы шаруашылық аралық жерге орналастырудың типіне, алдына қойылған мақсат-міндеттеріне тікелей байланысты. Сондықтан жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да елеулі. Дегенмен, жобалардың қайсысы болса да графикалық белгілі (жобалық план мен басқа қажетті сызбалар) мен түсініктемеден тұрады. Соңғысы жобаны экономикалық және құқықтық тұрғыдан негіздеу материалдарын қамтиды. Жалпы алғанда, жобада қағида бойынша мынандай мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және межелерін жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделуге тиісті. Қабылданған жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Осы мақсатпен бipқатар экономикалық және техника-экономикалық көрсеткіштер есептеледі. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бұл көрсеткіштер салыстырыла отырып ең тиімдісі таңдалады.
3) Үшінші кезең шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуді оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.
Алдынан жоба әрбір жерге орналастыруға тартылған шаруашылықтарда өндірістік кеңесте (немесе өкілдер жиналысында) қаралады. Сонан соң ол аудандық әкімшілігіне бекітілуге жіберіледі. Егерде бұл органның өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба жоғарғы инстанцияларда бекітіледі.
4) Бекітілген жоба жер бетіне шығарылады. Бұл кезеңнің мәні жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің жобалық мәндерін нақты мәндеріне шығарып, арнайы белгілермен бекіту. Соңғылары темірбетон, ағаш немесе басқа материалдардан жасалуы мүмкін. Белгілердің ара қашықтықтары 2000м аспауға тиісті. Ашық жерлерге меже жалпақтығы 20см-ден арықтармен көрсетіледі. Жобаны нақты мәніне шығару үшін жұмыс сызбасы жасалады. Жер иеленулердің (жер пайдаланулардың) межелері мемлекеттік геодезиялық торабымен байланыстырылады. Жобаны нақты мәніне шығару шаруашылық өкілдерінің қатысуымен жобалау институтының мамандары орындайды. Бұның нәтижесінде межелерді сипаттайтын хаттама мен сызба жасалады.
Соңында шаруашылыққа (кәсіпорынына) жерді иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін мемлекеттік акт тапсырылады.
Бақылау сұрақтары:
1) Шаруашылық аралық жерге орналастыруға түсінік бер.
2). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісін ата?
3). Қазіргі кездегі шаруашылық аралық жерге орналастыру қандай іс-әрекеттерден тұрады?
4). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың экономикалық мәні неде?
5). Жер иелену және жер пайдалану жүйесіне анықтама бер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет