31. ЭКГ R-R менТ-Р арақашықтығының біркелкі қысқары тән: А. синустық тахикардияға+
В. синустық аритмияға
С. жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 2-дәрежесінде
Д. жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 4-дәрежесінде
Е. қарыншалық экстрасистолияға
32. Синустық (тыныстық) аритмияның патогенезінде маңызы бар: A) серпін туындайтын эктопиялық ошақ қалыптасуының
B) кезбе жүйке межеқуаты толқуының+
C) жүрекшелерден қарыншаларға қозу өткізілуі бұзылуының
D) "re-entry" тетігінің
E) пейсмекер жасушаларының шектік әлеуеті төмендеуінің
33.Экстрасистолия пайда болады: A) синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуы баяулағанда
B) нағыз рефрактерлік кезең ұзарғанда
C) серпін туындайтын эктопиялық ошақ қалыптасқанда+
D) серпін өткізілуі баяулағанда
E) синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуы біркелкі емес болғанда
34. Эктопиялық ошағы жүрекшелік-қарыншалық тораптың жоғарғы жағында болатын экстрасистолия кезінде ЭКГ-да байқалады: A) теріс Р өркеші экстрасистоланың QRS кешенінің алдында болуы+
B) теріс Р өркеші экстрасистоланың QRS кешенінің соңында болуы
C) Р өркеші экстрасистоланың қарыншалық кешенімен бірігіп кетуі
D) экстрасистолалық жиырылу кезінде ЭКГ-да Р өркешінің жоқ болуы
E) экстрасистоланың алдында Т - Р арақашықтығының ұзаруы
35. ЭКГ-дағы теріс Р өркеші тән: A) синустық экстрасистолияға
B) жүрекшелік-қарыншалық экстрасистолияға+
C) сол қарыншалық экстрасистолияға
D) оң қарыншалық экстрасистолияға
E) жүрекшелік-қарыншалық бөгетке
36. Жүректің көлденең бөгеті деп атайды: A)қозудың Гис шоғырының оң аяқшасы бойымен өткізілуі бұзылуын+
B)қозудың Гис шоғырының сол аяқшасы бойымен өткізілуі бұзылуын
C)серпіннің жүрекшелік-қарыншалық торап арқылы жүрекшелерден қарыншаларға өткізілуі бұзылуын
D)қозудың жүрекшелер бойымен өткізілуі бұзылуын
E)қозудың Пуркинье талшықтары бойымен өткізілуі бұзылуын