«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет32/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Жаңа ми қыртысының қызметі – ми қыртысының әр түрлі участогын кесіп алып тастап немесе әр түрлі аурудың нәтижесін электр тоғымен қоздыруы арқылы оның пәрменділігін тіркеудің, жазудың нәтижесінде, ми қыртысының әр түрлі аймақтары белгілі бір атқаратын қызметімен айқындалуы. Соның арқасында қозғалу реакциясында реттеуші моторлық аймақтың болатындығы анықталды. Осындай аймақтар көру, есту, т.б. анықталды.
Мысалы, бірінші соматосенсорлық аймақ артқы орталық қатпарда орналасқан.


4.14. Ми қыртысындағы электрлік құбылыс

Бас миының қыртысында синаптық потенциал пайда болуының салдарынан және жеке-жеке нерв клеткаларының заряд алуынан тұрақты электр пәрменділігінің болатындығы белгілі.


Ми қыртысында электр тербелісінің пайда болатындығын ең бірінші тапқан Р. Катон мен А. Данилевский болды.
Жануарлардың басының беткейінен биопотенциалды тіркеуді ең бірінші іске асырған В.Праводич – Неменский (1925 жылы). 1929 жы-лы Г.Бергер адамның басынан электр ацивтілігін тіркеп, электр энцефалограмманы (ЭЭФ) жазды.
Қазіргі кезде ЭЭФ әр түрлі параметрлері жазылып, сипаттамалар беріліп, ми қыртысының әр түрлі аймақтарының күйіне баға беруге де үлкен рөл атқарып отыр. Тыныштық жағдайда ми қыртысының біркелкі ырғағының жиілігі секундына 8-13 Гц (альфа ритм) шамасында. Ал белсенді қызмет жағдайында оның пәрменділігі жиіленіп тербеліп, амплитудалары онша көп емес 13 секундтан жоғары (бета ритм-ырғағы). Ал ұйықтаған уақытта жай ғана тербелісте болады, 0,5-3,5 в секунды (дельта ритм) деп атайды.
Сонымен ЭЭФ ми қыртысының қызметінің күйін бағалауға, әсіресе наркоздың әсерін немесе әр түрлі ауру жағдайын, оның шығу тегін анықтауда басты рөл атқарады.


4.15. Вегетативтік нерв жүйесінің қызметі (ВНЖ)

Сонау француз физиологы Биштен бастап – ХІХ ғасырдың басынан ағзалардың атқаратын қызметіне қарай екі топқа бөлінеді: анималды немесе денелік және вегетативтік. Анималды қызметке жататындар сыртқы тітіркендіруді қабылдап және қаңқа еттерінің жиырылуы арқылы қозғалу реакцияларын жасау.


Вегетативтік қызметтің нәрі шетінде көбею, өсу, ас қорыту, зат алмасу, т.б. жатады. Осыған сәйкес шеткі нерв жүйесін соматикалық және вегетативтік деп атқаратын қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді.
Вегетативтік нерв жүйесі соматикалық нерв жүйесінен өзгешелігі олардың ядролары ОНЖ-да орналасады, олардың талшықтары мидан белгілі бір орталықтан шығады. Олардың талшықтары шеткі вегетативтік нерв түйіндерінде үзіліп, нейрондарда синапстер түзейді. Аксондары ішкі органдарға әсер етеді.
Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық болып екіге бөлінеді.
Оларда да орналасуы, ішкі мүшелерге әсер ету, сонымен қатар парасимпатикалық бөлімнің түйіндері болады. Өздері реттеуші мүшелердің ішінде (интрамурально) орналасады да, ал симпатикалық бөлімнің түйіндері өздері реттеуші мүшелердің ішінде (инрамурально) орналасады, симпатикалық бөлімнің түйіндері бағана шеттеріне орналасқан.
ВНЖ орталықтары ми бағанасында және жұлында орналасады.
1. Ортаңғы мидың орталығында ВНЖ парасимпатикалық бөлімі орналасқан; вегетативтік талшық, ол жерден көз қозғаушы нервтің құрамымен шығады.
2. Сопақша мида бульбарлы бөлім (парасимпатикалық) орналасқан. Эфференттік талшықтар бет, тіл, жұтқыншақ, кезеген нервтердің құрамында болады.
3. Жұлынның көкірек және белдеме сегменттерінде (1-көкіректен ІІ–ІV бел) ВНЖ симпатикалық бөлімінің төс белдеме орталығы орналасқан.
4. Сегізкөз сегментінде ВНЖ парасимпатикалық бөлімі сегізкөз орталығы орналасады. Талшықтары жамбас нервтерінің құрамында болады.
Сонымен, ВНЖ орталықтары ОНЖ-ның 4 бөлігінде орналасқан. Мезэнцефал, бульбарлық, сокралды бөлімдерінде ВНЖ парасимпатикалық бөлігі орналасса, көкірек белдемеде ВНЖ симпатикалық бөлігі орналасады.
ВНЖ жоғарғы деңгейі аралық мида (гипоталамус) және жолақты денеде орналасқан. Осылар көптеген мүшелер мен мүшелер жүйесін реттеуші. Ал олар өз кезегінде мидың жоғарғы қыртысына бағынышты.
Симпатикалық нерв талшықтары парасимпатикалық талшықтарға қарағанда кең таралған. Симпатикалық нерв талшықтары барлық мүшелерді мүшелер жүйесін реттеуші болса, парасимпатикалық нервтер қаңқа еттерін, қан тамырларын және жатырдың жұмысын реттемейді. Кейбір мүшелерге парасимпатикалық нерв талшықтары кезеген нервтің талшықтарының құрамымен бірігіп келеді (кеңірдек, жүрек, жұтқыншақ, қарын, бауыр, аш ішек, ұйқы безі, бүйректер, көкбауыр, тоқ ішектің бір бөлігі).
Симпатикалық және парасимпатикалық нервтердің шеткі эфференттік жолдары екі, бірінен кейін бірі орналасқан нейрондардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет