Интракардиалдық реттеу – бұл мүше ішіндегі жүрек қызметін реттеудің ең бір жоғарғы деңгейін көрсететін реттеудің нервтік механизмі.
Жүректе перифериялық рефлекс деңгейді ең бірінші байқаған. Оның доғасы орталық нерв жүйесіне тірелмей, миокардтың интрамуралды нерв түйіндерінде бітеді. Егер жылықанды жануарлардың жүрегін бөліп алып, оған келетін нервтерді кесіп тастап қарайтын болсақ, оның рефлекстік қасиетін жоймағанын байқауға болады. Себебі мүше ішіндегі нерв жүйесінің құрылысы және қызметі аз уақыт болса да сақталған. Сондықтан да бұл жүйеде афференттік нейрондар (сезімтал) оның дендриттері миокард талшығында созылу рецепторларын құрайды, сондай рецепторлар жүрек қан тамырларында да болады және аралық нейрондар мен эфференттік нейрондардан тұрады. Ал эфференттік нейрондардың аксондары миокардты және жүрек тамырларының бірыңғай салалы еттерін реттейді. Бұл нейрондар бірімен синапстер арқылы байланысады. Сөйтіп, олар жүрек ішіндегі рефлекстік доға құрады.
Барорецептор қолқа доғасында және күре тамырларда орналасады. Олар қан қысымын реттеп отырады. Мысалы, артерияларда қан қысымы жоғарыласа, барорецепторларда пайда болған сигнал тамыр жиылдырушы (қозғаушы) орталыққа барып, тамырдың тонусын төмендетеді.
Экстракардиалдық реттеу – бұл реттеу орталық нерв жүйесінен келген импульстер арқылы, кезеген және симпатикалық нерв жүйесі арқылы іске асырылады.. Барлық вегетативтік нерв жүйесі сияқты жүрек нервтері де екі нейрондардан тұрады. Бірінші нейронның дене өсінділері кезеген нерв өсінділерінен тұратын (парасимпатикалық бөлімде) сопақша мида орналасады. Осы нейрондардың өсінділері жүректің нейтромуралды түйіндерінде бітеді. Симпатикалық нерв бөлімінің бірінші өсінділері (импульсті жүрекке апаратын) жұлынның көкірек бөлігінің бесінші сегментінің бүйір өсіндісінде орналасады.
Ал осы нейрондардың өсінділері мойын және жоғарғы кеудедегі симпатикалық нерв түйіндерінде аяқталады. Осы түйіндерде өсіндісі жүрекке бағытталған екінші нейрондар болады. Кезеген нервтің жүрекке тигізетін әсерін ең алғаш ағайынды Веберлер (1845 жыл) зерттеген.
Достарыңызбен бөлісу: |