«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет62/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

9.3. Өкпедегі тыныс алу

Өкпедегі тыныс алуды анықтау бір минутта қанша ауа жұтылған немесе шығарылған ауаның көлемімен есептеледі. Мұны тыныс алудың минуттық көлемі деп айтады.


Бұл жерде бізді ерекше қызықтыратын альвеолдағы тыныс алу немесе газдардың алмасу жайы.
Мысалы, ТМК 8000 мл, тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, сонда өлі кеңістіктегі ауаның көлемі 150 мл 16=2400 мл (өлі кеңістіктегі ауа шамамен, 150 мл). Альвеолдағы газ алмасу 8000-2400=5600 мл, ал демалыс жиілігі 32 минут болса, екі есе аз болады. Кәдімгі жағдайда адам атмосфералық ауамен тыныс алады. Оның құрамы мынадай:

  1. Тыныс алғандағы: О2-20,9 ,СО2 -0,03;

N2, инертті газдар – 79,04.

  1. Тыныс шығарғандағы: О2—16,0,СО2 – 4,5;

N2, инертті газдар – 79,5.

  1. Альвеолдағы ауа: О2-14, СО2 – 5,5;

N2, инертті газдар – 80,5.
Альвеолдағы ауа ағзаның ішкі ортасы болып саналады. Осының құрамына байланысты артерия қанының құрамында сондай болады.
Өкпедегі газ алмасу, газдардың диффузиясы. Альвеолдағы жартылай шар тәрізді альвеол жолының қабырғасынан бүртиіп шыққан жерлері және тыныстық бронхиолдар. Альвеол диаметрлері 150–300 мкм. Адамның бір жақ өкпесіндегі альвеолдардың саны орташа 400 млн, ал жалпы ауданы 90 м2. Альвеолдағы ауаны қаннан өкпе мембранасы бөліп тұрады. Ол эндотелиалды клеткалардан, екі негізгі мембранадан, жалпақ альвеоларлы эпителиядан тұратын сурфактант қабатынан тұрады. Өкпе мембранасының қалыңдығы:
0,4–1,5 мкм.
Өкпедегі газдардың алмасуы оттегінің альвеолдағы ауаның құрамына диффузия арқылы қанға өтуінен және көмірдің қос тотығының қаннан альвеолдағы ауаға өтуінен тұрады.
Диффузия – газдардың парциалды қысымының екі жақтағы айырмашылығына байланысты болады (альвеолдағы ауа қысымы мен қанның құрамындағы қысымына).
Альвеолдың ішкі беткейі жұқа сұйық пленкамен қапталған. Сондықтан альвеолдардың қабырғаларының арасында жоғарғы беткейлерінің керілуінен альвеолдар жабылып қалудан сақтап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет