Зертханалық сабақтарға арналған әдебиеттер
Негізгі әдибиеттер:
1. Нурғалиев Ж.Н., Нурғалиева Қ.Ж. Қалыпты физиология бойынша практикум. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 125 б.
2. Сәтбаева Х.К., т.б. Адам физиологиясы. – Алматы: Дәуір, 2005.
Қосымша әдибиеттер:
Руководство к практическим занятиям по физиологии ./под ред. Г.И. Косицкого,
В.А. Полянцева. – М.: Медицина, 1988.
Практикум по нормальной физиологии. /под ред Н.А. Агаджаняна, А.В. Коробкова. – М, 1983.
Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003. – 400 б.
5-тақырып: Жүрек физиологиясы. Жүрек жұмысының реттелуі
8-зертханалық сабақ
Мақсаты: Бақаның жүрегін басқа жануарлар жүрегімен салыстыру арқылы оның құрылысының ерекшелігін байқау. Жүрек жұмысын графикалық тіркеу және оған лигатура қою тәсілдерімен танысу. Жүрек қызметінің әртүрлі фазалары кезінде оның қарыншасының қозғыштығын зерттеу.
1-жұмыс. Жүрек циклы. Лигатура қою арқылы жүректің өткізгіш жүйесіне талдау жасау.
– бақа жүрегінің жұмысын графикалық тіркеу;
– жүрек автоматизмі. Лигатура қою арқылы өткізгіш жүйесіне талдау жасау.
2-жұмыс. Жүректің рефрактерлік кезеңі және оның кезектен тыс жиырылуы (экстрасистола).
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бақа союға арналған тақтайша, хирургиялық құрал-саймандар жиынтығы, штатив, кимограф, миограф, секундомер, Рингер ерітіндісі, лигатура, пипетка, сия, электр тітіркендіргіш. Жұмыс бақамен жүргізіледі.
Жұмысты қорытындылау: Жұмыстың барысын дәптерге жазу. Алынған кардиогрмманы және кимограмманы дәптерге жапсыру және олардың тістерін белгілеу. Жүрек фазасы циклдарын анықтап, белгілеу. Экстрасистоланың пайда болу себебі мен механизмін түсіндіру. Компенсаторлық паузаның ұзаққа созылу себебі неде?
Достарыңызбен бөлісу: |