Адам миының құрылысы және қызметі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата26.03.2024
өлшемі114.16 Kb.
#496527
1   2   3
Ми

Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы
ми мен артқы ИДы бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы
жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің
бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін
тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми
бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер
көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).
Аралық ми – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру
төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық ИДы да бір
ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. Б. рецепторлардан келетін қозу
аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.
Алдыңғы ми. Адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа
бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Алдыңғы ИДы кейде соңғы ми деп те
атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми
сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді.
Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының
сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының калыңдығы шамамен 2-3 мм, ондағы
жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында 
7


мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және козғалтқыш
жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және
жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бірімен-бірі байланыстырады. Ми қыртысы
орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі деп есептелінеді.
Үлкен ми сыңарлары сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың
барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында
қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми
сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер
ми сыңарларын жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді.
Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші
ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық ұсақ
қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді,
жүйке жасушаларын қорғайды.
8


ҚОРЫТЫНДЫ
Үлкен ми сыңарларының қатпарлары ми қыртысының
көлемін
ұлғайтады. Сезу - қимыл аймағы маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан.
Мұнда аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл, бет, ерінді қозғалту және сөйлеу орталығы
болады. Көру аймағы - шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы козу өтеді.
Есту аймағы - самай бөлігінде; дәм сезу, иіс сезу аймағы - маңдай бөлігінің ішкі
жағында. Артқы орталық қатпарда - тері, буын-бұлшық ет, сезу аймағы бар. Денеге
ыстық, суықпен әсер еткенде қайтаратын жауабы (қолды тартып алу) осы аймаққа
байланысты. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау және т. б.)
ми сыңарларының барлық аймақтарымен байланысты. Жүйке ауруларын емдейтін
дәрігерді невропатолог (невролог) дейді.
Мидан 12 жұп жүйке тарайды. Оның алдыңғы екеуі үлкен ми сыңарларынан,
қалған 10 жұбы мидың басқа бөлімдерінің сұр затынан басталады. Ол жүйкелер - иіс
сезу, көру, есту, көзді қозғалту және т. б. деп аталады.
Қазіргі кезде медициналық зерттеу жұмыстарында мидың жұмыс істеу
белсенділігін анықтау үшін электроэнцефалография әдісі қолданылады. Мидың
жұмысын және ондағы өзгерістердің ырғағын жазып алуды электроэнцефалограмма
(ЭЭГ) деп атайды. Оны электроэнцефалограф аспабы арқылы жазып
алады. Электроэнцефалограмма жүйке жасушаларының белсенділігін және аурудың
болу себептерін анықтауға көмектеседі.
9


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
1. Балалар Энциклопедиясы, Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 6 том, 2011 ж
2. Балалар Энциклопедиясы, Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 3 том, 2011 ж
3. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 
Алматы: Атамұра, 2008
4.
Адам миы. Мақала. [Электрондық ресурс]: жастар порталы. URL: 
http://massaget.kz/blogs/5693/
 
 

5.
Бас миы [Электрондық ресурс]: онлайн энциклопедия. URL: 


https://kk.wikipedia.org/wiki/Бас_миы
 
 

10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет