Адам қоғамының мағлұматтар жинақталуы


Казақстан тарихы туралы Ресей мұрағаттарында



бет3/4
Дата04.12.2023
өлшемі24.84 Kb.
#485387
1   2   3   4
Архивтердің даму кезеңдері Толеухан Лида

Казақстан тарихы туралы Ресей мұрағаттарында

Аз ғана уақыттың ішінде қазақ мемлекеттілігінің, басқа елдермен қатынастарымыздың беймәлім тұс­тарын айқындайтын бірегей жәдігер­лер табылды. Ғалымдарымыз Ресей, Өзбекстан, Армения ғана емес, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қы­тай мен Египет секілді елдерге ісса­парлары барысында Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттар­дың есебін алды. Дегенмен, қандай жұмыс та кемшіліксіз болмайды. Әсіресе, шет елдердегі халқымыздың тарихы мен мәдениеті көрініс берген материалдарды іздестіру мен олардың көшірмелерін алдыруға байланысты функциялары айқындалған бір үйлестіруші орталықтың, әдістемелік құралдың қажеттігі айқындалып отыр.
Орталықтан “Зарубежная архив­ная казахстаника. Информационно-аналитический обзор” (Астана, 2006) деген кітапты жарыққа шықты.
Иә, “Шетел мұрағаттарындағы Қазақстан жөніндегі материал­дарға жолбасшы” сияқты басы­лым “Мәде­ни мұра” бағдарла­масын жүзеге асыруға кіріскен кезде-ақ керек болатын. Мұндай әдіснамалық құралға сұраныс уақыт өткен сайын күшейе түсуде десек, 210-беттен тұратын шетел мұрағат­тарындағы Қазақ­стан жөніндегі құжаттарға “ақпараттық-сарап­тамалық шолу” жасауды мақсат тұтқан, әсем безендірілген басылымды парақтай бастағанда-ақ үмітіміз су сепкендей ба­сылды. Бұл арада онда бұрынғы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеттің (кейін Ақпарат және мұрағат комитеті) бірнеше бағытта жүргізген ауқымды ұйымдасты­ру­шылық жұмысы­ның толық көрсетілмегенін айтсақ та жеткілікті.
Жеті-сегіз бетті алатын “Ше­телдік мұрағаттық казахста­ни­каны зерттеудің алғашқы ресми қорытындылары” деген түсінік­сіз тарауда мұрағат қызметкер­лерінің Ресей мұрағаттарында болғандығы ғана сөз етіледі. Олар тарихшы-ғалымдар, мұра­ғат мекемелері қызметкерлері енген топтың ұсынысы бойынша жұмыс жасаған (10-11-бет), ал топ өз кезегінде Ресей Федера­циясы мен Өзбекстан мұрағат­тарының Қазақстан туралы мағлұматтар бар қорларын ғана атаумен шектелген. Сонда, шамасы, осы елдерге іссапармен баратын адамдар әр мұрағатта әрбір қор бойынша “Жолбасшы” (“Путе­води­тель”) болатындығын білмей­тінге ұқсайды.
Кітаптың тағы бір тарауы “Қазақстан тарихы бойынша алынған мұрағаттық құжаттар коллекциясына қысқаша сипаттама” делінеді және онда Франциядағы М. Шоқайдың жеке мұрағаттық қоры туралы ғана сөз болады. Қорды сипаттаудың өзінде үстірттік байқалады (“Жаңа Түркістан” емес – “Йени Түркіс­тан”; Али Мардан Бей емес – Али-Мардан Бей Топчибашы).
Осыдан кейін-ақ “казахстаника” (Қазақстан тақырыбы) ұмытылады. “АҚШ мұрағаттары мен кітапхана­ларындағы КСРО тарихы бойынша құжаттар” деген тарау (31-46 б.) көзге ілінгенде тығырыққа тірелгендей күйге ұшырайсыз. Осы біз қандай тақырыпты зерттеп отырмыз деген ой мазалайды.
Кітап көлемінің жартысына жуығы “қосымша” материалдарға арналған, онда оқырман ҚР ОММ, Ресей мұрағаттарымен танысты­рылады. Және осы бір ғылымның қай жанрына жататындығы белгісіз “туындыны” М.Олкоттың, Л.Крадер­дің, В.Мартин, т.б. шетел зерттеу­шілерінің Қазақстан туралы ағылшын тіліндегі еңбектерінен үзінділер аяқтайды.
Өткен ғасырдың 80-жылдарынан ЮНЕСКО “Халықтар тарихы үшін дереккөздерінің жолбасшысы” деген топтаманы дайындап, оны Халық­аралық Мұрағаттар Кеңесі (ХМК) жариялай бастаған-ды.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін ХМК мен ЮНЕСКО-ға шетел мұрағаттарындағы “Россиканың” библиографиясын жасау туралы ұсы­ныстар түсті. Бұл мәселе 1992 жылы шілде айында Парижде өткен батыс елдері және Ресей мұрағаттары басшыларының арнайы симпозиу­мында талқыланды. Содан бері қарай Ресейде Е.Старостиннің “Шетел мұрағаттарындағы Ресей тарихы” (М., 1994), одан өзге авторлардың “АҚШ-тағы Россика” (М., 2001), “Шетелдік мұрағаттық Россиканың мәселелері” (М., 1996) т.б. бірнеше еңбектер жарық көрді. Мұны айтып отырған себебіміз, екі жағдайға байланысты. Біріншіден, Кеңес одағының құрамына енген елдердің, олардың ішінде Қазақстанның мұрағаттары шетелдік “Россикамен” тығыз байланысты. Бұл орайда жоға­рыда сөз болған кітапты құрастыру­шылардың “Россикаға” бет бұруы дұрыс, бірақ осы “Россика” аталатын ғаламат дүниенің ішінен Қазақстанға қатысты материалдарды іріктеп алу керек.
Өткен ғасырдың 30-40-жылдары Ұлттық мұрағатқа Қазақстан туралы да мағлұматтарды қамтитын Американың бірнеше мекемелерінің материалдары берілді. Әсіресе, №226 құжаттық топ материалдары ерекше назар аударуды қажет етеді. Оны Қорғаныс минис­трлігінің Страте­гиялық қызмет біріккен басқармасы­ның құжаттары құрайды. 1942 жылы құрылып, 1946 жылға дейін АҚШ Қорғаныс министрлігінің біріккен бас штабы үшін ақпараттық және барлау материалдарын дайын­даумен айналыс­қан бұл Басқарма Кеңес одағындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, оның ішінде ұлттық мәселелер бойын­ша құпия мәліметтер жинастырған екен.
Стратегиялық қызмет басқармасы федеральдық атқару департаментінің бөлімшесі болуына қарамастан, оның материалдарының бір бөлігі, әсіресе, Кеңес одағындағы ұлттық қатынастар бойынша жасалған есептері №248 құжаттық топ құрамында ұшырасады. Бұл топта ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде әрекет еткен Әскери-теңіз тасымалдау басқармасының құжаттары шоғыр­ланған. Орта Азия халықтарының тарихына қатысты құжаттар инженерлік әскерлер басқармасы материалдары арасында да кездеседі (№77 құжаттық топ).
Қазақстан жөніндегі мағлұматтар АҚШ ұлттық мұрағатының филиалдары – құжаттану федеральдық орталық­тарының жергілікті мұрағаттық бө­лімшелерінде де бар. Бұл орайда ұлттық мұрағатта түсірілген микро­фильм­дерге көңіл бөлген жөн. Қазақстан жөніндегі құжаттар құрамын зерттеушілер федеральдық мұрағат қызметі 1975 жылы құрастырған “Ұлттық мұрағаттың регионалдық мұрағаттық бөлімше­леріндегі микрофильмдерден” біле алады.
Жеке мұрағаттық қорларда да Қазақстан туралы материалдардың баршылығын өмір көрсетіп отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Ұлыбрита­ниядағы Басхановтың коллекциясы­нан “Яш Түркістан” журналының барлық сандарының көшірмесі алынды. Канада профессоры Р.Пирс­те “Туркестанские ведомости” газе­тінің толық коллекциясы сақтаулы. Орта Азия мен Қазақстанды ұзақ жылдар зерттеумен айналысқан фран­цуз профессорлары А.Беннигсен, К.д’Анкос, Ш.Лемерсье-Келькеженің жеке мұрағаттары да назардан тыс қалмауы тиіс.
5. Кеңес өкіметі мұрағаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет