Сүйектердің байланысы.
Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі жүлгелер, төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін шұрықтар болады. Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Олар аткаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, шала қозғалатын және қозғалмалы байланыстарға бөлінеді .
Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бірімен-бірі тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан.
Шамалы қозеалатындарға - омыртқалардың бірімен-бірі шемір-шектер арқылы және қабырғалармен байланысуы жатады.
Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа аяқ-қол сүйектерінің байланысы т.б. жатады .
Буындар
Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын дегеніміз сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері. Әрбір буынның сырты тьныз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығының буын сұйықтығы бөлінеді. Сұйықтык үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.
Сүйектің бірімен-бірі байланысатын шеті жылтыр, тегіс шемір-шекпенқкапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) өлсіретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |