Судың пайдалы қасиеттеріне келесілері жатады:
- Су қоректік зат тектерді (жасушаларға), алмасу өнімдерін және гормондар, ферменттер, тромбоциттер және қан жасушалары сияқты түрлі заттарды (жасушадан) тасымалдайды. Соған сайкес ол жасушалық зат алмасудың өтуіне септігін типізеді және жасушалардың химиялық қызметтеріне аса қажет. Су еру мен суспензиялау үшін тамаша орта. Көптеген субстраттар суда ериді немесе суспензияға айналады, осылайша жаңа заттектер түзетін реакцияларға түсе алады. Судың бұл қасиеті ағзадағы алмасу заттары мен улы заттардың зәрмен шығуына септігін тигізеді. Су еріткіш ретінде тұтқыр молекулалармен қосылып,буындарға арналған майлайтын сұйықтық және ас қорыту жүйесі мен несеп-жыныстық жолдарды майлайтын шырыш, ішкі органдарды майлайтын ұйыма сұйыктықтарды және асқорыту жолдары арқылы өткенде асты ылғалдандыратын басқа да секреттерді түзеді. Су өз температураның салыстырмалы түрде аз өзгерте отырып, жылу сіңіреді. Судың жылуды сактау қасиеті жылуды сіңіріп, оны жылу өнімі және тер булануы ретінде шығара отырып, дене температурасык реттеуге көмектеседі. Су ағзаның маңызды құрылымдық, компоненті болып саналады. Ол жасушалардың пішінін сақтайды және барлық ағзаның жасуша жарғақшаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Ағзаның жалпы суы (АЖС) деген қабылданған атау бар, адам ағзасындағы судың мөлшері жасына, жынысына, бұлшық, ет және май тінінің көлеміне қарай өзгеріп отырады. Дені сау адамдарда ағзаның жалпы суы өзгеру өсу кезі, дене массасынык артуы, дене массасынык азаюы, жүктілік және бала емізу жағдайларын есептемегенде, болар-болмас. Дегенмен, ағзаның жалпы суы мөлшері әртурлі факторларға байланысты түрлі адамдарда өзгеріп отырады. Ересек адамның майсыз массасының шамамен 70-75%-ы су үлесіне келеді, ал май тінінде судың 10-40%-ы бар. Соған сәйкес, салыстырмалы түрде майдың пайыздық көрсеткіші жоғарырақ, болғандықтан әйел адамдардың ағасында ер адамдардың ағзасына қарағанда су азырақ. Егер адам салмақ қосса, май тініндегі су мөлшері азаяды. Жас ұлғайтатын сайын, бұлшық ет массасын жоғалтуға байланысты ағзаның жалпы суының мөлшері азаяды.Мысалы, туылған кезде денесінің, 74%-ы судан тұрған қыз балада бұл керсеткіш 51 жасқа қарай 47%, ал осы жастары ер адамдарда 56% болады.
Дені сау нәресте үшін толық су қажеттілігі күніне шамамен 75-100 мл/кг құрайды, бірақ нәрселерде дегидратация дамуының қаупін арттыратын түрлі факторларға байланысты тұтынылатын сұйыктыктың кеңес берілетін мөлшері күніне 150 мл/кг құрайды. Осылайша, 5 килограмдық 6 айлық бала үшін сұйыктықтың кенес берілетін тұтынылуы шамамен 750 мл-ді құрайды. Нәресте денесінің пайыздық қатынастары көп бөлігін су құрайды, орта есеппен туылған кезінде 74% болып, 6 айына қарай шамамен 60%-Fa дейін төмендейді. Нәрестелік кезінде байқалатын ағзаның жалпы суы мен су айналымындағы жылдам өзгерістер бір жастан кейін бәсендейді. Ағзаның жалпы суы балалық, және жасөспірімдік кезінде тез азаяды. Дене салмағына қатысты су айналымында нәрестелік және ерте балалық, кезеңнің арасында айтарлықтай азаяды. Суды тұтыну бойынша мәліметтер оның алмасуының төмендеуіне сәйкес келеді. Су теңгерімін зерттеу қорытындылары су тұтынылуының өмірінің бірінші күнінен бастап 6-12 айа дейін екі есеге айтқандарың керсетеді. 2 жас пен 9 жас аралығындағы тұтынудың артуы 5-10%-ды ғана құрайды. Су тенгерімінің зерттеулері қоңыржай климатта өмір суретін, белсенді емес ересек адамдардың ең аз су қажеттілігі шамамен 1-1,3л/күн құрайды, бұл мөлшер _судык деммен, зәрмен, үлкен дәретпен және сезілмейтін шығындарын дәлме-дәл толтыруы керек. 70-тен асқан адамдар үшін қалыпты мөлшерде ерлер үшін 3,0-3,7л сұйықтық ішу түрінде, әйелдер үшін 2,2- 2,7л сұйықтық ішу түрінде болу керек.
Ересек адамның организмiндегi судың жалпы мөлшерi 60% құрайды. Осы себептен 70 кг салмағы бар адамда 42 л су болады. Бұл өлшем тұрақсыз және жынысқа, жасқа, организмнiң физиологиялық жағдайына, ауруларға және сыртқы жағдайларға тәуелдi. Эмбрионда судың мөлшерi 97%-ке жетедi, жаңа туғандарда – 77% дене салмағының. Жас ұлғайғанда судың керектiмөлшерi азаяды және 80 жастан асқан қарттарда оның мөлшерi 48%-ке дейiн төмендейдi. Еркектерде (64%) әйелдерге (54%) қарағанда соңғыларда майдың керектi салмағының жоғары болуына байланысты бiршама көп. Жеке ткандерде судың мөлшерi олардағы алмасу процестерiнiң жұруiне байланысты. Қанда, бұйректе, өкпеде, жұректе, көк бауырда, бұлшық еттерде, бас миында 70-83% су болады. Бұлардан ерекше майлы, сұйек ткандерi, тiстiң қатты ткандерi суға кедей (10-30%), ал тiстiң эмалiнде барлығы 4-5% қана су болады. Биологиялық сұйықтықтар (сiлекей,тер, көз жасы) 95-98% судан құралады. Су организмде 3 сұйықтықты фазада болады. Оның негiзгi мөлшерi (77%) клеткалардың iшiнде болады.
Тамактану рационындағы су көздері және оны тұтынуға ықпал ететін факторлар: дене белсенділігі немесе қоршаған орта жағдайларының (мысалы, күннің ыстыктары) салдарынан бірнеше сағаттан кейін су жетіспеушілігі туындау мүмкін. Алайда күнделікті деңгейде, сұйыктықты шөлдеуге байланысты тұтынуы және тамактану уакытында сусындарды тұтыну гидратацияны және ағзадағы судың жалпы мөлшері қалыпты деңгейде қолдануға мүмкіндік береді. Адамдар суды таза ауыз суы, сусындар түрінде және тамақпен бірге тұтынады, ол тамақтың құрамында болуы мүмкін немесе оны даярлау кезінде қосылған су түрінде тұтынуы мүмкін.Шыжыған ыстық кезде денеден тер мен бірге көп мөлшерде натрий тұзы сыртқа шығады. Мұндай кезде мөлшерден тыс тұзсыз су ішу қанды сұйылтып жібереді. Су жасуша қабықшасы арқылы жасуша ішіне өтіп, жасуша сулы ісігін тудырады да, судан улану туындауы мумкін. Сондыктан көп мөлшердегі суды бір жолата ішуге болмайды. Өте мұздай суық су ішу де зиянды. көп мөлшерде өте мұздай суық су ішкенде асқорыту жүйесінде шуғыл бұзылыстар пайда болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |