Адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон



бет3/7
Дата21.04.2024
өлшемі36.61 Kb.
#499423
1   2   3   4   5   6   7
Халықь санағының тарихы

Өте ертеде. Бірі біліп, бірі білмейтін болар, б.з.б 1000 жылы археологтар ғаламшардағы адамдар саны небәрі 10 миллион ғана болғанын есептеген екен. Мыңдаған жылдар өтіп 1800 жылы өндірістің дамуы есебінен жердегі адам саны 1 миллиардқа жеткен. Ең қызығы 1960 жылдары әлемдегі халық саны бірден 3 миллиардқа, ал 1999 жылы 6 миллиардқа жеткен. 2011 жылы халық саны 7 миллиардқа жетті. XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы халық санының мұншалықты жылдам өсу адамзат тарихында бұрын-соңды орын алмаған.
2010 жылғы есеп бойынша әлемдегі халықтың 60%-ы Азияда, 15,5%-ы Африкада, 10,4%-ы Еуропада өмір сүрген.
Әлем бойынша халық саны жөнінен көш бастап тұрған Қытайдың 2017 жылғы тамыздағы көрсеткіші 1 385 923 000 құраған. Халық саны аса көп елдер қатарына Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия, Ресей, Мексика, Жапония кіреді.
Қазақстандағы жағдай
Елімізде қазақ және орыс ұлты этникалық құрылымның 85%-ын құрайды. 1989-1999 жылдар аралығында Қазақстандағы халық саны 1 246 028-ге қысқарған. Бала туу көрсеткіші 1991 жылмен салыстырғанда 353,2 мыңнан 400,7 мыңға дейін немесе 13,5%-ға көбейген.
Өмір сүру ұзақтығы 1991 жылмен салыстырғанда 4,7 жылға ұзарған. Соның ішінде ер адамдар - 5,3, әйелдер - 4,5 жылға дейін ұзағырақ өмір сүреді. Жалпы алғанда тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстандағы адам саны 9,5%-ға өскен. Шын мәнінде жиырма жыл уақыт ішіндегі еліміздің демографиялық көрсеткіштері көңілді көншітпейді. Тіпті халықтың басым көпшілігін орыс және өзге де ұлт өкілдері құрайтынын ескерсек, қазақ ұлтының көрсеткішінің өсуі болмашы пайызды ғана құрайтыны анық. Қазақстандық демографтардың айтуынша, еліміздегі әрбір отбасы 1-2 бала тәрбиелейді және отбасылардың жиі ажырасуы мен ересектер арасындағы өлім көрсеткішінің жоғары болуы демография көрсеткішінің қарқынды түрде өсуіне кедергі болады.
1 маусымда Қазақстандағы халық саны 18 014,2 мың деп мәлімделген болатын. Оның себебін елімізде бала туу көрсеткішінің өсуімен тікелей байланыстыруға болады. Сонымен бірге сәби өлімі керісінше төмендеген. Мәселен, 2016 жылғы статистика бойынша сәби өлімі 11,6%-ға азайған. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет