Орал қаласы бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту туралы а қ пара т



жүктеу 47.94 Kb.
Дата27.02.2016
өлшемі47.94 Kb.
Орал қаласы бойынша

шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту туралы

А Қ П А Р А Т
2013 жылдың 1 қыркүйегіне қаладағы есепті деректер бойынша 28926 (2012 жыл - 23521, 2011 жыл - 21628) шағын бизнес субъектісі тіркелген, олардың 25329 (2012 жыл – 19450, 2011 жыл - 18229)қолданыста (87,5 %), еңбек ететіндер саны 35554 (2012 жыл – 30350, 2011 жыл - 28828)адамды құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны 23,0%-ға өскен.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 37794,2 (2012 жыл – 31510,0; 2011 жыл -26225,0), млн. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.

Жылдың басынан бері салық комитеті арқылы 2433 куәлік берілді, тіркеу салымы 6,87 млн.теңгені құрады.

2013 жылдың 8 айында екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын бизнес субъектілеріне 12700,3 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 7522,8 млн. теңге, ұзақ мерзімге 5177,5 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиенің көлемі 5,0 пайызға өссе, ұзақ мерзімге берілген несиенің көлемі 1,2 пайызға азайған.

2013 жылдың 8 айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 162(113,5 га) жер учаскелері бөлінді, оның ішінде сатып алынғаны –39(2,8га).



Сонымен қатар 297 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға берілді, оның 74 қайта жоспарланып іске қосылды, осыған сәйкесті 31 дүкен, 2 дәріхана, 3 сауда павильоны, 1 ойын-сауық орталығы, 2 СҮ, 8 автокешен, 4 кафе, 2 дәмхана, 1 сұлулық салоны, 3 қойма, 1 жанар-жағар май құю станциясы, 1 автожуғыш, 1 өндірістік ғимарат, 2 шаштараз, 1 медициналық бөлме, 8 кеңсе, 1 наубайхана, 1 қонақ үй, 1 тіс оңдайтын бөлме ашылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 13 сәуіріндегі №301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы бекітілген болатын. Аталған бағдарлама экономиканың шикізаттіқ емес секторындағы аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамыз етуіне сонымен қатар қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалуға және қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

2010-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесімен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 38,4 млрд тенгеге 255 жоба мақұлданды. Оның ішінде 194 жоба қалаға тиесілі, жобалар құны – 27,4 млрд.теңгені құрайды.
2010 жылы -24 жоба соммасы 5,7 млрд.тенге

Оның ішінде: соммасы 3,6 млрд.теңге болатна 18 жоба қалаға тиесілі


2011 жылы -43 жоба соммасы 4,7 млрд.тенге

Оның ішінде: соммасы 3,6 млрд.теңге болатна 36 жоба қалаға тиесілі


2012 жылы -108 жоба соммасы 14,2 млрд.тенге

Оның ішінде: соммасы 7,3 млрд.теңге болатна 84 жоба қалаға тиесілі

2013 жылдың басынан бері соммасы 13,9 млрд.теңге болатын 80 жоба мақұлданса, оның ішінде соммасы 12,9 млрд теңге болатын 56 жоба қалаға тиесілі.

Қала әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы №433 қаулысына сәйкес кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі жұмыс жасайды. Құрамында: «Атамекен Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы ЗТБ Батыс Қазақстан облысындағы филиалы, «Заман» Батыс Қазақстан облысының

өндірушілер қауымдастығы, Батыс Қазақстан облысы сауда-өндіріс

палатасы, Халықаралық бизнес орталығы, «Шағын бизнес орталығы» бар.

2012 жылдың қорытындысы бойынша сараптама кеңесімен 12 жоба қаралған болса биылғы 8 ай ішінде 13 жоба қаралған.

Әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақты деңгейде ұстап тұру мақсатында аптасына 1 рет баға мониторингі жүргізіліп отырады. Мониторингқа қаламыздың 6 ірі базары мен әр түрлі жерде орналасқан 93 дүкенінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары қолданылады. Сонымен қатар, жұмасына 2 рет бөлім қызметкерлері қала базарларына азық-түлік тауарларының бағаларын қарауға шығады. Бағаны негізсіз көтерген сауда орындарының иелерімен түсінік жұмыстары жүргізіледі

Сондай-ақ Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен қала тұрғындарын төмен бағалы оқу құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында оқу құралдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

2012 жылдың 23 ақпанында №435 «Уәкілеттілікті жүктеу туралы» Орал қаласы әкімдігінің қаулысының негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 165-бабымен көзделген белгіленбеген орындарда сауда жасауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерімен айналысатын жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобының құрамында қалалық әкімдіктің өкілдері, Орал қаласының ішкі істер басқармасы, Орал қаласы бойынша мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, Орал қаласы бойынша салық басқармасы, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» акционерлік қоғамы электр энергиясын тасымалдау жөніндегі қалалық филиалы, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясының мамандары бар.

Аталған қаулыға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 165-бабымен көзделген, белгіленбеген орындарда сауда жасауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты хаттама толтыру Орал қаласының кәсіпкерлік бөліміне жүктелген.

2012 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс тобы қала аумағындағы жабайы сауданы және заңсыз орнатылған сауда нүктелері мен «Ел ырысы», «Мирлан», «Қайнар», «Тұлпар», «Орталық базар», «1100 ұсақ-түйек», «Жайық» дүкені, «Марина» кафесі , 6-шы шағын аудан және т.б қала аумағына тиесілі жерлерде үлкен жүк көліктерінен сауда жасаушыларды жою бағытында жоғары көлемдегі жұмыстар және рейдтік іс-шаралар тоқтаусыз жүргізуде.

Облыстық және қалалық жол қозғалысы қауіпсіздігі комиссиясы отрыстарында бөлімнің ұсынысмен үлкен жүк көліктерінің қаланың орталық бөліктеріне кіруіне тиым салу бойынша шешім қабылданып, оны бақылауға алуды Орал қаласының кәсіпкерлік бөліміне және БҚО бойынша жол полиция басқармасына жүктеліп, қала орталықтары ретке келтірілді.

Бүгінгі күні «Жайық» дүкені маңайы, темір жол бекеті ауданы, «Детсад» аялдамасы ауданы және 6 шағын ауданындағы жабайы базарлар жойылды. Сонымен қатар жыл басынан бері 100-ге жуық рұқсатсыз және құжатсыз, мемлекет жерін заңсыз пайдаланып қала аумағын абаттандыру ережесін бұза отырып орнатылған сауда дүңгіршектері алынып тасталды.



Қала тұрғындарынан жабай саудаға қатысты жазбаша және ауызша түрдегі шағымдар күн сайын толассыз түсуде. Тұрғындар өздерінің шағымдарында орын алған жабайы саудаға наразылықтарын білдіріп, саудагерлер антисанитарлық жағдайда және көшені ластап жатырғандықтарын айта келіп жаяу жүргіншілер жолдарына отырып балық, ет және сүт өнімдерін сату арқылы пайда болған жабайы сауда мен заңсыз орналасқан дүңгіршектерді алып тастауды талап етеді. Осы аталғандарға сәйкес бөлім мамандары белгіленбеген жердегі сауда-саттықпен айналысушыларға барып профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 165 бабына сәйкес хаттама толтырады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет