Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін. Джон Дэвисон Рокфеллер


Вербальды емес қарым-қатынас қызметі



бет15/17
Дата01.03.2023
өлшемі118.46 Kb.
#470223
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Документ Microsoft Word (3)

Вербальды емес қарым-қатынас қызметі.

Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдері мен техникалар. Вербальдық емес (сөз арқылы емес) коммуникация жүйесі іскерлік қарым-қатынастың маңызды компоненті болып табылады. Мамандардың берген бағасы бойынша қарым-қатынас процесіндегі хабардың негізгі бөлігін жеткізудің және қарым-қатынас серігінің бейнесін нақты құрудың негізгі көзі болып табылады.
Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зертеушілердің бірі А. Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика (ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 папйызы – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.
Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.
Кинесикалық қарым-қатынас құралдары бұл қарым-қатынаста мәнерлі-реттеуші қызмет атқаратын басқа адамның қимыл-қозғалысын көру арқылы қабылдау (ым-ишара, пантомимика, дене тұрысы).


Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің ырғақты-интонациялық жағын қарастырады (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс үнінің жоғарылығы, қаттылығы)

Экстралингвистикалық қарым-қатынас құралдарына: сөздегі кідірістер мен адамның психофизиологиялық көріністері (күлкісі, жылау, жөтелу, дем алу, қыңқылдау, т.б.).

Проксемикалық құралдар – қарым-қатынасқа түсушілер үшін маңызды хабардан тұратын қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт ситуациялары.

Такесикалық қарым-қатынас тәсілдері дегеніміз қарым-қатынас серігіне қол тигізу: қол алысу, арқасынан қағу, құшақтау, сүю т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет