Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе



Дата13.06.2016
өлшемі22.13 Kb.
Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу

жөнінде халықаралық тәжірибе
Оқу бағдарламалар тәрбиенің адамгершілік, зерделілік, тәндік, еңбектік және өзге де аспектілерін ескереді. Осыған байланысты білім беру бағдарламасына енетін әдебиет, тарих, қоғамтану т.б. пәндер сияқты гуманитарлық пәндер бірінші орында тұрады. Оларды зерделеу және меңгеру - рухани, патриоттық, имандылық пен азаматтылықтың көзі ретінде, зұлымдық пен рақымсыздыққа қарсы әрекет ретінде қарастырылады.

Мәселен, Япониядағы жаңа мектеп бағдарламасының авторлары (1990-2000) тәрбиелік оқудың төрт негізі басымдылығын анықтады: 1) рухани тәрбиелеу; 2) әлеуметтік бейімделу; 3) өзінің және басқа халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметтеу сезімін қалыптастыру; 4) азаматтық қасиетті қалыптастыру.



Ресейдің білім беру мектептерінің бағдарламалары тәрбиелеуде берік адамгершілік қағидаларды және жалпыға бірдей қабылданған рухани құндылықтар негізінде азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын, өзге ұлттардың өкілдерімен бірге тұру дағдыларын алу сияқты басты бағыттарын көздейді.

АҚШ мектептерінде оқытушы оқу тоқсанында 1 сыныптан бастап әр оқушыға адамгершілік тақырыбына жеке әңгіме-кеңеске 5-6 минут бөледі.

1958 жылдан бастап Японияда мектепте адамгершілік курсы енгізілген, бағдарлама курсының мақсаты - әлемдік және халықтық қоғамдастық мүшесін тәрбиелеу. Бастауыш мектептерінде ерекше «адамгершілік сағаты» тәжірибесі қолданылады. Сабақ уақытында және өзге іс-шараларда түрлі дидактикалық материалдар және әңгімелер оқыту, поэтикалық туындамалар, мазмұндамалар жазу, видео және аудио басылымдарын көрсету, әңгіме-дүкен, балалар сауық кешін өткізу сияқты өзге де жұмыстар қолданылады.

Дін - оқушының адамгершілік тәрбиесінде ерекше орын алады. Діни тәрбие мәселелері жеке және жалпы қоғамдық білім беру мекемелердің, зайырлы оқытудың пайда болуы және шіркеулерден мектептердің бөлінуі сияқты проблемалармен тығыз байланысты. Егер Япония мен Россияда жеке мектептерді зайырлы тұлғалар мен компаниялармен құрса, Батыста көбінесе осындай мектептер түрлі шіркеулердің конгрегацияланған құрамына жатады.

Мысалы, Францияда, мектептерде адамгершілік-рухани қалыптасу және сезімдік тәрбиелік жағдай жасау, көркем-эстетикалық мәдениет қалыптастыру, мәдени іс тәжірибесін жинау сияқты 3 басты мақсаттарды айқындайтын «тәрбие өнер арқылы» тұжырымдама жүзеге асырылады.



Литваның оқу жоспарында негізгі пәндер құрмына адамгершілік білім беру жөніндегі курстар енгізілген.

Мысалы, Финляндияда, оқу жоспарына адамгершілік қарым-қатынас және рухани дамыту, мәдени өзгешелік, жалпы байланыс, азаматтық этика атты 3 бөлімнен тұратын «Этика» пәні енгізілген.



Австралияның халықтық курикуллума құрылымында «Құндылықтар» бөліміне өзін-өзі мақұлдау, және өзіндік қадір-қасиетін сезіну (өзін-өзі сыйлау), сыйлау, басқа қамқорлық көрсету және құқықтарын қорғау сияқты ойлар егізілген.

Молдава Республикасында 1-4 сыныптарға арналған «Табиғаттану» пәнінің негізгі мақсаттарының бірі «табиғатты тану мен түсіну, баланың әлемдегі орнын айқындау және сапалы деңгейдегі «Мен» сөзіне ортаның әсері» болып табылады. Куррикулум адамгершілік-рухани тәрбие бойынша жеке адамға этикалық мінез-құлығына бағыт береді.
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files -> mezhdunar opyt
files -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> Бағалық ұсыныстар сұраныс әдісі арқылы принтерлердің техникалық күту және олардың картридждеріне бояу құю бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
files -> Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе
mezhdunar opyt -> Мектеп тамақтануын реформалау жүйесінің батыс елдерінің тәжірибесі
mezhdunar opyt -> Баланы тәрбиелеуде ата-аналардың ролін арттыру бойынша халықаралық тәжірибе


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет