Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет10/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126
Діндер тарихы

Дін психологиясы: бұл білім саласы қазіргі заманғы психологияға паралел түрде дами отырып оның бір саласына айналды. Дін психологиясы бәрінен бұрын адамға қатысты діни өмірдің түрлі жақтарын психологиялық тұрғыдан зерттейді. Яғни дін психологиясы діннің психологиялық жағынан тұлғаның діни тәжірибесін және тәжірибесіндегі түрлі көріністерін түсіндіруге тырысады. Сол себепті дін психологиясы діннің адамның жан-дүниесіндегінегізгі ерекшеліктерін, іс-әрекетіне деген ықпалын қолға алады. Рух пен тән қатынасымен қатар айналадағы мәдениет ықпалдарының тұтастай қолға алынған діни сенім, тұлғалардың ішкі жан-дүниесінде түрлі кемелденулер ортаға шығады. Осы себепті дін психологиясы діни қабілеттен бастап, адам түрлерін мұқияттылықпен зерттеп, топтарын анықтайды және ұлы діни тұлғалардың жан-дүниесін зерттеп, олардың рухани жағдайларын қарастырады. Адамның діни сезімі, пікірі және өмір сүруі дін психологиясының зерттеу обьектісі болып табылады. Ол тұлғада дін сезімінің қалай туындап дамығандығын, мұсылман болу немесе қабылдамау оқиғаларын, діннен туындаған рухани шиеленісу және күмәндарды зерттейді.
Дін психологиясы жалпы психологияның барлық әдістерін қолдана отырып, өз саласына кіретін обьектілерді зерттейді. Бұл білім саласы діндарлықтың тұлғаның жан-дүниесіндегі дамуының анықталуында жалпы психологиядағы негізгі принциптерден, мәліметтерден әрекетке көшіп анкеталардан, тесттерден, бақылаулардан пайдаланады.
Дін философиясы: Дін социологиясы, дін психологиясы секілді дінді қарастыратын дін философиясы дінді философиялық тұрғыдан зерттейді. Бұл зерттеулер кезінде рационалистік (ақылға негізделген) және обьективті жол ұстанады. Бұл білім саласы Тәңір сеніміне философиялық бір негіз қоюға әрекет етеді. Сондықтан да дін философиясы саласында қызмет етушілердің басты мақсаты діннің хақ немесе батыл болғандығы мәселесімен емес, діни үкімдердің қисындылығын ортаға қою. Бұл мақсатпен олар ең әуелі Аллаһтың бар екендігіне қатысты дәлелдерге сыни талдау жасап, бұлардың қаншалықты үйлесімді және ұтымды болғандығына тоқталады.
Дін философиясын басқа дін ғылымдарынан ерекшелігі оның үкім беруінде жатыр. Басқа дін ғылымдары дінге баға беру әдісіне сүйене отырып діни мәселелерді анықтауға тырысса, дін философиясы олардың қол жеткізген нәтижелерінен кең көлемде пайдалана отырып бұл нәтижелердің көмегімен бір топ үкімдерге қол жеткізеді. Сонымен қатар дін философиясы дінді зерттеуге атсалысқан барлық білім салаларының қол жеткізген нәтижелері мен осы нәтижеге жету үшін қолданған әдістері жайында да баға береді.
Дін философиясы діннің ерекшелігін адамның діни ақиқаттармен ара - қатынасын зерттейді. Бұл білім саласының қолға алған мәселелерінің басында Аллаһтың болмысы, сипаттары, Аллаһ пен әлем байланысы, жарату, әлемнің мақсаты, қайта тірілу, пайғамбарлық және уахи секілді кең көлемдегі метафизикалық ерекшеліктегі мәселелер орын алады. Бұдан бөлек ілім – иман, ілім – дін, дін – мәдениет (дін – өнер, дін – саясат, дін – тіл – әдебиет) діни тәжірибе, діни түсінік секілді нәрселер де осы ғылым саласы қарастыратын мәселелердің қатарына жатады.
Діндер тарихының жоғарыда аталып өткен ғылым салаларымен қатар олардан басқа ұштасып жатқан бірнеше ғылым салалары да бар. Бұлардың алғашқысы тарих. Тарих жерге және уақытқа байланысты өткен өміріміздегі болып өткен оқиғаларды қарастыратын білім саласы болуы тұрғысынан өткен уақыттағы діндер мен қазіргі өмір сүріп жатқан діндердің тарихи дамуы жағынан діндер тарихына мәлімет береді.
Діни мәтіндердің кәдеге жарауы тілге байланысты. Бұл тұрғыдан діндер тарихы филологияның жәрдеміне сүйенеді. Сонымен қатар мифология, этнология, археология, өнер тарихы, фольклор және осы секілді білім салаларының зерттеулерін діндер тарихы пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет