Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет28/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126
Діндер тарихы

4. БӨЛІМ

ИУДАИЗМ

1. Жалпы мәлімет


Иудаизм – қазіргі таңдағы бір тәңірлік (монотеистік) діндердің ішіндегі ең көнесі. Бірақ ұстанушылары өте аз. Бүгінде жер бетінде иудаизмді дін ретінде таңдағандардың саны 18-20 млн. шамасында. Олардың 4,4 миллионы Израйлде, 6 миллионы АҚШ-та, қалғаны Еуропа мен әлемнің әр түкпірінде өмір сүреді.
Діндер тарихында иудаизмнің орны ерекше. Әрі ол тәңір тарапынан келген ең көне дін ретінде сипатталады. Тарихы әріден бастау алатын иудаизмнің ең үлкен ерекшеліктерінің бірі – Исрайл ұлдары мен Аллаһ арасындағы «келісім» туралы қасиетті кітаптарында кеңінен әңгімеленуі болып табылады. Сондықтан бұл дін «келісім діні» ретінде танымал. Исрайл ұлдарының басына келген қиыншылықтар олардың сол келісімге бағынбай кетуі, берген уәделерін орындамауларына байланысты туындағаны өздерінің қасиетті кітаптарында да, Құран Кәрімде де баяндалады.
Иудаизмнің Вавилон сүргінінен кейін басым көпшілігінің пікірі бойынша ұлттық бір дін болғандығы айтылады. Бірақ бұл дін бір Тәңір, уахи, қасиетті кітап пен пағамбар түсінігі болғандықтан ұлттық діннен, бір ұлтқа ғана тән деп қараумен иләһи діндерден бөлек тұрады. Негізінде қазіргі таңдағы иудаизм дін, нәсіл немесе ұлт екендігі нақты емес. Бұл діннің өзіне қатысты ерекшеліктері болғандықтан, басқа діндерге ұқсамайтындықтан анықтама беру қиынға соғатындығы айтылуда. Өйткені иудаизмде дін мен ұлт бір-біріне етене кіргені соншалық екеуін айыру қиын. Оны нақты қасиетті кітаптарынан орын алған «Balam» оқиғасындағы мына сөздерден көре аламыз: «Міне олар бір қауым және ұлттардың қатарына жатпайды» (36).
Қасиетті кітаптарында жазылған сөздерге сүйенген иудейлер өздерін жер бетіндегі халықтардың арасынан таңдалынып алынған қауым ретінде көреді. Олардың пайымдауынша Аллаһ тағала Синай тауында иеудейлермен тікелей сөйлесіп, келісімге келген Олардан өз бұйрығына мойынсұнатындығы жөнінде уәде алған және Мұсаны елші ретінде жіберіп, оларға Тораны (Тауратты) түсірген. Иудей дінінің басты орталығы – Иерусалимдегі ғибадатхана (ивритше Бетха Микдаш; арапшасы Байтуль-Мақдис). Қиратылмай тұрған кездегі ғибадатхананың бір бөлмесі Келісім Сандығына арналған еді. Иудаизмнің символдық белгісі – жеті тармақты шырақ және алты бұрышты жұлдыз.
Бұл қауым әлем әдебиеттерінде яхуди, ибрани, еврей, Исрайл ұлдары атауларымен аталады. Тақырыпты жете түсіну үшін жоғарыдағы атауларды білудің маңызы зор. Сондықтан төменде осы атауларға қысқаша тоқталып өтпекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет