Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет31/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126
Діндер тарихы

б. Құран Кәрім бойынша иудаизм


Құран Кәрімде яхудилер жайында айтылған аяттар өте көп. Оларды «бәни Исрайыл», «яһуд» секілді тіркестермен баяндап өткен аяттармен қатар, бір бөлімінде кейбір пайғамбарлардан сөз қозғалғанда (мәселен Хз. Жақып) яхудилер жайында мәлімет беріледі. Бұдан басқа «әһли кітап» сөзінің құрамына олар да кіреді.
Құран Кәрімде яхудилер жайында берілген мәліметтерді былай бөлсек болады:
1. Аллаһ тарапынан яхудилерге берілген нығметтер.
2. Мойынсұнуы тиіс діни үкімдер.
3. Өздеріне пайғамбарлар тарапынан келген үкімдер мен жеткізгендерін өзгертуі, қате жорамалдауы және тура жолдан адасуы.
4. Аллаһқа берген анттарын бұзуы, берген уәделерінде тұрмауы және мұны әдетке айналдыруы.
5. Яхудилердің жасаған істеріне байланысты жамандыққа ұшырап, қорлануы мен кедейлікке душар болуы.
6. Жер жүзінде бұзғыншылық шығаруға тырысулары.
7. Кейбір пайғамбарлар мен салих кісілерге жала жабулары немесе өлтіргендіктері.
8. Болмашы пайдалары үшін ақиқаттан бет бұрулары.
9. Аллаһтың яхудилерге үгіттері.
Құран Кәрімде яхудилердің тарихына қатысты Хз. Мұсаға дейінгі кезеңді былай қорытындыласақ болады:
Хз. Ибраһим Ұлы Аллаһтың таңдалған пайғамбарларының бірі (60). Ол яхуди де христиан да, мүшрік те емес. Аллаһты бір деп таныған шынайы мұсылмандардың қатарына жатады (61). Ұлы Аллаһ оны дос тұтты. Ол өте сезімтал, жұмсақ мінезді, қонақжай және өзін Аллаһқа атаған, жөні түзу адам болатын (62). Хз. Ибраһим міндетін толық атқарған және сухуф (парақтар) берілген (63) пайғамбар.
Хз. Ибраһимге көктің, жердің сырлары білдірілген, айқын білімдер берілген. Бұл жайында Құран Кәрімде былай делінеді: «Осылайша Ыбрайым (ғ.с.) ға сенушілерден болуы үшін көктердің, жердің (Ғажайып) мүліктерін көрсеттік» (Әнғам сүресі 75-аят). Хз. Ибраһим Аллаһтан басқаларына, пұттарға, жұлдыздарға, ай мен күнге табынатын әкесі Азер мен қауымына көрмейтін, естімейтін, сөйлемейтін, өзін қорғай алмайтын, пайдасы не зияны жоқ, рызық бермейтін, бататын, жоқ болып кететін нәрселерге, шайтанға құлшылық етілмейтіндігін түсіндіруге тырысқан. Ол өзінің Ұлы Аллаһқа құлшылық ететіндігін, Оған ешнәрсені ортақ қоспайтындығын, оларды да, қолдарымен жонып жасап алғандарын да Оның жаратқандығын, сондықтан да Оған ғибадат пен шүкір етілу керектігін, өйткені Оған баратындығын білдірген. Қауымы да, әкесі де оның айтқанына құлақ асқан жоқ. Олар Хз. Ибраһимге аталарының сол жолда жүргендігін көргендерін айтты (64). Хз. Ибраһим дұшпанының пұттар, досының Әлемдердің Раббысы екендігін айтып, былай деді: «Ол маған жегізеді де ішкізеді. Ол қашан ауырсам, маған шипа береді. Ол мені өлтіреді де сонсоң тірілтеді. Ол сондай Аллаһ, қиямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін» (65). Ол міндетін атқарып, халқын дінге шақырды. Алайда істегендері мен айтқандарына байланысты Хз. Ибраһимды отқа лақтырды. Бірақ Ұлы Аллаһ оны оттан құтқарды (66).
Құран Кәрім Хз. Ибраһимге қатысты қыссаларда, адамдарға Аллаһ пен ақырет сенімі жайында жол көрсетуге, ғыбрат алып, ойлануға шақыруда (67).
Ұлы Аллаһ Хз. Ибраһимді және оның ұрпағынан пайғамбарларды жіберді. Оларға жақсы істер істеулерін, намаз оқуларын, зекет берулерін бұйырды (68). Хз. Ибраһим Аллаһтан ізгі ұл сұрады (69). Аллаһ оған қартайған шағында Исмайыл мен Ысхақты берді (70). Баласы жүретін шаққа жеткенде әкесі түсінде оны құрбандыққа шалып жатқанын көріп, мұны ұлына айтты. Баласы (Ислам мәліметтерінде Исмайыл екендігі білдіріледі), әкесіне бұйырылған нәрсесін орындауды, өзін сабыр ететіндерден болатындығын айтты. Осылайша Хз. Ибраһим ұлын құрбандыққа шалу үшін жерге жатқызды. Түсінде көрген бұйрыққа мойынсұнғандықтан, Ұлы Аллаһ бір құрбандық жіберді (71). Хз. Ибраһимге қартайған шағында берілген екі ұлының бірі Хз. Исмайыл салих, тіл алғыш, сабырлы, сөзінде тұратын бірі ретінде Хз. Жәбірейіл арқылы уахи келген Аллаһтың пайғамбары, айналасындағыларды зекет беруге, намазды орындауға шақырған (72).
Хз. Ысхақ та турашыл, салих, берекелі, тура жолдағы, ақырет күнін ойланатын, көңілімен Аллаһқа берілген пайғамбар болды (73). Хз. Ысхақ анасы қатты қартайған шағында Аллаһтың сыйы ретінде берілген, ол дүниеге келгенде анасы қатты қуанды. Хз. Ысхақ та, Хз. Ибраһим, Хз. Исмайыл секілді уахи келген пайғамбарлардың бірі (74).
Хз. Жақып, Хз. Ысхақтан кейін сүйіншіленген, уахи келген пайғамбарлар, дініне берік, ықыласты, салих, сабырлы құлдардың бірі (75). Хз. Жақыптың сүйікті ұлы Хз. Жүсіп ықыласты, ілім мен даналық иесі, өте сұлу, түс жору білетін, уахи келген пайғамбарлар еді.
Хз. Жүсіп балалық шағында бір күні әкесіне «түсімде он бір жұлдыз және күн мен айдың маған сәжде қылғанын көрдім» деді (76). Бұл түсті естіген әкесі мұны бауырларына айтпауын ескертті. Сонымен қатар Хз. Жақып оған Аллаһ тарапынан таңдалатынын, түс жору қабілетінің берілетіндігі, алдыңғыларда болғанындай оған және Жақып жанұясына нығметін толықтастыратынын айтқан болатын (77). Бауырлары түсінде көргеніндей Хз. Жүсіпті қызғанды. Оның көзін құртуды жоспарлады. Әкелерін сендіріп, оны қастарына алып, барған жерлерінде құдыққа тастады. Жүсіпті қасқыр жеп кеткендігін айтып, оның қанға боялған көйлегін әкелеріне көрсетті. Бір керуен сол арадан өткенде Жүсіпті құдықтан шығарып алып, өздерімен бірге Мысырға апарып бір уәзірге сатып жіберді. Уәзірдің әйелі Жүсіпті өзімен төсектес болуға шақырды. Ол келіспеген соң, оған жала жауып зынданға тастады. Зынданда түс жорыды. Мысыр патшасы бір түс көрді. Ол түсті ешкім жори алмады. Жүсіппен зынданда бірге болған досы, патшаға түсін Жүсіпке жорытуды айтты. Патшаның түсін жорыған Жүсіп сарайға алдырылды. Мысыр қазынасының басшысы болып сайланды. Уақыт өте келе астық алуға Мысырға келген бауырлары оның алдына шықты. Жүсіп бауырларын таныды да бір себептермен жанұясын Мысырға алдырды. Исрайыл ұлдары осылайша Мысырға орналасты (78).
Хз. Жүсіп кезеңінде Мысырға орналасқан Исрайыл ұлдары, кейіннен Перғауынның зұлымдығына ұшырап, біршама уақыт тәуелді болып өмір сүрді. Оларды бұл қиыншылықтан Хз. Мұса құтқарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет