Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Фирмикутес (Firmicutes) -



бет24/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Фирмикутес (Firmicutes) - қатарына клетка қабығы қалың, грамм оң типтес, коккалар, таяқшалар немесе жіпшелер жатады. Кейбіреулері бұтақтанады, қозғалады және қозғалмайтындары да бар. Әдетте екіге бөліну арқылы, кейде спора көмегімен көбейеді, фотосинтезге қаблеті жоқ, хемотрофты, аэроб, анаэроб организмдер.
Грациликутес (Gracilicutes) - бұл бөлімге клетка қабырғалары грамм әдісімен теріске боялатын коккалар, таяқшалар немесе жіпшелер жатады. Олар қозғалғыш және қозғалмайтын клетка ішінде спора түзбейтін болып келеді. Екіге бөліну, бүршіктену арқылы көбейеді. Бұл бөлімге фототрофтар және фототрофты еместер, аэробты, анаэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер жатады. Кейбір түрлері облигатты анаэроб, клетка ішілік паразиттер болып есептеледі.
L-пішінді бактериялар – пептидогликанды түзу қабілетін жартылай немесе толығымен жоғалтқан мутантты жасушалар (ең алғаш Ұлыбританиядағы Листер институтында зерттелгендіктен осындай атау берілген). Олар жасуша қабырғасының синтезделуін бұзатын заттардың – ингибиторлардың (антибиотиктер, лизоцим, т.б.) әсерінен пайда болады.
Цитоплазмалық мембрана (ЦПМ) - жасуша қабықшасы мен цитоплазманың аралығында орналасқан тығыз құрылым, оны электрондық микроскоп көмегімен көруге болады.
Цитоплазмалық мембрананың құрамы, негізінен, фосфолипидтер мен ақуыздардан тұрады. Фосфолипид молекуласы екі бөліктен құралады: дөңгелек гидрофилді бөлік (басы) және оның жалғасы болып келетін гидрофобты екі майлы қышқылдың тізбектерінен тұратын бөлік.
Цитоплазмалық мембрана арқылы тіршілікке қажетті әртүрлі заттар мен олардың иондары өтіп тұрады. Мембранада жасушадағы осмостық қысымның қалыпты жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Жасуша мембранасында қоршаған ортадан келіп түскен қоректік заттарды жіктеп, жасушаның тіршілігіне қауіпті заттарды ажыратып тұратын сезімтал рецепторлары және жасушаның метаболизм процесін реттеп тұратын ферменттері болады. Мембрана мөлшері жасушадағы құрғақ заттың 10%-ын құрайды. Кейбір микроорганизмдерде (микоплазмаларда) мембраналар жасушаның сыртқы қабықша қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет