Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет33/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Хемостатта өсу процесі қоректік ортаның қосылып отыру жылдамдығы реттеледі, клеткалардың өсу жылдамдығы соған сәйкестендіріледі. Жетіспейтін, шектеулі заттың концентрациясын жоғарлатса, бактериальды популяцияның өсу жылдамдығы өсе бастайды.
Турбидостатта қоректік ортаның қосылу жылдамдығы клеткалардың өсуімен реттеледі. Турбидостаттағы фотоэлемент клеткалардың өсуін өлшеп отырады да қоректік ортаның қосылуына белгі (сигнал) береді.
Бақылау сұрақтары:
1.Популяция және клетканың өсуінің заңдылықтары қандай?
2. Прокариоттардың қоректену жолдарына сипаттама беріңіз.
3.Микроорганизмдердегі өсу қисығы
4.Микроорганизмдерді мерзімді және үздіксіз өсірудің айырмашылығы
5.Хемостат пен турбидостаттың айырмашылығы
Дәріс №11-12
Тақырыбы: Микроорганизмдер систематикасы
Жоспары:
1.Филогенетикалық және фенотиптік систематика
2.Прокариоттардың классификациясы
3.Грациликутес – клетка қабықшасы жұқа, нәзік
4.Фирмикутес – клетка қабықшасы қалың
5. Тенерикутес – клетка қабықшасы жоқ
6. Мендосикутес - клетка қабықшасында ақауы бар архебактериялар


Систематика - организмдердің алуантүрлілігі мен әр түрлі организмдер топтарының арасындағы байланысты зертейтін және бұл байланыстардың заңдылықтарын анықтайтын биология ғылымының саласы. Зерттеу обьектілеріне байланысты ол: өсімдіктер, жануарлар, прокариоттар систематикасы болып бөлінеді. Түрлерді бір-бірімен байланысты және бір- біріне тәуелді категорияларға біріктіру үшін систематиканың әдістері мен оларды сипаттайтын тілі бар. Систематика классификация, таксономия, номенклатура, идентификация деп түрленеді.
Классификация – көптеген организдерді таксондарға бөлу. Таксон – біртекті белгілері мен қасиеттері бар организмдердің тобы.
Таксономия – таксондар шекарасын, олардың тәуелділігін анықтау. Таксономия биологиялық алуантүрліліктің тәртібін анықтайтын классифика-цияның теориясы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет