Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет45/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофи-тер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады.Оны симбиоз деп атайды.
Саңырауқұлақтар жоғары сатыдағы өсімдіктерменде симбиозға түсіп, өздерінің гифтерімен оларды қоршап алып және тамырларына еніп, микориз деген атқа ие болған құрылым (тамыр+саңырауқұлақ) түзейді. Өсімдіктермен мұндай селбесу олардың фосфорға деген сұранысын қанағаттандырады.
Микроскопиялық саңырауқұлақтар - қоректену үшін тірі ағзалардың ыдырап жатқан қалдықтарынан нәруыздарды, майлар мен көмірсуларды пайдалануға бейімделген. Зең саңырауқұлақтары нанда, көгөністерде, қида, өлі денелерде, түскен жапырақтарда дамуы мүмкін. Зең саңырауқұлақ-тарының табиғаттағы әрекеті шіріткіш бактериялардың әрекетіне ұқсайды. Олар көп мөлшерде тірі ағзалардың қалдықтарын жояды. Олар болмаса, бүкіл Жер шарын түскен жапырақтар, сынған бұталар мен ағаштардың діңдері, жануарлардың өлекселері мен бөлінділері қаптап жататын еді.
Көбеюі. Саңырауқұлақтар де вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар мицелийлерінің жеке бөліктерге және жасушаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқұлақтары жасушаның бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар артроспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар жасушаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, қалың қоңыр түсті қабығы бар жасуша-ларға ыдырайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар – қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар.
Әр түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бұл споралар өздерінің шығу тегі жағынан эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар эндогендік споралар арқылы көбейеді. Олар гифаларының ұшынан өсетін спорангияларда түзіледі. Кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш келеді, оны зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп мөлшерде түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін қозғалады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың көпшілігі зооспоралармен көбеймей, қозғалмайтын қалың қабығы бар споралар арқылы көбейеді. Мұндай споралар, спорангии сағағы деп аталатын ерекше мийелийлердің ұшынан дамитын спорангийлердің ішінде өседі.
Экзогендік спораларды конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді тізбектеліп келіп, ерекше тарамдалған конидия сағағы деп аталатын мицелийлердің ұштарында дамиды. Саңырауқұлақтарды конидиялардың пішіндерінің әр түрлі болуына және олардың ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен ажыратады.
Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.
Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі мынадай класқа бөлінеді:
хитридиомицеттер класы,
оомицеттер класы,
зигомицеттер класы,
аскомицеттер класы,
дейтеромицеттер немесе жетілмеген саңырауқұлақтар класы.
Хитридиомицеттер (Chytrіdіomycetes), басым көпшілігі өсімдік пен жануарлар жасушаларының ішінде паразиттік тіршілік ететіндіктен вегетативтік денелері жалаңаш плазмалық массадан (плазмодиядан) тұрады не бір жасушалы, кейде өте нашар дамыған, жасушасыз, бастама мицелий түрінде болады. Клетка қабығы хитиннен тұрады. Бір талшықты зооспорасы бар зооспорангий құрып, жыныссыз және жынысты (гаметогамия, оогамия, соматогамия) жолмен көбейеді.
Табиғатта кең тараған. 3 қатарға, 90 туысқа жататын 500-дей түрі белгілі. Кейбір түрі (ольпидиум, синхитриум) ауыл шаруашылығы дақылдарының ауру тудырушысы болып саналады. Олар су өсімдіктері мен жануарларында паразитті тіршілік етеді. Бұл саңырауқұлақтардың ішінде картофельдің қатерлі ісігін тудыратын түрлері де белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет