Пропион қышқылды ашу процесіне қатысатын Propionibacterium туысына жататын микроорганизмдер қантты, сүт қышқылын және оның тұздарын пропион қышқылына айналдырады. Олар грам-оң, плеоморфты таяқша, анаэробты немесе микроаэротолерантты болады. Олар қант пен лактатты, глицерин мен амин қышқылдарын пропион қышқылына дейін ыдыратады. Глюкоза Эмбден-Мейергоф жолымен пирожүзім қышқылына дейін ыдырайды. Ашу процесі аяқталғанда ортада пропион қышқылынан баска сірке қышқылы, көмір қышқыл газы және су түзіледі
3C6H12O6 → 4CH3CH2COOH + 2CH3COOH + 2CO2↑ + 2H2O
глюкоза пропион сірке көмір су
қышқылы қышқылы қышқыл газы
Май қышқылды ашу. Май қышқылы ашу процесінің биохимиялық табиғитын алғаш рет 1861 жылы Л.Пастер зерттеп, оны қоздыратын ауалы жерде тіршілік ете алмайтын ерекше микробтар екенін ашты. Олар спора түзетін, Грам оң Clostridium туысына жататын таяқшалар. Олар топырақта, көнде, лас суда, сүтте және басқа да сол сияқты заттарда жиі кездеседі. Май қышқылы ашу процесі пирожүзім түзілгенге дейін Эмбден-Мейергоф- Парнас сызбанұсқасы бойынша жүреді. Процесс өте күрделі. Нәтижесінде бір молекула глюкозадан субстрат деңгейіндегі фосфорлану нәтижесінде 3 молекула АТФ түзіледі.
С6Н12О6 = С3Н7СООН + 2СО2 + 2Н2 + 20 ккал
Глюкоза май қышқылы
Дәріс №17-18
Тақырыбы: Тыныс алу процесі
Жоспары:
1.Аэробты және анаэробты тыныс алу.
2.Шіру процесінің қоздырғыштары (аммонификаторлар).
3.Нитрификация және денитрификация процестері.
4. Азаттың молекула күйінде сіңірілуі
5.Сульфатты тыныс алу. Сульфатредукциялаушы бактериялар.
6.Карбонатты тыныс алу.
7.Хемоорганотрофтар. Хемолитотрофтар.
Микроорганизмдердің тыныс алуы энергия бөлінетін органикалық қосылыстар тотығуының биологиялық жолмен жүретін күрделі процесі болып есептеледі. Тыныс алу дегеніміз органикалық заттар электрон-дарының молекулалық оттегіне берілу процесі, яғни тыныс алу кезінде электрондардың акцепторы ролін оттегі атқарады. Тыныс алу түріне байланысты микроорганизмдерді үлкен екі топқа бөледі; аэробты және анаэробты микроорганизмдер.
Аэробты микроорганизмдер молекулалық бос оттек (О2) бар ортада тіршілік етіп, дами алады. Аэробты микрорганизмдер өз организміне енген О2-нің тотығуынан пайда болған энергияны пайдаланады. Олар облигатты аэробтық организмдер және факультативті аэробтық организмдер болып 2 топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |