Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет58/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Темір қосылыстарының өзгерістері. Тірі организмдердің тіршілігі үшін темірдің аз мөлшері де жеткілікті. Табиғатта ол органикалық және органикалық емес түрінде де кездеседі. Өсімдіктер топырақтағы темірдің органикалық емес қосылыстарын тек ерітінді күйінде ғана сіңіре алады. Ал осы процесс табиғатта микроорганизмдер көмегімен жүреді.
Құрамында темір бар органикалык қосылыстар (түрлі ферменттер: каталаза, пероксидаза, цитохромдар, темір-норфирин қосылыстары) микро-организмдер әсерінен ыдырауға ұшырайды. Олардың ішінде бактериялармен қатар актиномицеттер және саңырауқұлақтар да бар. Құрамында темірі бар органикалык заттарды микроорганизмдер қолданады да темір босап шығады, ал аэробты жағдайда ол темірдің гидрат тотығы күйінде шөгеді.
Темірдің тотығуына көптеген микроорганизмдер жанама жолмен де, тікелей де қатысады. Олардың ішінде хемоорганотрофтар да бар. Темірдің органикалық қосылыстарын тотықтырғанда түзілген темірдің сулы тотығы микроорганизмдер клеткасының сыртында жиналып қалады. Мұндай микроорганизмдер көбінесе суда және топырақта көптеп кездеседі.Осымен қатар батпақта, өзендерде, темірі бар жерлерде, көлдерде тіршілік ететін микроорганизмдер де табылды. Оларды темір бактериялары деп атайды.
Бұлар жіпше Leptothrix, Crenothrix, Galionella, Metallogertium туыста-рына жататын бактерия­лар. Клеткалары шынжырша тізбектеле орналасқан, олардың бүйір беттерінде темірдің сулы тотығы жиналады да, бүкіл шынжыршаны жауып тұратын қапшықтар түзеді. Бұл қапшықтар бактерия-лар көбейген сайын қалыңдап, ішіндегі клеткаға темірдің шала тотығы мен оттегі және көмір қышқыл газының енуін киындатады. Осындай қолайсыз жағдайдан құтылу үшін клеткалар ескі жабынын тастап босап шығып, тағы да жаңа жабынға орала бастайды. Бос қалған қапшықтар түсті түнба күйінде ортаға жиналады.
Leptothrixmap екі валентті темірді үш валентті тотықтырады, одан ол темір су­лы тотығына айналады.
4ҒеС03 + 6Н20 + О, = 4Ғе(ОН)3 + С02 + 29каал.
темір оксиді темірдің сулы
нің тұзы тотығы

Жішпе бактериялар суда кейде бос, кейде бір нәрсеге жабысып тіршілік етеді, клеткалары ортасынан кақ бөліну арқылы көбейеді. Galionella туысына Galionella ferrugineae өкілі жатады. .Клеткаларьшда жіпшелері бар, спираль сияқты сабақшада орналасады. Клетканың бірі дөнес, екіншісі - ойыс болып келеді. Дөңестері тіршілік әрекетінде темірдің сулы тотығын бөледі, одан біртіндеп сабақша түзіледі. Сабақша ақуыздан тұрады. Қазіргі кезде xемолитотрофты темір бактерияларьшың бары анықталды. Олар энергияны темірдің шала тотығын тотықтырудан, ал көміртегін көмір қышқылынан алуға бейім. Бұған күкірт тотықтырушы Thiobacillus feroxidans жатады. Мұнда энер­гия аз түзіледі де, күкірт қышқыл темірдің шығыны молаяды. Мәселен, бактериялардың тікелей алғандағы 1 г биомассасын түзу үшін олар 500 г күкірт қышқыл темірді қолдануы қажет.


Соңғы жылдардағы зерттеулер табиғатта темір тотығының жиналуына фототрофтылардың, солардың ішінде цианобактериялардың қабілетті екенін анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет