Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет73/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Орта реакциясы. Химиялық факторлардың ішінде орта реакциясының айта қаларлықтай маңызы бар. Шынында ортаның қышқылдығы немесе сілтілігі ертіндідегі бос күйіндегі кездесетін сутегінің және гидроксил иондарының концентрациясына байланысты. Соларға байланысты клеткадағы ферменттердің әсері де өзгереді, зат алмасу процесі де тұрақты болмайды. Микроорганизмдер белгілі бір дәрежедегі қышқыл не­месе сілтілі ортада көбейіп, дами алады. Көптеген бакте­риялар үшін ең қолайлы орта нейтралды немесе шамалы сілтілі, ал зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтар үшін шамалы қышқылды орта қолайлы. Орта реакциясы рН таңбасымен белгіленеді. Егер (рН>7) жетіге жетпегенде қышқыл ортада тіршілік ететін микроорганизмдерді ацидофильдер, ал егер рН көрсеткіші жетіден жоғары (рН<7) сілтілі ортада тіршілік ететін микроорганизмдерді алколофильдер, рН=7 бейтарап ортада тіршілік ететін микроорганизмдерді нейтрофильдер деп атайды.
Егер орта реакциясы оптималь болмаса, бактериялардың тіршілігі тежеледі. Мәселен, сүрлемдегі сүт қышқылы бактериялары ашу барысында ортаны қышқылдандырады. Бұл кезде шіріту бактериялары тіршілік ете алмай, қырылып қалады. Бұдан кейін ортадағы рН керсеткіші одан әрі төмендегенде алдымен сүт қышқылы стрептококтар, кейіннен таяқша тәрізді бактериялар қырылады. Кейде ортаның реакциясын өзгерту арқылы ашу процесінің бағытын да өзгертуге болады.
Лабораториялық жағдайда микроорганизмдер үшін қоректік орта даярлауда рН көрсеткішінің зор маңызы бар. Мәселен, ауру қоздырушы патогенді бактериялар үшін рН мөлшері 7,0-7,6, ал саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтары үшін 3,0-6,0 шамасында болуы тиіс. Микроорга-низмдердің споралары, олардың вегетативтік клеткаларына қарағанда, орта реакциясының өзгеруіне төзімді келеді. Кейбір микроорганизмдер тіршілік әрекеті кезінде түрлі органикалық қышқылдар түзеді. Бірақ осындай қышқыл ортада басқа қолайсыз факторлардың әсері күшейе түседі. Мәселен, қыздырған кезде белоктар көбінесе қышқыл ортада тезірек ұйыды.
Микроорганизмдерге биологиялық факторлардың әсері. Табиғат жағдайыңда микроорганизмдер тек ортаға әсер етіп қоймай ортамен өзара белгілі бір қарым-қатынаста болады. Кейде бір микроб екінші микробтың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай қүбылысты симбиоз деп атайды. Кейде осы құбылыс микроорганизмдер үшін қажет те. Мәселен, май кышкылы ашу процесін қоздырушы анаэробты микроб - клострядиум пастеурианум аэробты бактериялармен өте жақсы симбиозда болады. Аэробты микроорганизмдер мұңда ортадағы оттегін қабылдайды және анаэробты микроорганизмдердің тіршілігі нәтижесінде пайда болған зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Сөйтіп, олардың дамуьна қолайлы жағдай туғызады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактериялары көміртекті және минералдық заттармен қоректендірсе, олар ауадан азотты сіңіре отырып, өсімдіктерді азотпен камтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз осімдіктер мен саңырауқұлақтар арасынан кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды.
Табиғатта микроорганизмдердің бір тобы екінші тобына қорғаныш болу арқылы тіршілік етеді. Бұған көптеген сап­рофит микроорганизмдердің, жануарлар мен адамдардың ішектерінде (ішек таяқшасы) және терісінің сыртында (коккобактериялар) тіршілік ететіні мысал бола алады. Осындай тіршілік иесін комменсализм деп атайды.
Табиғатта кейде микроорганизмнің бір түрі өздерінің тіршілігі барысьнда микроорганизмнің екінші түрінің дамуына аса қолайлы жағдай жасайды. Мәселен, көптеген сапрофит микроорганизмдер белокты пептонга, амин қышқылдарына және басқа жай қосылыстарға ажыратады.
Бұл заттарды нитрлендіруші бактериялар пайдалана отырып, азот қышқыл аммоний тұздарына айналдырады. Бүл өсімдіктер үшін өте қажетті қоректік зат болып табылады. Дәл осыңдай құбылыс азотобактер мен клетчатка ыдыратушы микроорганизмдер арасында да болады. Азото­бактер ауадағы атмосфера азотын байланыстыру үшін азотсыз органикалық заттарды кажет етеді. Ал олар клетчатканы ыдырата алмайды. Клетчатка ыдыратушы бакте­риялар клетчаткадан түрлі органикалық қышқылдар түзеді. Азотобактер бұл қышқылдарды одан әрі тотықтыра отырып, өз денесіне азот жинайды. Осымен бірге клетчат­ка ыдыратушы микроорганизмдердің одан әрі тіршілік ете беруіне қолайлы жағдай жасайды. Міне, мұны метабиоздың қарым-қатнасы немесе тіршіліктің мұндай түрін муту­ализм деп атайды.
Микробтың бір немесе бірнеше түрлерінің ынтымақтасып тіршілік етуін синергизм деп атайды. Бұган азо­тобактер мен Вас. mycoides микробтарыньң бірлесіп, өсімдік тіршілігіне кажетті өсуін жеделдетуші заттарды түзуі мысал бола алады: азотобактер жеке өзі тіршілік еткенде қоректіқ ортада 173 мт-ға дейін гетероауксин түзсе, Вас. mycoides пен біріккенде оның мөлшері -220 мг-ға жетеді.
Кейбір жағдайда микробтардың бір тобының тіршілік әрекеті барысында пайда болған заттар екінші тобына қолайсыз әсер етеді, кейде оларды қырып та жібереді. Мұндай қүбылысты антагонизм деп атайды. Антагонизм құбылысын 1887 жылы Л. Пастер ашқан болатын. Ол мұндай құбылысты топалаң таяқтасы мен шіріту бактериялары арасынан байқады. XIX ғасырдың аяғьнда атақты орыс ғалымы И. И. Мечников сүт қышқылы бактериялары мен шіріту бактерияларының арасында осындай құбылыстың болатыньн тапты. Сондықтан ол сүт қышқылы бакте­риялары қатысуымен жасалатын сүт тағамдарын тұрмыста кеңінен қолдануды насихаттады.
Антагонизм баска бактериялардың арасында да кездеседі. Мұны биология тұрғысынан қарағанда, табиғаттағы сұрыптау процесін реттеуді факторлардың біреуі деп қарауға болады. Антагонизм құблысын зерттеу барысында көптеген бактерияларды жойып жіберетін заттар алынды. Оларды антибиотиктер (гректің «анти» - қарсы, «биос» - тіршілік деген сөзінен шыққан, яғни тіршілікке, өмірге карсы заттар) деп атайды. Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқұлақтар да бөледі. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бүл жағдайда олар бактериостатикалык әсер етеді, кейде антибиотиктер микробтарды қырып жібереді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды.
Антибиотиктер әр қайсысы жеке микробтарга ғана әсер етеді. Бактерияларға қарсы антибиотиктер ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға әсер ете алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет