Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет76/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Пенициллин- пенициллум зең саңырауқұлағынан алынған. Ол көпте-ген стрептококктарға, стафилококктарға күшті әсер етеді. Таяқша тәрізді микробтар мұның әсеріне төзімді келедІ. Оны қазір медицинада, ветерина-рияда кеңінен қолданады.
Стрептомицин- актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяқшасы-ның тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге қолданы-лады.
Грамицидин- топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын таяқша тәрізді бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына қарсы қолданылады.
Биомицин- актиномицеттің бір тобынан алынған. Бұл да жануарлар мен адам ауруын емдеуге қолданылады.
Дәріс №29-30
Тақырыбы: Вирустар. Вирусология негіздері.
Жоспары:
1.Вирустардың ерекшелігі мен шығу тегі.
2.Вирустардың құрылымдық ұйымдастырылуы.
3.Вирустардың химиялық құрамының ерекшеліктері.
4.Вирустарды өсіру

Вирустар туралы ілімді - вирусология деп атайды. Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында 1892ж. темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Вирус алғашында улы сұйықтықтың сүзгісінен өткіш деген атауға ие болды. Голландиялық микробиолог Мартин Бейеринк 1898 ж. Д. И. Ивановскийдің тәжірибесін қайталап, ол да осындай нәтиже алды, осы темекінің теңбілі (мозаика) ауруының қоздырғышына ол «сүзгіден өткіш вирусты сұйықтық» деп атау берді. М. Бейеринк 1899 жылы ғылымға 1898ж. вирус ұғымын енгізді. Неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын ғылыми түрде анықтады, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады


Құрылымдық сипаты бойынша вирустардың едәуір айырмашылығы бар екі түрін ажыратады:

  1. жасушадан тыс орналасқанын - вирион,

  2. жасушаішілігін - вирус деп атайды.

Вирустарды электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет