Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет9/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Бақылау сұрақтары:

  1. Микробиология пәні және оның биология саласындағы пәндерінің арасындағы алатын орны.

  2. Медицина және тағам өндірісіндегі микроорганизмдердің ролі

  3. Ауыл шаруашылығы микробиологиясы.

  4. Өздігінен пайда болу концепсиясын Л.Пастердің теріске шығуы?

  5. Р.Кохтың ашқан жаңалықтарын айтыңыз?

  6. Архебактериаларды кім ашты?



Дәріс №3-4
Тақырыбы:Микроорғанизмдерді зерттеу әдістері және микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталар


Жоспары:
1.Жарық микроскоптарының әртүрлілігі: қараңғы, фазалы-контрастты, люминисцентті. Электронды микроскопия.
2.Тірі және қақталған (фиксацияланған) нысандарды зерттеу. Бояу әдістері.
3.Қоректік орталардың кұрамы мен физикалык күйінің негізгі типтері.
4.Қоректік орталарды дайындау жолдары
5.Микробиологияда қолданылатын залалсыздандыру әдістері.

Микроорганизмдерді оптикалық прибор - микроскоптың (грек.: «micros» - кішкентай, «scepeo» -көремін) көмегімен көруге болады. Мақса-тына байланысты әртүрлі микроскоптарды пайдалануға болады: жарықтық, түйнек-айдынды, фазалы-контрастты, қараңғы, люминисцентті, электронды микроскопиялау.


Қараңғы жазықты микроскопиялық әдіс. Бұл әдіс әлсіз боялатын микроағзаларды, түссіз спирохеталарды және өлшемі кіші микроағзаларды зерттеуде қолданылыды. Қараңғы жазықты әдісте бүйірлік жарық пайда-ланады. Қараңғы жазықтық арнаулы конденсор, параболоидты қолдану салдарынан пайда болады.
Қараңғы жазықтықта зертеу жұмыстарын жүргізу үшін жарық микроскопы пайдаланылыды, ондағы конденсорды арнаулы конденсормен (параболоидпен), яғни ортасында қаранғыланған бөлімі бармен алмастырады. Зерттеуге арналған препаратты жұқа қабаттан тұратын «жаншылған тамшы» түрінде дайындайды. Препарат пен конденсор арасына, конденсордың жоғарғы линзасына, кедр майын тамызады. Конденсорды жоғары және төмен түсіру арқылы өзіне қажетті жазықтықты таңдайды.
Фазалы-контрастылы зерттеу әдісі. 1934ж. Голландия физигі Цернике, көрінбейтін фазалы бейнелерді көрінетін контрастылы тербелгіш нысандарға айналдыратын фазалы-контрастылы қондырғыны ұсынды. Қондырғы сақиналы диафрагмадан және объективтер жиынтығынан тұрады. Объективтер ішінде сақина тәрізді фазалы пластинкалар орналастырады. Бұл әдіс арқылы нысандарды толығырақ зерттеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет